Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 163 қаралым

Тілінде ауыр кемістігі бар балалардың танымдық қабілеттерін психотерапия әдістері арқылы дамыту

0

Жандарбекова Нұржамал Жақыпбекқызы

Оңтүстік Қазақстан Облысының Білім, Жастар саясаты және Тілдерді дамыту басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған Облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологы, Түркістан қаласы

Мақсаты: Балаларды психотерапия әдістері арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. Түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Баланың бойында әртүрлі өнер, шабыт болады. Әр баланың қызығушылығы да әр түрлі, әрі бейімділігі де әрқалай келеді. Балалардың танымдық қабілеттері де әртүрлі. Танымдық қабілеттерді дамытуға психотерапиялық әдістердің маңызы зор.

Арттерапия

Арттерапия – (арт – өнер, аrtterapy – өнер арқылы терапия жүргізу) адамның психоэмоциялық халіне шығармашылық арқылы әсер ету және емдеу мағынасын білдіреді. Арттерапия өнерге бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылған бөлімі.

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хилл туберкулез ауруына шалдыққандар санаториясында емделушілердің көңіл- күйлерін көтеру жұмысында қолданды. Кейіннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия және т.б.) қолданыла бастады.

Аутогендік терапия (аутотренинг)

1932 жылы неміс психотерапевті И.Щульц енгізген. Емделушіні бұлшық ет релакциясына, өзін-өзі иландыруға, көңіл мен күшін бір жерге шоғырландыруды дамытуға, субъекті үшін маңызды белсенділігін бақылау білігін көздейтін психиканың емдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі сендірудің психотерапевтік әдісі. Әрбір педагогке педагогикалық іс-әрекеттің қатты ширығуын төмендететін аутотренингтің әдістерін меңгеру қажет.

Библиотерапия

Балаға, кітап оқу арқылы оның сезіміне әсер етуге арналған әдіс. Әдеби шығармалар кейіпкерлерімен бірге балалар белгілі бір эмоциялық күйлерді басынан кешіреді, күрделі жағдаяттардан шығу тәсілдерін көреді, бұл олардың әлеуметтік құзыреттілігін кеңейтеді, оларға қоғамда өмірдің нормалары мен ережелерін табысты меңгеруге мүмкіндік береді.

Топтық терапия

Топтық психотерапия – топта емдеу және адамның физикалық және психикалық сәттілігі үшін тұлғааралық өзара іс-әрекеті.

Хромотерапия

Хромотерапия (грек: chroma (түс) + therapeia (күтім, ем)) – бұл жарық пен түстің көмегі арқылы адам ағзасына өзара әрекет етуді алдын алу және емдеу әдісі. Хромотерапия жарық пен түспен емдеудің байланыссыз әдісі екендігін және оның тиімділігін ғылыми тұрғыда дәлелденген. Оның негізі мынада, яғни жарық электромагниттік сәуле бола тұра, ткань арқылы өтіп, қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Барлық түстің сол немесе басқа ақпараттан тұратын өзіндік сәулеленуі болады. Сәйкес келетін түстің қандай да бір ішкі ағзаға өзара әрекеті шипа болуы мүмкін. Хромотерапияны тек физикалық емдеуге ғана емес, психикалық ауруға шалдығуда және бұзылыстарды емдеуде де қолдануға болады.

Құм терапиясы

Құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алғашында құммен сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік, себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі.

Құм терапиясы арқылы жемістердің суретін салу. Әр бала құмның бетіне өзінің ұнатқан жемісінің суретін салып, ол жемістің ерекшелігін атап береді. Салған жемістеріне тақпақтарын айтады.

Арттерапия (сурет салу) арқылы танымдық қабілетін дамыту.

Би терапиясы арқылы қимыл- қозғалысты дамыту.

Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше игеру қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.

Жүктеп алу

 

Leave A Reply