Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу байқауының ережесін жүктеп алыңыз | Скачайте положение конкурса Психолого-педагогическое сопровождение одаренных детей
«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ»
республикалық қашықтық байқауы
Өткізу мерзімі: 2022 ж. 1 наурыз – 31 наурыз
Байқауды ұйымдастырушы:
· “Қызықты психология” республикалық ғылыми-практикалық журналы.
Байқау мақсаты:
· Дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуға бағытталған үздік психологиялық шешімдерді басылым оқырмандары мен мамандар арасында кеңінен тарату.
Міндеттері:
· Оқушылардың шығармашылықты, прогрессивті, стандартсыз ойлау қабілетін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеу бағдарламаларын анықтау;
· Білім беру саласындағы дарынды балаларға арнайы мүмкіндік жасау жағдайларын қарастыруға бағытталған шаралардың жүзеге асуына ықпал ету.
Қатысушылар:
Байқауға Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінің, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер, түрлі типтегі мектептер, психологиялық-медициналық-әлеуметтік орталықтар, психологиялық қолдау орталықтары, әлеуметтік-психологиялық бейімдеу, колледж, ЖОО, қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиешілері, педагогтері, әлеуметтік педагогтері, педагог-психологтері, психологтері, әдіскерлері, сынып және топ жетекшілері, тәрбие ісінің меңгерушілері қатыса алады.
Байқауға келесі номинациялар бойынша жұмыстар қабылданады:
Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағытындағы:
· Теориялық және практикалық мағлұматтар;
· Ғылыми-тәжірибелік (жетекшілік) зерттеу жұмыстары;
· Психодиагностикалық әдістемелер;
· Психологиялық тренингтер, жаттығулар, ойындар;
· Психотерапиялық жұмыстар (ертегі, құм, арт-терапия т.б.);
· Психологиялық кеңес;
· Ата-аналармен жұмыс;
· Педагог мамандармен жұмыс;
· Семинар, дөңгелек үстел, акциялық іс-шаралар
Байқауға қатысу тілі: қазақ және орыс.
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
· Жұмыс Microsoft Word бағдарламасында терілуі, негізгі мәтін қарпі Times New Roman, қарпінің мөлшері 12 пт, жол аралық интервалы бір болуы қажет.
· Ұсынылатын материалдарға жас ерекшелік және тақырыптық шектеулер қойылмайды.
· Жұмыс мазмұны байқауға қатысушының жұмыс жүргізу тәжірибесі бар әріптестері қолдана алуы үшін анық және түсінікті тілмен жазылуы керек.
· Қай жерде, қалай және қаншалықты жемісті өткізілгені туралы жұмыс ішінде мәтінмен (мысал ретінде өз тәжірибесімен бөлісу) немесе jpg форматтағы суреттермен көрсетілуі тиіс.
· Жіберілетін жұмыстың ішінде: байқау атауы; жұмыс атауы; автордың толық аты-жөні; қызмет орны көрсетілуі қажет.
· Қатысушы жіберетін файлдың атауында қатысушының тегі, аты, жұмыс атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (мысалы: Асқарова Жамал_Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу байқауына).
Сайыс әділқазылары
· Cайыс әділқазылары ұйымдастыру комитетінің отырысында бекітіледі.
· Әділқазылар құрамына кәсіби психологтар, білім мен ғылым салаларының мамандары кіреді.
· Сарапшылардың соңғы шешімі талқылауға жатпайды.
Жеңімпаздарды марапаттау:
· Байқау нәтижесі 2022 ж. 10 сәуірге дейін шығады.
· Барлық қатысушыларға электрондық қатысушы сертификаты беріледі;
· Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі электрондық дипломмен марапатталады.
· Үздік жұмыстар Республикалық ғылыми-практикалық, танымдық-психологиялық «Қызықты психология» журналында және ресми сайтында жарияланады
Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысуға үміткерге себебін түсіндірмей қатыстырмауға құқылы. Ұйымдастыру алқасы байқауға қатысуға үміткерлермен, жеңімпаздармен хат жазыспайды.
Ұйымдастыру жарнасы: 2700 тг.; жарияланым куәлігін ресімдеу – 2100 тг.
Ұйымдастыру жарнасы байқауды ұйымдастыруды техникалық қамтамасыз етуге (дипломдарды, сертификаттарды, алғыс хаттарды толтыру) және сарапшылар жұмысының еңбекақысын төлеу үшін қарастырылған.
Ұйымдастыру жарнасын төменде көрсетілген банк есепшоттарының біріне аудару керек:
ЦентрКредит банкінің төлем картасы
IP Uilesim Trening Ortalygy
ЖСН: 770104450037
ДСК KZ878562204107190165
Карта номері 5104 4559 0446 6976
«ЦентрКредитБанкі» АҚ Астана қалалық филиалы
БСК KCJBKZKX
БЕК 19 ТТК 859
Төлем мақсаты: сайысқа қатысу үшін
Байланыс: хат алмасу үшін, өтінімді, жұмысты, ұйымдастыру жарнасы туралы төлемді растау түбіртегін жіберу үшін қолданылатын электрондық пошта konkurs@artpsy.kz
Телефон +7 7172 420589, +7 777 146 1414.
Республиканский дистанционный конкурс
«ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ ОДАРЕННЫХ ДЕТЕЙ»
Cроки проведения конкурса: с 1 по 30 марта 2022 г.
Организатор: Республиканский научно-практический, познавательно-психологический журнал Қызықты психология.
Цель конкурса:
· Выявление и распространение лучших практик, направленных на поддержку одаренных и талантливых детей для широкого круга читателей.
Задачи конкурса:
· Психолого-педагогическое сопровождение творческих, прогрессивно, нестандартно мыслящих детей;
· Способствовать реализации мер по созданию специальных условий для успешного обучения одаренных и талантливых детей.
Участники:
· В Конкурсе могут принять участие воспитатели, педагоги, психологи, социальные педагоги, методисты, класные руководители, заведующие по воспитательной части образовательных учреждений, в том числе дошкольных учреждений, школ различного типа, колледжей, университетов, психолого-медико-социальных центров, центров психологической поддержки, социально-психологической адаптации, учреждений дополнительного образования, расположенных на территории Республики Казахстан.
На конкурс принимаются работы по следующим номинациям:
1. Теоретические и практические материалы;
2. Научно-практические экспериментальные работы;
3. Психодиагностические методики;
4. Психологические тренинги, упражнения, игры;
5. Психотерапевтические работы (сказки, песок, арт-терапия и т.д.);
6. Психологические консультации;
7. Работа с родителями;
8. Работа с педагогами:
9. Семинар, круглый стол, акции.
Языки участия в конкурсе:
· казахский и русский
Требования к конкурсной работе:
· Нет никаких возрастных и жанровых ограничений.
· Материалы в программе Microsoft Word должны быть выполнены, отпечатаны Times New Roman шрифтом 14 пт, межстрочный интервал должен быть один.
· Продолжительность видеоматериала не должна превышать 5 минут и 150 мгб;
· Фотографии и рисунки должны быть выполнены в формате jpg;
· Содержание конкурсной работы должно быть написано ясным и понятным языком, чтобы ваши коллеги могли их использовать в своей работе.
· Оформление работы должно быть выполнено в следующем порядке: название конкурса; название работы; фамилия, имя, отчество автора (полностью), должность и место работы.
· Сам конкурсный файл должен быть назван фамилией, именем и наименованием работы участника (например: Аскарова Жамал_Конкурс Психолого-педагогическое сопровождение одаренных детей)
Жюри конкурса:
· Жюри конкурса по номинациям утверждается на заседании оргкомитета.
· В состав жюри входят профессиональные психологи, работники образования и науки.
· Решение экспертов является окончательным и не подлежит обсуждению.
Награждение победителей:
· Результаты конкурса будут объявлены до 10 апреля;
· Все участники конкурса получают электронные сертификаты участника;
· Победители будут награждены ДИПЛОМАМИ I, II, III степени.
· Лучшие работы будут опубликованы в печатной версии и на сайте Республиканского научно-практического, познавательно-психологического журнала «Қызықты психология».
Оргкомитет может отказать в участии в конкурсе претенденту без объяснения причин. Оргкомитет не вступает в переписку с претендентами, участниками и победителями.
Оргвзнос за участие в конкурсе составляет – 2700 тг.; оформление свидетельства о публикации 2100 тг. Оргвзносы участников необходимы для частичного покрытия расходов на техническое обеспечение конкурса (оформление дипломов, сертификатов, благодарственных писем для всех участников) и на оплату работы экспертов оценивающих проекты.
Реквизиты для оплаты оргвзноса:
Платежная карта Банка ЦентрКредит
IP Uilesim Trening Ortalygy
ИИН: 770104450037
ИИК: KZ878562204107190165
Номер карты: 5104 4559 0446 6976
АО Банк «ЦентрКредит» филиал г.Астана
БИК KCJBKZKX
ИИН 770104450037
КБЕ 19
КНП 859
Назначение платежа: за участие в конкурсе.
Контакты для переписки, отправки заявок, работ, подтверждения оплаты изготовления сертификатов, свидетельств, дипломов используется электронная почта. Вопросы по организации и проведению конкурса: +7 7172 420589; 8 777 1461414.
E-mail: konkurs@artpsy.kz