Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

219 қаралым

Жайсыз отбасылармен жұмыс атқарудағы әлеуметтік педагогтарға арналған жадынама

0

Кадыржанова Айсулу Жумапиевна
Әлеуметтік педагог
Атырау облысы Атырау қаласы
№34 көп салалы мектеп-гимназия

Жайсыз отбасылармен жұмыс атқарудағы әлеуметтік педагогтарға арналған жадынама

1.    Көтеріңкі көңіл-күйің болмаса тәрбие мәселесін шешуге асықпаңыз.
2.    Отбасынан өзіңіз нені қажет ететініңізді анықтап алыңыз. Отбасы ол туралы қалай ойлайтынын, Сіздің мақсатыңыз отбасының мақсаты екенін түсіндіре біліңіз.
3.    Бәрін өз мойныңызға алмаңыз. Отбасы өз мәселелерін шеше алатындай болса, араласпаңыз, бірақ алыстан бақылаңыз.
4.    Ата-ананы оқытпаңыз. Олар ондай оқуларды жақтырмайды, оларға тек жолдарын көрсетіңіз.
5.    Отбасындағы кішкентай жетістіктерін байқасаңыз отбасына мақтау сөз айтудан шектелмеңіз.
6.    Егер қателіктері болса, оны айтуға жасқанбаңыз түсіндіріңіз, тағы да уақыт беріңіз.
7.    Ата-анаға сенетініңізді, дұрыс жолды табатынына сенетініңізді іркілмей айтыңыз.
8.    Сіз өзіңізге сеніңіз, Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, тек шыдамдылық танытыңыз.
9.    Отбасына келгенде тәрбиелеуге келгеніңізді білдірмеңіз. Әңгімені алыстан бастауға тырысыңыз. Бірінші рет барып тұрып баласының кемшілік жақтарын бетіне баспаңыз. Кемшіліктерді ата-ананың өзі айта бастағанын күтіңіз. Ол үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болатынын айтып түсіндіріңіз.
10. Бар жақсылық уақытында келетінін ұмытпаңыз. Сіз әлеуметтік педагогсыз. Сіз көптеген категориядағы отбасыларымен тіл табысып сөйлесе аласыз, көмектесе аласыз. Сіздің басты ерекшелігіңіз осында. Өзіңізге өзіңіз сеніңіз, мақсатқа жетпей қоймаңыз, табандылық көрсетіңіз.
11. Сізге сәттілік тілеймін ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ.

Leave A Reply