Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

263 қаралым

«Тұжырымдар» жаттығуы

0

Тұжырымдар

Тұжырымдарды қолдану

Төменде берілген сөйлемдерді оқып шығыңыз да, ішінен сізге қатысты деп ойлаудың өзі қиын тұжырымды/дарды көрсетіңіз.

Қайтадан бір оқып шығыңыз да бар жан-тәніңізбен қолдай алмайтын әр тұжырымды атаңыз.

Күмәнмен қараған тұжырымдардың ішінен біреуін таңдап алыңыз да: неге? деген сұрақ қойыңыз.

Өз ойыңызды жазыңыз. Қиялыңызға ерік беріп, өткенге оралыңыз да, өзіңізге нық сеніммен қарай алмайтыныңыздың себебін анықтауға тырысыңыз. Кімнің даусын естіп тұрсыз? Сізге нұсқап қандай сөз айтылып жатыр? Қандай сұлбаларды көріп тұрсыз? Ым-ишаралары қандай?

Өзіңе нық сенімді болу басқалардың сізді қаншалықты қолдауына/қолдамауына тікелей байланысты.

Жағымсыз тұжырымдарды жағымдыға алмастыру оңайға соқпайды, алайда сіз мұны өзгертуге болатынына сенсеңіз, ерте ме кеш пе, өзіңізге сенімділікке жетесіз.

Тұжырымдар

  • Мен — бұл мен, бұл әлемде дәл мен сияқты ешкім жоқ.
  • Мен бірегеймін.
  • Мен өзіме қатыстының: денеме және оған қатыстының бәріне иемін.
  • Мен санама, оның ішінде өз ойларыма, түсініктеріме де өзім иемін.
  • Өз көзіме, оның ішінде көзіме көрінген объектілердің бейнесіне де өзім иемін.
  • Олар жағымды, жағымсыз болса да өз сезімдеріме өзім иемін. Біреуі ұнауы, келесісі ұнамауы мүмкін, бірақ олар менікі.
  • Мен өз аузыма, одан шыққан жақсы, жаман, жағымды, жағымсыз сөздерге де өзім иемін.
  • Қатты, ақырын шыққан өз даусыма да өзім иемін.
  • Басқаларға да, өзіме де қатысты әрекеттеріме де өзім иемін.
  • Өз қиялыма, арманыма, үмітіме, қорқынышыма да өзім иемін.
  • Өз салтанатыма, жетістіктеріме, сәтсіздіктерім мен қателеріме де өзім иемін.
  • Өзіме өзім толық ие болғандықтан, мен ақыр соңында өз қызығушылығымды жүзеге асыру үшін өзімді танып, қолдана аламын.
  • Мені әрі-сәрі күйде қалдыратын және мен білмейтін көп нәрселер бар. Алайда менің өзіме деген ықыласым түзу болғандықтан түрлі бас қатырғыларды шешу үшін батыл әрекет етіп, шешім іздеймін және сол арқылы өзімді тереңірек тани аламын.
  • Сырт келбетім қандай болса да, даусым қалай шықса да, нені айтсам да, жасасам да, қай сәтте нені сезінсем де ол қайталанбайды, маған ғана тән.
  • Сырт келбетім, дауысым қандай болды, не айттым, не істедім, не ойладым, не сезіндім деп ойлағанда, ішінен керек емес деген кез-келгенін ысырып тастай аламын. Лайықты деп санаған нәрсені ғана есте сақтаймын. Ысырып тастағанның орнына жаңа дүниені ойлап табамын.
  • Мен көремін, естимін, сеземін, ойлаймын, айтамын, жасаймын. Өзімді аман алып қалуға, басқаларға жақын болуға, өнімді болуға, басқа адамдар мен заттардан мән-мағына алуға қажетті құралдарым бар.
  • Мен өзіме иемін, демек мен өзімді өзгерте аламын.
  • Мен — ол мен, мен жақсымын.
  • Мен өзіме-өзім барлық қателіктерім мен ағаттықтарымды кешіремін.
  • Мені ренжіткен басқаларды да кешіремін.
  • Мен өз өмірім үшін жауаптылықты өз мойныма аламын және ешбір адам менің рұсқатымсыз шешімдеріме әмірін жүргізе алмайды.

Әдебиет

В.Стюарт. Работа с образами и символами в психологическом консультировании

Leave A Reply