Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

5 108 қаралым

Түстер әлемінде

0

Қайырбаева Айнұр Қаржаубаевна,

«Ұшқын» бөбектер- бақшасы МҚКК педагог-психологы, Майқайың кенті Баянауыл ауданы Павлодар облысы

Мақсаты: Балалардың танымдылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті заттар: Балаларды түстерді танып, айыруға үйрету.

Сабақтың барысы:

1. Балалар бүгін біз түстер әлеміне саяхат жасаймыз. Балалар сендер түстерді айыра аласыңдар ма? Қазір біз кім түстерді айыра алатынын тексеріп көрейік. Суреттерге қараймыз. Балалар біз жемістерді жақсы көреміз бе? Ал жақсы көрсек біз сол жақсы көретін жемістердің түстерін білеміз бе, тексеріп көрейік. Мынау қандай жеміс? Апельсин. Оның дәмі қандай?, Иә, қышқыл- тәтті, ал оның түсі қандай? Сары түсті. Тағы қандай жемістерді білесіңдер? Мынау қандай жеміс? – Алма. Алманың дәмі қандай? Ал түсі қандай? Ал алманың түсі бір түрлі ғана бола ма? Қандай түсті алмалар көрдіңдер? Мынау қандай жеміс? Жүзім. Оның түсі, түрі қандай? Күрең қызыл, домалақ. Оның тағы қандай басқа түстерін, түрлерін кездестірдіңдер? Иә, оның тағы жасыл түстісі, сопақ түрлері де болады.

2. Енді мен сендерге фигуралары бар үлестірмелер таратамын сендер сол үлестірмелердегі дөңгелекті қызыл түспен, шаршыны жасыл түспен, үшбұрыштыны көк түспен бояйсындар.

3. Қазір біз сендермен түстерге байланысты бір ойын ойнаймыз. Мен қазір әр топтың алдарына әртүсті суреттерді беремін, сол заттардың ішіне жылдам- жылдам бірінші топ қызыл түсті суреттерді, екінші топ сары түсті суреттерді, үшінші топ жасыл түсті суреттерді тауып жинап беру керек.

4. Ал енді ортаға шығып «Түстер» ойынын ойнаймыз. Мен қызыл түсті гүлді көрсеткенде сендер билейсіңдер, сары түсті гүлді көрсеткенде жүресіңдер, жасыл түсті гүлді көрсеткенде қатып қаласыңдар.

5. Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Не үйрендіңдер? Енді сабағымызды бір-бірімізге тілек білдіріп аяқтаймыз. Барлығымыз ортада бос жүріп алдынан шыққан балаларға тілек айтасыңдар.

Біздің сабағымыз осымен аяқталды, сау болыңдар.

 

Leave A Reply