Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

5 297 қаралым

Стрестен арылу және эмоцияға берілмеу

0

Ұзынжасова Ақбота Жалғасбекқызы,
Педагог-психолог, «№72 бөбекжай-балабақшасы», Бостандық ауданы, Алматы қаласы

Ұстаздық жолда талай қиналасың,
Қиналасың,артынан жол табасың.
Күтпеген жағдайларға кез боп талай,
Сол жағдайдан шыға алсаң,сыйлы адамсың.

Мақсаты: Педагог-тәрбиешілерді түрлі қиындықтар мен жағдаяттан шығуға ат салысу. Эмоцияға берілмеуге, психологилық жағымды атмосфера қалыптастыруға машықтау.
Әдісі: Топтық, ұжымдық.

«Сәлемдесу»
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, сиқырлы шапканы киіп, бүгінгі көңіл-күйі мен алдағы күндерге тілек айту.

«Релаксация»
Баяу табиғат музыкасы ойналады. Қатысушылар шеңбер болып отырып, ауа райын белгілі бір іс-қимылмен көрсетеді. Қатысушылар алдыңғы адамның арқасына қолы жетерліктей болып жақын отыруы қажет.
Күн ашылды – екі алақанмен арқаны сипалау.
Жаңбыр жауды – сұқ саусақпен арқаны тарсылдату.
Дауыл тұрды – арқаны шымшу.
Жел соқты – арқаны жоғарыдан төмен қарай сипалау.
Бұршақ жауды – жұдырықпен тарсылдату.
Қар жауды – саусақтарды төмен қарай сырғыту.
Найзағай ойнады – екі қолымен жоғарғыдан төмен қарай сырғыту.

«Автобустағы көңіл-күй»
Мақсаты: Қатысушылардың қоғамдық ортадағы эмоциясын және рефлексін тежей білуге дағдыландыру.
Барысы: Қатысушылар автобус ішіндегі кептелістей бір-біріне жабысып, қысылып, тығылысып тұрады. Арасынан жолаушылар өтеді. Аяқты басып, итеріп өтуі керек.

«Кір жуғыш машина»
Мақсаты: Жағымсыз негативтен, эмоциядан арылуға дағдылау.
Барысы: Екі қатарға бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұруы керек. Бір қатысушы киім болып өтеді. Оны тұрған қатысушылар жуады, сипалайды, айналдырады. Кір сыққыш кірді сығады. Құшақтайды, қысады.

«Өнер жұлдыздары»
Екі топқа бөлінеді. Берілген тақпақты түрлі жанрда айтады.
1. Эстрада
2. Дәстүрлі
3. Опера
4. Классика
Аю отыр партада, екі қолы қалтада т.б.
Қорытындылау: Құрметті педагог-тәрбиешілер, әріптестер! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақметімді айтамын. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Leave A Reply