Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 873 қаралым

Отан қорғаушы, отбасының қамқоршысын даярлау мақсатында ер азаматтардың рөлін көтеру

0

Усенова Манар Мадениетовна, 
Тарих пәні мұғалімі, ЖОББ №14 КММ, Жаңатоған ауылы, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы


Сол себепті мектептегі ұстаздардың тәрбие берудегі басты мақсаты: Отаншылдық сезімге тәрбиелеу – ұлттық парызымыз деп, мынадай ұсыныстарды талдасақ:
Ата-ана+сынып жетекші+тәлімгер+құқық кеңесі+дінтану мұғалімі+психолог мектептегі ұйымдар бірлесе отырып атқарып отырған ісі ұрпақ тәрбиесі, ал бұл бағытта мектепте өтетін іс-шаралар бағыт-бағытқа бөлініп ата-ана+мектеп болып жұмыстар жасайды. Мемлекеттік мекемелерде барлық бағытта өскелең ұрпаққа тәрбие мазмұнды іс-шаралармен беріліп, толықтырылып, үздіксіз беріліп келеді.

Негізгі дені аналар көп белсенділік танытып, ат салысатыны баршамызға аян, ал әкелердің тәрбие ісіне, мектепке тарту көптеген факторға, әртүрлі себептермен бір жүйеге қойылмай келеді. Біз ұлттық рух, қазақстандық патриотизм деп, сан алуан бағытта шараларды өткіземіз дәл осы шараларға ер мұғалімдердің /АӘД, Технология, дене шынықтыру т.б./ пән мұғалімдерінің өткізетін: Отан қорғаушылар күні, Ауған жауынгерлерімен кездесу, Ұлы Отан соғысы, спорттық жарыстар өткізілгенде байқағандай оң нәтиже береді. Бұл мектептетегі қамтылған жұмыстар нәтижесіз деген ой емес, айтарым тәрбиенің қай түрі болмасын әкелерді, ер мұғалімдерді көп тарту. Ұлттық рух, қазақстандық патриотизм дегенде үлгі етерлік оқиғалар мен тарихи тұлғалармен қоса қазіргінің батырлары өз ауылыңда да болуы мүмкін. Ер азаматтардың ролін көтеру, дәріптеу бұл ертеңгі белсенді тұлға қалыптастыру, ертеңгі Отанын қорғаушы,отбасының қамқоршысын даярлау.

Ол үшін әкенің орнын анықтау.
Әке – Отан, Әке — қорған, Әке – шежіре, Әке — еңбек. Әке мен еңбек егіз ұғым, ықылым заманнан ер адам отбасын асыраушы рөлінде болған, солай бола бермек. Еңбектің қадірін әкеден артық ешкім түсіндіре алмайды. Ана ұқсатушы, жылулық болса, әке асыраушы, тұрақтылық болған.

Әке – ата- тегіміз, руымыз, намысымыз, қорғанымыз, күні ертең дана атамыз, ақиық данышпанымыз, қамыққанда жігер берер рухымыз, ана құшағы мейірімділік болса, әке құшағы қазақтың дархан даласы, онда ақыл-парасатта мол, жомарттығымен мәрттігі қатар жүрген, қазақтың өзі айтқан қазыналы қариясы осы біздің әкелер, қазақтың әкелері кешегі желтоқсанда қарындасына қамқор болған, отбасын құрғанда жарына сенімді серік болған, бала-шағам деп үндемей жүріп-ақ жетелеп, жеткізген әке, немерелерін жанына ертіп, алып, сол баяғы қоңыр үнімен, жәймен ғана шүйіркелесіп, рахаттанып жүрген ата. Міне біздің қазынамыз, ұлттық рухымыз, айтқан батасы ештеңеге тең келмейтін дана біздің әкелер.

Әкелерді тәрбие ісіне тарту.
Бала тәрбиесінде барлық мүмкіндіктер дұрыс, дегенмен қазір жиі айтылып, қоғамда талқылынып, айтылып келе жатқан әкенің рөлі, әкелерді тәрбие ісіне тарту. Ал бұл жерде айту бір басқа, істі бастау кезек күттірмейді. Ендеше мектептерде әкелер клубын ашу, мақсаты мен жылдық жоспарын құрып мектеппен бірлесіп жұмыс жасау. Жоспарда Құқықтық, салауаттылық, діни, саяси оқулар, пікірсайыстар мен қоса интеллектуалды спорттық, шығармашылық жарыстар өткізіп әкелерді марапаттап, үлгі етіп, ақыл-кеңес алып отырса, біз айтқан ұлт тәрбиесінің қай саласы болмасын біршама өсер еді. Себебі әкелер әр жанұяның асыраушысы, бағыт берушісі, ана мен әке бірлесе отырып, баласының мектептегі тірлігімен таныса отырып тәрбиелесе көп қордаланған мәселелер шешілер ме деген ой. Бұл дегеніміз отбасындағы бала тәрбиесіндегі келіспеушіліктер, жан-жалдар, әлімжеттік, зорлық-зомбылықтың алдын алар еді, өз кезегінде жас әкелердің тәрбиесіне де көп үлес қосар еді. Қазір көп мәселелерде, жағдайларда, семинарларда ана мен әкелер бірге қатысу белең алып келеді. Мектепте өтетін іс-шаралардың бәрі еліміздің саясатын, толеранттылығын, қазақтың құндылықтарын дәріптеумен тікелей байланысты өтеді.

Оқушы мектептен алған тәрбиесін үйінде көрмесе, тәрбие жалғасын таппаса, өмірде келеңсіз жәйттарға тап болып, басқа арнаға тез түсіп кетеді. Үйдегі тәрбие балаға бірден әсер етеді. Әкенің тәрбиесі қазақ отбасында бірден-бір үлгі, кейбір отбасында керек десеңіз-заң. Ал кей отбасында әке жұмыссыз, жалқау, шешім қабылдай алмайтын болса , бұл жерде ана ақылмен тәрбиелемесе ұл болсын, қыз бала болсын не мейрімсіз, жігерсіз тіпті кейде шектен тыс намысшыл болып өседі. Бала әкенің атында, сол әулеттің ұрпағы болатынын кейін түсінседе,қанша жерден жаһандану заманы болсада қазақилықтан алшақ кете алмайтынын кеште болса да түсінеді. Жалпы әкелер бала тәрбиесінен қандай жағдай /уақыт, жұмыс, іс-сапарлар/ болмасын алшақтай алмайды. Отанасының тәрбиесіне риза, алаңсыз болса да тәрбие екеуіне ортақ екеніне көз жетуі тиіс, дәл қазіргі алмағайып заманда жан жүрегімен қолға алуы керек-ақ. Ештен кеш жақсы дегендей тәрбие мектеп+ата-ана формуласымен ғана нәтижесін береді. Бұл дегеніңіз біз бен сіз толыққанды елжанды, отаншыл, жігерлі ұрпақ тәрбиелей аламыз. Мың алғыс сіздерге құрметті ата-аналар. Бала тәрбиесі өте нәзік, ал бала – бақыт, бала – байлық, келешек ұрпақ – Отанымыздың ең басты байлығы.

Ал біздің отаншылдық, патриотизм сезімдерін сіңіру тек сөз жүзінде қалмай, бірлесе дәріптеп, жан-жақты берілер еді.
Нәтижесінде:
Ата-аналар комитетіне әкелердің сайлануы артады.
Мектепішілік іс-шараларға қатысуға уақыт табады, атсалысады.
Балаларының талпынысын, дүниетанымын өз көзімен көреді, өзіндік пікірі қалыптасады.
Өз ұсынысын, ақыл-кеңесін береді.
Балалары үшін уақыт бөледі,бала тәрбиесіне деген көзқарасы өзгереді.
Мектеппен байланыс жасай отырып өздерін де тәрбиелейді.
Отбасына деген құрметі артады.
Әкенің орны айқындалып, ұлттық рухымыз өседі.
Отбасындағы отаншылдық сезім артады.
Ата-аналар саяси- сауатты болады.

Қорытынды: Сондықтан елдің болашағы бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда. “Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар” демекші, ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек деп ата-аналарға алғыс айтумен, насихатталса.
Елбасымыз Н.Назарбаев отандастарымызға арнаған жолдауында еліміздің әлемнің озық елдерімен терезесі тең, жаңа сипатты мемлекет деңгейіне жетуінің маңызды факторларының бірі ретінде патриотизмді атап көрсетті.
Еліміздің елдігін сақтау бағытындағы барлық бағдарламалар өзектілігін жоғалтпай, өміршең болса деген мақсат бар.

Leave A Reply