Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 225 қаралым

«Қош бол, балабақшамыз!» сценарийі

0

Ермагамбетова Шарбану Мынжасаровна, 
Тәрбиеші, Мектеп алды даярлау «Ақкөгершін тобы»,
ЖШС «Балақай» МДҰ «Еркемай», Ақтөбе қаласы

Мақсаты: Мектепке бару – бала өміріндегі ең бір бетбұрысты сәт. Бұл кезде мектепке дейінгі балалық шақ ойындарымен қош айтысып, жаңа өмір есігін ашады. Мектеп табалдырығын аттаған бала жаңа әлеуметтік ортаға түседі де, әрі қарай басқаша тіршілік үрдісін жалғастырады, сондықтан да бала ортаның ерекшеліктеріне дайын болуы керек. Мектепке бару бала өміріндегі шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға,үлкендер мен құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Баланың ойлауы, ойы, сөйлеуі, бақылауы- мектеп дейінгі балаларға ең керегі. Оларды дамытып отыру керек, осылардың жиынтығы баланы жеке тұлға ретінде көрсете алмайды. Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының басты бағыты – бала бойында ізгілік нұрын сеуіп, жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының «Білім «туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты- ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін дамытып және эстетикалық тәрбие беруді дамыту»- деп атап көрсеткен еді. Осыған орай мектепалды даярлық тобы балаларын мектепке даярлауды басты мақсат балаға білім, білік, дағдыларын игеріп қана қоймай қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан-жақты шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру міндеті тұр. Қорыта келе айтатын болсам: Бала тәрбиесі өте күрделі және маңызды іс. Егер ата-ана, балабақша, мектеп, қоғам болып бірлесіп жұмыс жасайтын болсақ, бала болашақ 1 сыныпты нақты, жетік меңгеретін, яғни жақсы оқушы тәрбиелеп шығаруға әбден болады деген сенімдемін.

Кернейлету:
(3 бала залға кіріп тақпақ айтады, балаларды ортаға шақырады.)
1-бала:
Даяна:
Балабақшам бесігім,
Тағы бір той бастайық.
Ашты мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
2-бала:
Аян:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
3-бала:
Саян:
Бізде бүгін той думан,
Ортамызды ашайық.
Қоштасатын кез келді,
Өзіңмен қоштасайық.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Қош бол, балабақшамыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Жас түлектерді хошеметпен ортаға шақырайық.
(Музыка ойналып тұрады. Балалар залға кіріп дефиле жасайды )
1-Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
2-Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! (тақпақтар)

С.Малика:
7- жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Б.Малика:
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз
Жәнібек:
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
Арсен:
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Димаш:
Қызық күндер өткіздік,
Бала бақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік,
Ел мен Отан жайында.

Ән:»Балдырғандар әні»
Көрініс тамшалайық: «Менің жұмыс жасағым келеді»

Би: «Диско биі»
Балапан тобының, Күлімшар тобының балалары сіздерді мектепке шығарып салып,сіздерге ақ жол тілеп келіп тұр. (тақпақтары, биі)

М. Малика:
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймын.
Естелік болсын сіздерге,
Қалам, кітап сыйлаймыз.
(сыйлық тарату.)
Ән: «Отан әні»
Сәнді:
Қуантып әрі, қинайды,
Бақшамнан алыс кеткенім.
Қажет қой бірақ білімнің,
Теңізінен өткенім.
Нурила:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала бақшамен,
Біріншіге барамыз.
Бекжан:

Шәмші:
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,
Қоңыраудың шақырған.
Тәтті әуені, ән думан.
Білім алған бақшадан,
Біз көңілді балдырған.
Хамза:
Шақырады мектепке,
Білім алған бақшадан.
Біз көңілді балдырған,
Шақырады мектепке,
Сыңғырлаған қоңырау.
Алихан:
Бақша біздің анамыз,
Одан білім аламыз.
Тәрбиеші жол көрсетіп,
Биіктейді санамыз.

Самал тобының мерекелік тартуын тамашалаңыздар.
Үнді биі.
Ойын: «шаш өру»(папалармен)
Ән: «Ән салам»
Тақпақтар:
Диляра:
Үлкендердей тап-таза,
Бормен жазып тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Амиржан:
Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Ұмытпас деп ұясын,
Сіздерге арнап ән саламыз.
Талайлы:
Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
О.Амина:
Біз балауса баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынармыз әлі біз.
Заир:
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Ален:
Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызын.
Анамызды ерекше,
Қуантатын күн бүгін.

Би: «Шаттық биі»

Ән:»Тәрбиеші « (Балаларды фрэ степке киіндіру)

Ойын: «Иә. Жоқ» (Балалармен, ата-аналармен.)

Ойын: «Иә, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танертең ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

І-тапсырма
– Біз қай елде тұрамыз? «Отан», «Қазақстан» туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?
– Сендердің ауылдарыңның аты қалай аталады?
– Мектептің аты қалай аталады?
– ҚР рәміздерін кімдер атап береді?
«Елтаңбасы елімнің», «Қазақстанның байрағы»
– Неше жыл мезгілі бар?
– 1 аптада неше күн бар?
– Бүгін аптаның қай күні?
Жарайсыңдар балалар!

ІІ-тапсырма
– Дыбыстар нешеге бөлінеді?
– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
– Дауыссыз дыбыстарды ше?
–Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық )
– Тақтаға өз атын кім жазып береді?
– Мақал-мәтел кім айтады?
– Жаңылтпаштар кім айтады?

III-тапсырма
– 1-ден 20-ға дейін тура және кері санап беріңдер?
– Суреттер бойынша кім есеп құрастырып береді?
– Берілген фигураларды атаңдар?
– Ойын: Сандарды ретімен орналастыр
3 2 7 5 6 4 9 10 8 1

ІҮ-тапсырма: «Өнерлеріңді көрсетіңдер» депті.
Би: «Фрэ степ»
Тәрбиеші:
Қызықтырып өнерге,
Жетелейтін баланы.
Ұстаздары емес пе,
Дамытатын сананы,
Әнші, биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулыған,
Ұстаздары емес пе, Тәрбиеші, ұстаздардың еңбегін бағалап алғысымызды білдірейік. (балалардың алғыс білдіру тақпақтары.)
Алинура, Рустам, Тахмина, Асылай, Аяулым, Нұрасыл, Аяулым, Фатима, Ернар, Азамат, Әлішер.
Ән: «Еркемай»
Тәрбиеші:
Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
(Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау сөз директорға, меңгерушіге беріледі).

Ән:»Көңілді күн»
Тәрбиеші:
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

Ән: «Ақтілек»
2-бөлімі:
Далада:
1. Қоштасу вальсі.
2. Шар ұшыру.
Тәрбиеші:
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Қорытынды:
– Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата-аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

Leave A Reply