Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 762 қаралым

Мерейтой қарсаңында

0

М.Д.Джолдыбаева,

Балабақша директоры, №1«Балдырған» балабақшасы МКҚК, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау облысы


«Бала – біздің болашағымыз» деп әрқашан қадап айтып отыратындай Елбасымыздың айтқаны, мемлекетіміздің ертеңі, тірегі де, сүйенері де, ұрпақтарымыз екені даусыз, деп айтсақ. Осындай 1967 жылы, жарты ғасыр жыл бұрын ірге тасы қаланып, есігін айқара ашқан  балабақшамыз 90 орындық болып ашылған. Нарықтың алғашқы қиындық жылдары дағдарыс тұсында аяғына тік тұрғызу жолында еңбек еткен көптеген азаматтарымыз болды деуге болады. Мысалы: осы балабақшаға еңбегі сіңген, бүгінгі күнде әр балабақшада жұмыс жасап жүрген азаматшаларымыз бар айта кетсек Данилина Зоя Алексеевна еңбек ардагері, Ақмолдина Сәнжан, Тілегенова Алмагүл, Тілегенова Жанна, Абилова Ақбұрыш, Отарова Орал, Қарабалаева Тілектес, Бинеубаева Бөбехан Изгалиева Баян, Шигантаева Оңайша, т.б.

Мен бүгінгі күнде осындай бүлдіршін ұрпақтарымызды тәрбиелеп жүрген өз ұжымымды, балабақшамызға 50 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтағалы отырмын. Мысалы Аз уақыт емес осынша көп жылдық тарихы бар балабақшамызда бүлдіршіндердің алаңсыз өсіп тәрбиеленуіне сіздердің қосқан үлестеріңіз шексіз деп айтар едім. Қиындығы мен қызығын қоса алып жүретін, балаға бала көзбен қарап, балаша күлетін, қашанда сабырлықпен төзімділікті  таныта білетін де сіз өздеріңіз. Бүлдіршіндерге тәрбие беруде еңбектеріңіз үшін ата-аналар құрметіне бөленіп, бірнеше рет Республикадан,облыстан, ауданнан алғыстарға ие болып жатсыздар бұл сіздердің, ұжымның жетістіктері деуге болады. Айта кетсек қызметкерлеріміздің елеулі еңбектерін ескеріп, Облысымыздан, аудан әкімінен, ауыл әкімінен қолдау көрсетіп, бағалап, осы балабақшада еңбек өтілі  20 – 25 жылдан асқан қызметкерлеріміздің еңбектерін елеусіз қалдырмай төсбелгілері мен алғыстарымен марапаттап жатқаны барлық ұжым үшін мақтаныш болды деуге болады. Соның ішінде Маңғыстау облысы білім басқармасынан тәрбиеші Бекталиева Т.Д , Маңғыстау облысы әкімінің атынан тәрбиеші Утебекова Г.Т алғысқа ие болды, Маңғыстау облысы әкімінің атынан Джолдыбаева М.Д Т алғысқа ие болды. Мұнайлы ауданы әкімінің атынан тәрбиеші Есенгулова Б.Қ «Алғыс» алды, Аудандық білім бөлімінің атынан тәрбиешінің көмекшісі Кенджебаева Г.Т «Алғыс» алды.

Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бір қатар маңызды, табысты жыл болды.

Жаңа – жылға қадам баса отырып, береке – бірлігі жарасқан аудан әкімдігіне, ауыл әкімдіктеріне зор алғыс айтамыз.

2017 жылдың еншісінде ауданымыз үшін, балабақшамыз үшін  айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ. Мысалы: Егемендігіміздің 25 жылдығы тұсында Мұнайлы ауданына — 10 жыл болса, балабақшамызға 50 жыл болмақ. Яғни осы жылы №1 «Балдырған» балабақшасының жарты ғасырлық тарихы бар.

Міне осылай барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, таусылмас мол бақыт тілеймін!

Өскелең ұрпақ тәрбиелеудің бастауы сіздерден басталатындықтан сіздер тәрбиелеген әр бүдіршін ер жетіп, еліміздің елеулі азаматтары болсын, еңбектеріңіз жана берсін.

Leave A Reply