Жаназарова Молдир Смаиловна,
Педагог – психолог, Ақдидар балабақшасы, Қапшағай қаласы, Алматы облысы
Тренинг мақсаты: ұжымдық қарым-қатынасты нығайту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші (психолог) ең алдымен бір-бірімен амандасуды ұсынады. Ол үшін екі (сыртқы және ішкі) шеңбер құру қажет. Ішкі шеңбердегі қатысушылар сыртқы шеңбердегілерге бұрылады. Кезек-кезек ұлттық (жапондық, қытайлық, латыштық және т.б.) амандасу тәсілдерін қолданып, соған сай әрекет жасайды.
Талдау барысында әр ұлттың амандасу ритуалдарымен танысады.
«Жұлдыздар» ойыны
Мақсаты: қарым-қатынастағы белсенділікті арттыру.
Әдемі әуен қойылады. Музыка ырғағымен ортада қатысушылар билеп жүреді, жүргізуші 5 жұлдыз десе 5 адам болып, 7 жұлдыз десе 7 адам жиналу қажет. Артық қалған ойыншы ойыннан шығады.
«Алтын орындық» жаттығуы
Мақсаты: қарым-қатынастағы ұқыптылықты ұғындыру.
Қатысушылардан өз еркімен бір адам ортада тұрған орындыққа отырады. Ол адамға барлығы тек жаман қасиеттерін айтады. Ал одан соң ақ орындық деп тек жақсы қасиеттерін айтады. Ойын осылай жалғаса береді.
Талқылау: жаман қасиеттер айтылғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жақсы қасиеттер айтылғанда қандай болдыңыз?
«Кірпі» жаттығуы
Нұсқау. Қатысушылардың бірі кірпіні бейнелейді. Ол орындыққа отырады да, оралып алады. Мысалы: басын тізесіне тығып, көздерін жұмады, өзін құшақтап алады, осылайша топпен сөйлескісі келмейтін бейнені келтіреді. Әрі ол психологиялық тұрғыдан «өзімен-өзі» тереңге кетеді.
Қалған мүшелер кезекпен оралған кірпіні ашуға тырысады. Түрлі әдістер қолданылады: яғни құлаққа сыбырлаудан бастап, түрлі әрекеттерге дейін.
Нәтижелерді талқылау. Егер сіз өзіңізге белгілі барлық әдіс-тәсілдерді қолданып болдыңыз, бірақ кірпі солай жазылмаған күйінде қалса, сіз қарым-қатынаста өзге адамның күйін нәзік сезе қоймайсыз. Мүмкін, кірпіні ойнаған адаммен кері байланысты тудыру үшін, әңгімелескеніңіз дұрыс шығар.
Егер де «кірпі» жазылып, сізбен сөйлескісі келсе, онда адамдармен қарым-қатынаста өте талантты адамсыз. Сізде эмпатия бар (яғни, өзгені интуитивті сезіну) және өзгелерге деген ұқыпты, жылы қатынас бар.
«Екеулеп» жаттығуы
Жаттығудың мақсаты: коммуникативті орын ауыстыру кезінде ішкі құралдарды қалыптастыру.
Психолог топ мүшелеріне екіге бөлінуін ұсынады. Серіктестер иыққа иығын тигізіп 5 минут сөйлесіп отырады, қалған 5 минутта біреуі тұрып біреуі отырып сөйлеседі. Одан соң қарама-қарсы бағытта бір-бірінің көзіне қарап 10 минут отырады. Осыдан кейін өздерінің сезімдерін бір-біріне айтып пікір алмасады.
Соңында жалпы талқылау болады, қайсысы оңай және жағымды болды, қандай қиындықтар болды т.б.
«Соқыр мен жетектеуші» ойыны
Мақсаты: өзге адамға қаншалықты сенуге болатынын сезінуге үйретеді.
Екіге бөлініңіздер. Біреуіңіз көзіңізді байлайсыз, екінші жетектеуші болады. Жетектеуші соқырды үндемей жетектеп түрлі жолдардан өткізеді. Жаттығу біткен соң талқылау болады.
Соқыр болғанда не сезіндің?
Жетектеуші сені ұқыпты алып жүрді ме?
Сен қайда екеніңді білдің бе? Саған қандай рөлде жақсы: сенің жетектегенің бе? немесе сені жетектеген бе?
«Ду қол шапалақ» ойыны
Мақсаты: өзіне деген сенімділігін арттыру.
Өз еркімен бір адам шығып өзін сәнгер секілді немесе әнші секілді сезініп бәрінің алдынан жүріп өту қажет.