Қуанғалиева Гүлзира Сайлауқызы,
Психолог, МКҚК «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы, Алға ауылы, Құрманғазы ауданы, Атырау облысы
Тренинг-сабақтың мақсаты:
Балалардың балабақшадан алған білімін пысықтау;
Балалардың психикалық процестерінің даму деңгейін саралау (зейіні, ойлау қабілеті, сөйлеу, есте сақтауы).
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық құрылғы. (слайдпен жұмыс)
Қатысушы балалар: ортаңғы топ тәрбиеленушілері.
Тренинг-сабақтың жүру барысы:
І. Жылулық шеңбері.
«Күлімдейді күн бүгін,
Күлімдейді маған да.
Күлімдейді күн бүгін,
Күлімдейді саған да.»
Мақсаты: балалардың бойына жылулық беру, көңіл-күйлерін жақсарту.
ІІ. 1-жаттығу «Назар аудар!»
Мақсаты: Баланың зейінін анықтау.
2-жаттығу «Кім? Не? Қандай?»
Мақсаты: Баланың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін анықтау.
3-жаттығу «Түрлі түсті суреттер»
Мақсаты: суреттерді бояу арқылы түстерді ажырата білуге үйрету.
4-жаттығу: «Есіңде сақта!»
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін анықтау.
Ертегілер еліне саяхат. «Түлкі мен қоян»
Ертегі желісі бойынша түлкі қоянның үйін тартып алады. Қоянның үйін өзіне қайтару үшін слайд арқылы берілген тапсырмаларды балаларға орындайды. Тапсырмалар математика пәнінен алынған.
«Достық» ойыны.
Мақсаты: достық ұғымын түсіндіру және достық сезімін ояту.
Қорытынды. Еркін микрофон
Тренинг тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»
Тренинг мақсаты:
1) Агрессиялы және шамадан тыс белсенді (гиперактивті) балалармен жүргізілетін психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
2) Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту.
3) Балабақша педагогтарына агрессиялы және шамадан тыс белсенді (гиперактивті) балалармен жұмыс жасау барысына кеңес беру.
Зерттеу субъектісі: ІІ сәбилер тобы
Зерттеу әдіс-тәсілдері: тренинг, жаттығу, ойын.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру. Жылулық шеңбері
Сергіту жаттығуы
«Орнымыздан тұрамыз, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Қолды белге қоямыз,
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Жоғары қолды созамыз,
Аяқтың ұшында тұрамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.»
І. «Наполеонның тұрысы» жаттығуы
Мақсаты. Балалардың бойындағы агрессияны анықтау.
Нұсқау: Жүргізуші балаларға Напалеон кейпінде тұруды ұсынады. Өзі көрсетеді, содан кейін балалар қайталап жасауы керек. Сол арқылы балалардың зейінін тұрақтандырамыз.
ІІ. «Қызыл, сары, ақ қолдар» жаттығуы
Мақсаты: балалардың зейінін бір арнаға тоғыстыру, педагогтың айтқанын тыңдауға үйрету және тыныс алу жаттығуын жасату.
Нұсқау:
«Қызыл қол» — шулаймыз «А-А-А-А-А-А»
«Сары қол» — сыбырлаймыз «У-У-У-У-У-У-У»
«Ақ қол» — тынышталамыз. (үнсіздік)
ІІІ. «Жанжал» ойыны
Мақсаты: баланың бойындағы ызаны сыртқа шығару, бет-бұлшықеттерін босаңсыту.
Нұсқау: Балалар қолдарын жұдырықтап, тістеніп тұрады. Сол арқылы бойындағы агрессияны сыртқа шығарады.
ІV. «Тоқыма жіпті жинау» ойыны
Мақсаты: баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа шығару және баланың саусақ моторикасын дамыту.
Нұсқау: Балалар тарқатылған тоқыма жіпті жинау арқылы шыдамдылыққа үйренеді, әрі бойындағы ашу-ызаны жіпті тездетіп жинау арқылы сыртқа шығарады.
V. «Ағаш жару» ойыны.
Мақсаты: баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа шығару және баланың елестету қабілетін дамыту.
Нұсқау: Балалар көз алдына елестету арқылы балтаны қолға алып тұрмын деп томар ағашты бар күшімен жарады. Сол арқылы бойындағы жағымсыз эмоциялардан арылады.
VІ. Сергіту сәті.
Мақсаты: балалардың бойын сергіту
«Тербеледі ағаштар, (оңға, солға тербелу)
Алдымнан жел еседі. (екі қолдарымен беттерін жуу)
Кіп-кішкентай балалар (жүресінен отыру)
Үп-үлкен боп өседі.» (қолдарын көтеріп, тұру)
VІІ. «Ақ лақ пен көк лақ» ертегісі бойынша рөлде ойнау.
Мақсаты: балалардың бойындағы жағымсыз эмоциялардан арылту.
Нұсқау: «Ерте-ерте ертеде екі лақ өмір сүріпті. Бір күні екеуі көпірдің үстінде кездесіп түйісіп қалыпты:
«Жол бер!» — деді ақ лақ.
«Жол бер!»- деді көк лақ.
Сөйтіп екеуі ұзақ мүйіздерін түйістіріп тұрып алады.»
Балалар екі-екіден бөлініп, ақ лақ пен көк лақ болып ойнайды. Және сол арқылы агрессияны сыртқа шығарады.
VІІІ. «Кір жуғыш машина» ойыны
Мақсаты: балаларды кинестетикалық қарым-қарым-қатынас (сипап сезу) арқылы бір-біріне жақындастыру, достастыру.
Нұсқау: Балалар түзу бойына сапқа тұрады. Жүргізуші бірінші тұрған баланы киім ретінде машинаға салады. Қалған балалар кір машинасы рөлінде ойнайды, бірінші баланы киім секілді жуады, ең соңғы бала оны сығады.
ІX. «Қағаз умаждау» ойыны
Мақсаты: барлық жағымсыз эмоцияларды қағаз умаждау арқылы сыртқа шығару және одан құтылу.
Нұсқау: қағаз умаждау арқылы жағымсыз күйлерді сыртқа шығару және қағазды шелекке салу арқылы сол күйден мүлдем арылу.
X. «Қыстырғышпен жұмыс»
Мақсаты: саусақ моторикасын дамыту, қолды жазуға дайындау.
Нұсқау: балалар қыстырғыштарды күн тәріздес шеңбер картонға айналдырып қыстырады. Сол арқылы саусақ моторикасын дамытады.
XІ. «Түрлі-түсті макарондардан мойыншақ жасау»
Мақсаты: саусақ моторикасын дамыту, қолды жазуға дайындау және балаларды щыдамдылыққа үйрету.
Нұсқау: балалар қыстырғыштарды күн тәріздес шеңбер картонға айналдырып қыстырады. Сол арқылы саусақ моторикасын дамытады.
XІІ. «Жеміс-жидекпен ат қою» ойыны
Мақсаты: бір-бірін жеміс-жидекпен атау арқылы балалардың көңіл-күйін көтеру және бір-бірін жаман сөздермен балағаттауға болмайтындығын түсіндіру.
Ескерту: балалар бір-бірін жеміс-жидекпен атағанда ренжімеу керектігін ескертеміз.
Нұсқау: «сен алмасың», «сен қарбызсың» т.б
XІІІ. «Мейірімді жануар» ойыны
Мақсаты: балаларды мейірімділікке, достастыққа шақыру.
Нұсқау: шеңберге тұрып қолдарын ұстайды. Шеңбердің ішіне және сыртына қарай кезегімен мейірімді жануар сияқты терең тыныс алады. Соңында әр бала көршісінің жүрегін тыңдап жүрек соғысын бақылайды. Сол арқылы бір-біріне жақындасады.
XV. «Тілек айту»
Мақсаты: жағымды ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: балалар бір-біріне жақсы тілек айтады.
Қорытынды: Бейнеролик «Біреуге жақсылық жасасаң өзіңе қайтып келеді».