Усербаева Гүлбану Әбдіқадырқызы,
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласының №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы КМҚК психологы
Сабақтың мақсаты: шығармашылық қиялдары мен балалардың ұсақ қол маторикасын қалыптастыру. Көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоцияларын қалыптастыру. Балалардың танымдық үрдістерін дамыту. Балалардың қиялын, ой-өрісін дамыту. Адамгершілікке, әдептілікке баулу.
Құрал-жабдықтар: слайд, тапсырмалар, музыкалық сүйемелдеме, макарондар, бұршақтар, түймелер, А3 ақ парағы.
Сабақ барысы:
Балалар залға кіріп, Шеңбер жасап тұрады.
Психолог: Құстар мен күнге қайырлы таң! Қайырлы таң балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Мен өзімнің жылулығымның бір бөлігін сендерге бергім келеді. Қанекей, қол ұстасайық. Сендер менің жылуымды сезіндіңдер ме балалар? (балалардың жауабы)
Ал енеді балалар тек сөзбен ғана емес, қимылымызбен де амандасайық.
Балалар, жылулық шеңберін слайдтағы суреттергше қарап өткізейік.
Слайдтан алақанның суретін көргенде, бір-бірімізбен қол берісіп амандасамыз.
Жүректің суретін көргенде, бір – бірімізді құшақтаймыз.
Күннің суретін көргенде, бір – біріміздің басымызды сипаймыз.
Күлімдеп тұрған қыздың суретін көргенде, бір – бірімізге қарап күлімдейміз.
Жарайсыңдар балалар! Әрдайым көңіл – күйіміз көтеріңкі болсын.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Өйткені «Ғажайыптар еліне саяхатка» барамыз. Саяхатқа барғыларың келеме? Балалардың жауабы: Ия
Олай болса балалар біз қазір мына сиқыр парталынан өтіп – ғажайыптар еліне барамыз.
Балалар сиқыр парталынан өтеді.
Ой балалар, қараңдаршы, біз «Ғажайыптар еліне саяхатқа» келдік. Ғажайыптар елі қандай әдемі, ғажайып балалар. Табиғаты да қандай тамаша, әсем.
Ханшайым келеді: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің «Ғажайыптар еліме» қош келдіңдер! Мен Ғажайыптар елінің ханшайымымын. Ғажайыптар елі балалар сиқырмен, ғажайыптарға толы. Менің әдемі, әсем гүлдерім деп көп балалар. Бірақ балалар менің мына «Сиқырлы гүлім » ашылмай тұр көптен бері. Сендер көмектесесіңдер ме, балалар?
Балалардың жауабы:
Иә, ханшайым уайымдама менің балаларым саған көмектеседі. Сиқырлы гүл ашылуы үшін балалар көптеген тапсырмалар орындауымыз керек. Мен қазір сиқырлы гүлдің қасына барып көрейін қандай тапсырмалары бар екен. Ой балалар қараңдаршы «Сиқырлы гүлдің» тапсырмалары мына СД- дискіде кен. Қанекей қандай тапсырмалар бар екен СД- дискіде.
СД-дискінің бірінші тапсырмасы – айырмашылықтарын ажыратыңдар диді. Балалар СД- дискіде берілген айырмашылықтарын ажырат тапсырмасын суреттерге қарап орындайды.
2 тапсырмасы: Артық заттарды табыңдар.
Балалар берілген суреттердегі артық заттарды тауып, тапсырманы орындайды.
3. Келесі тапсырма: балалар көздерің шаршаған болар, мына: көз жаттығуын орындаңдар. Көз жаттығуын балалар орындайды.
Балалар экрандағы көз жаттығуларын орындайды.
4 тапсырма: Ауыл мен қаланы ажыратып орналастыр.
Балалар тапсырманы орындайды.
Жаттығу: доппен қолға массаж жасау.
Добым добым дөңгелек
Тоқтамайсың дөңгелеп
Оңға бір, солға бір.
Қолдарыңда дөңгелет.
Балалар қолдарына доппен массаж жасайды.
Балалар, жарайсыңдар. Сиқырлы гүлдің келесі тапсырмасы қандай екен көрейік.
Сиқырлы гүлдің келесі тапсырмасы: сиқырлы түймелерден ағаш, ғажайып макарондардан – күн, керемет бұршақтардан – үйдің суреттерің бейнелейміз.
Балалар берілген заттармен тапсырмаларды орындайды.
Жарайсыңдар балалар. «Сиқырлы гүлдің» барлық тапсырмаларын орындадыңдар.
Балалар біздің сиқырлы гүліміз неге ашылмай жатыр.
Қанекей 3-рет шапалақтан көрейікші.
Балалар шапалақтап: сиқырлы гүл ашылады.
Ханшайым: рахмет сендерге балалар, сендер маған көмектестіңдер. Менің бұл сиқырлы гүлімнің ішінде тәтті сиқырлы гүлдерім бар. Сол гүлдерімді алғысым ретінде сендерге тарту етемін.
Рахмен ханшайым. Сиқырлы гүліңізде ашылды. Біз енді балабақшамызға оралуымыз қажет. Балалар ханшайыммен қоштасып балабақшаға қайтайық. Балалар ханшайыммен қоштасады.
Сиқыр парталынан өтіп балабақшаға оралады.
Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық?
Кімге көмектестік?
Сендерге ұнады ма?
Несімен ұнады?
Жарайсыңдар балалар. Сендерге ұнаған болса бүгінгі сабағымын осымен аяқталды.