Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 201 қаралым

Өмір дағдысын қалыптастыру

0

Нигметова Арайлым Айдарбековна,

Педагог-психолог, Нұржау жалпы орта мектебі, Құрманғазы ауданы, Атырау облысы


 

Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндіктерін анықтау; қоғамдағы жарнамаларға қалай қарайтынын білу; өмірдегі қиындық неден шығатынын, еліктеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.

Ұйымдастырылуы:

«Мен және өмір» жаттығуы

Шарты: Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы: «Мен, Айбол өмірде бақыттымын»

дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

«Балалығым бақытым» жаттығуы.

Шарты: Балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшеліктерін қалай түсінетіндігін

тақтаға сурет салу арқылы талқылып айтады.

«Жан дүниемдегі сырымды таба біл»

Шарты: қатысушылар бір-біріне, сол бала жайында өзіне жауап ала алмай жүрген сұрақтарын қою арқылы жауап алып оның сырын аша бастайды.

Ойын бәрі толық сұраққа жауап бергенше жүреді.

«Менің таңдауым» жаттығуы.

Шарты: Оқушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттің бірін жарнамалайды. Ал екінші оқушы сол зиянды әдетке қалай қарайтынын айтады.

«Өмір» жаттығуы.

Шарты: тақтаға «өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр әріпті жеке -жеке талдап беру.

Мысалы: Өмір – өзен, өмір мейірім, өмір – ірге тас, өмір – рахат.

«Өмірге эксперимент» жаттығуы.

Шарты: ыдысқа тас, құм, бұршақ, су сиғызу арқылы әр затты өмірдегі жағдайға қарай талдау.

Мыс: ыдыс – өмір, құм – ұсақ-түйек, бұршақ – кедергілер, су – өмірдің ағысы.

«Релаксация» жаттығуы.

Шарты: психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, оқушылар көздерін

жұмып отырып оны елестетеді.

Терең дем ал, дем шығар, сендер сыныптарыңмен орман ішінде демалып жүрсіңдер.

Алдарыңда жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер, гүлдердің иісі нәзік жұпар,

жұпар, ащы сол гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп ойнап, бірің гүлге қонған

көбелектей ұшып аспанға қалқып, күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріңе мейірім

ұяланып, ал самал жел арқылы өзіңе сенімділік күш жігер еніп, өмірдегі сенімсіздікпен қорқынышты ұмытып, өзіңді өмірдегі бақытты жандай сезініп, бәрің «Біз бақытты баламыз» деп қуанып, бір-біріңе қолдарыңды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қондыңдар. Көздеріңді ашып бір-біріңе күлімдеңдер.

«Тілек ағашы» жаттығуы.

Ойынға қатышушы оқушылар тренинг соңында бір-біріне деген жылы лебіздерін тілектерін жазып осы тілектері орындалсын деген мақсатта тілек ағашына апарып жапсырады.

Қорытынды.

Leave A Reply