Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 484 қаралым

Жақсы көңіл-күйдің бақшасы

0

Сылбырбаева Шолпан Алмағазықызы,

ШҚО Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылы Ғ. Мұратбаев орта мектебінің психологы

Мектеп мұғалімдеріне арналған психологиялық тренинг

Мақсаты: Мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен карым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Қажетті құралдар: суреттер, нақыл сөздер, тренинг ережесі, шар, маркер, ақ парақ, геометриялық фигуралар.

Тренинг жоспары:

1. Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы)

2. «Менің белгім» анкетасын толтыру

3. Рөлдік ойын «Педситуация»

4. Топпен жұмыс «Қазіргі мұғалім моделі»

5. Зейінді зерттеп зерделе «Мюнстерберг» әдістемесі

6. «Өз-өзіңді білгің келсе…»

7. Рефлексия.

 

Психолог: Құрметті ұстаздар!

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлі еткендер.

Халқымызда «адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» дейтін мақал адамдардың тілдесіп, өзара түсіністігін, тұжырымдап жеткізген халық даналығының ұлағатты үлгісі болса керек.

Әсіресе, ұжымда адамдардың бір-бірімен тілдесіп, пікір алысуы табиғаттың адамға сыйлаған дарыны арқылы жүзеге асса нұр үстіне нұр емес пе? Ендеше бүгінгі тренингімізді ұжымдағы психологиялық ахуалға , бір ұжым екенімізді сезінуге арнағалы отырмын.

Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер!

1.   Топқа бөлу, геометриялық фигуралар арқылы

2.   «Менің белгім» анкетасын толтыру, таныстыру. Берілген 4 сұраққа жауап береді ( сөзбен, сурет арқылы): Менің белгім, менің жақсы мінезім, менің жағымсыз мінезім, мұғалім ол- …

3.   Топпен жұмыс. Рөлдік ойын «Педситуация» Әр топ өз тәжірибесінде болған бір жағдайды сахналайды, қалған топтар оның шешімін айтуы керек. Сосын шешімдер салыстырылады.

4.   Топпен жұмыс «Қазіргі мұғалім моделі». Ол қандай? Суретпен, сөзбен.

5.   Зейінді зерттеп зерделе «Мюнстерберг» әдістемесі. Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.

Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздердің міндетіңіз: тез оқи отырып, сол сөздерді табуыңыз керек.

Жұмыс уақыты – 2 минут.

Аашпгоппартаивнрттерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвыпкуқызметкерапецуранлвггкдәптершввр…

6. «Өз-өзіңді білгің келсе…» Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол сақина, гүл,жылан.

Егер күн дәл ортасына салынса, жастық шағы қызықты, ал шыгысқа салынса, жастық шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты болатыны.

Тау дөңгелек салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса,өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын өсекқұмар адам.

Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.

Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.

Жол – үйге жақын жатса- жолы жеңіл, алыс болса керсіше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керсінше болса шашпа адам айналасына тарататын адам.

Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.

Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыс.

Жылан үйде алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін аса зор.

, Әрбір қатысушы бүгінгі тренингтен алған әсерін, ұсынысын қалдыру ұсынылады.

Біз бір ұжымбыз деп қызығы мен қиыны мол еңбегіміздің жемісін көріп, жанұямызда да татулық, береке болсын. Тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет!

 

Leave A Reply