Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

9 048 қаралым

Танымдық қабілеттерді дамыту жаттығулары

0

Ермекқалиева Жанар Ғабдықайырқызы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының жоғары санатты психологы

Мақсаты: логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Білімділік: өскелең ұрпақтың психикасының даму заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: коммуникативтік қабілеттерін дамыту, психикалық процестер туралы түсініктер (қиял,ақыл, ойлау, ес, зейін, сана) беру, ой-өрісін кеңейту. Икемділік пен шеберлікке баулу.

Тәрбиелік: балалардың моральдық, адамгершілік қасиеттерін арттыру.

Ереже:

1. Балаларға пайдалы нәрселерді беру;

2. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болу;

3. Балаларды өздерін еркін ұстауға үйрету;

4. Өз ойларын ашық айта білуге үйрету;

5. Белсенділік таныту;

6. Көңілді бөлу.

Барысы:

1.  Танысу жаттығуы: Әркім өз есімдерінінің алдына сын есім қойып айтады. Хоббиіңізді айту.

2.  «Көңіл-күй суреті» жаттығуы.

Қызыл гүл – керемет, сары гүл – жарқын деген мағынаны білдіреді.

Балалар! Сіздер көктемнің жайма шуақ күнінде жайқалып өскен жауқазын сияқтысыңдар. Ендеше осы гүлдің сабағына әрқайсыларыңның аттарыңды және жапыраққа өз көңіл-күйлеріңді жазып, мына жерге құмыраға саламыз.

Талдау: Балалар көңіл күйлерің қандай? Сендерде толқу, ұялу, қорқу сезімдері болды ма? Жарайсындар, ендеше әрі қарай жалғастырамыз.

3.  «Дарындылық» мини лекция

Дарындылық дегеніміз шығармашылық қабілетін дамытып, жетілдіру, шындай түсу.

Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, дарындылық, шығармашылық қабілет.

Мысалы: Балалар, «алты жасар Алпамыс» киносын бірге елестетіп көрейікші.

Балалар осы жерде бір аңыз есіме түсіп тұрғаны, соны тыңдайық.

Бірде жас жігіт пен бойжеткен өздері дарынды болуы үшін түрлі қасиет сататын базарға барып өздеріне керек қасиетін алғысы келеді. Бірақ ол жерде есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиялдау, бейнелеу, шығармашылық сияқты қасиеттерді көріп, қайсысын аларын білмей дал болады. Осы кезде бір қария келіп жігіт пен бойжеткенге «Сендер дарынды болам десеңдер, бір ғана қабілетті таңдап алыңдар, бірақ жоғарыда айтылған қасиеттердің бәрі сол қабілеттен табылатын болсын» дейді. Бойжеткен мен жігіт қарияның ақылымен шғармашылық қабілетті алады. Шығармашылық қабілеттің арқасында жас жігіт пен бойжеткен дарынды жас ұрпақ болады.

Талдау: Аңыз өте қызық па? Алпамыстың досы неге оқи алмайды? Оқи алмайтын бала болу мүмкін бе?

4. Бәйтерекке саяхат. Дарынды бала болу үшін не істеу қажет?

Әр балаға парақтар таратылады, сол параққа әр бала өзінің оң қолының суретін салып, алақанына жауаптар жазады. (еңбектену, ерінбеу, ақылды, зейінді есте сақтау, ашық сөйлеу, терең ойлау, мұқият тыңдау, мақсат қою, көп оқу елестету бейнелеу) Бір бірлеп сөздерді оқып, бүктеп бәйтерекке салады. «Бәйтерекке саяхат» жаттығуында оқушылар өз арман – тілектерін жазады.

5. Кім дұрыс оқиды. (Сөзжұмбақ шешу)

Нұсқау: Мына берілген әріптерді сағат тілі бойынша екі әріп тастап оқу.

6. Сергіту сәті. Оқушылар қимыл қозғалыс арқылы сергіту жаттығуларын жасайды.

7. «Жылдам болсаң тауып көр»

Нұсқау: балаларға бінеше суреттер көрсетіледі. Небәрі 1 минут қана көріп, қандай сурет қай жерде тұрғанын параққа салу керек. (Күн, қыран, шаңырақ, гүл, бала, қыз, қоян, кітап, кілт)

Талдау: балалар есте сақтау қиын болды ма? Кімге қиын болды?

8. Поэзия минуттары: Тірек сөз. Тәуелсіздік, қуаныш, жайна күн, азап, халық.

Талдау: Өлең шығару қиын болды ма? Өлең шығарарда қандай сезімде болдыңдар?

Егер ақын болсаңдар өлеңдеріңді қандай тақырыпқа арнайтын едіңдер? Оқушылар «Поэзия минуттары» жаттығуында өлең шығару үстінде.

9. Релаксация: «Гүлдер». (Әуен ойнап тұрады)

Жайлап тұрамыз және көзімізді жұмамыз. 2 – 3 рет демімізді шығарамыз. Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатырған гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әрбірің шығармашылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (Қолдарын созады)

«Мен бақытты боламын» Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрсіп, жабылады (қолдарын тізе үстіне қойып бүрсіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Міне осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға сыйлаңыздар.

Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады? Ол гүл біреу ме? Тікені бар ма?

10. «Жарайсың!» жаттығуы. Балалар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап, сенің қандай жетістігің бар дейді. Ол бала жетістігін айтады. Жарайсың… деп қолынан жоғары көтереді. Екінші бала… әрі қарай жалғастыра береді.

11. Ипульс өткізу. Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды (3 рет).

Нұсқау: Біз бір-бірімізбен қарым-қатынаста болғанымызға қуаныштымыз. Орта бізге ыңғайлы.

Қорытынды.

Leave A Reply