Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

7 795 қаралым

«Тәуелсіз елім – Қазақстаным» тәрбие сағаты

0

Есенбаева Ғалия,
«Балапан» шағын орталығы, №81 орта мектебі,  Арал ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылорда облысы 


Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы мағлұматтар беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан оқиғасын түсіндіру, әңгімелеп беру.
2. Тәрбиелілігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыра білу. Балаларға патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және қадірлей, құрметтей білуге баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
4. Көрнекілігі:
1. Желтоқсан құрбандарының суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Ән ұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, слайд.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер
3. Интерактивті тақта

Сәлемдесу рәсімі.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және балалар! Сіздерді бүгінгі Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толған мерекелеріңізбен құттықтаймын. Біздің «Балапан» шағын орталығы балаларының «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер.
Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
(Әнұран орындалады).
Тәрбиеші: Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Өйткені біздің Қазақстанды әлем таныды. Осы сәтте-ақ Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл Отан деген сөздің мағынасы, аясы кең. Отан- далаң, орман, тауың, ауылың және туып өскен жеріміз. Әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген тіршілік иесінің шексіз байлығы. Сондықтан Қазақстан біздің Отанымыз. Балалар қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да Желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Балалар, біз ұлы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі Желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп. Солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем
Бәйшешектің солғанына аh ұрсам
Әділ жанның қазасына күйінем —
деп ақын жырлағандай ендеше балалар, 1986 жылғы көтерілістегі үзіндіге назар аударалық.
Балалар 1986 жылы жастар бас алаңға жаман оймен барған жоқ. Олар тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне осы желтоқсан оқиғасына қатысқан ағаларымызбен әпкелеріміздің арқасында үш ғасырға жуық ата бабамыз арман еткен егемендікке қол жеткіздік. Ендеше балалар біз үшін, келер ұрпақ үшін жанын қиып бізге жарқын өмір сыйлап кеткен боздақтарға тағзым етейік. (1 минут үнсіздік)
Бас алаңда ел жосқан
Жастар қанын жуған түн,
16-шы желтоқсан
Тәуелсіздік туған күн-
деп жырлаймыз. Ендеше балалар біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Тәуелсіздігіміз құтты болсын. Мерекеге арнаған тақпақтарымызды айтып берейік. Балалар тақпақтарын айтады.
Тәрбиеші: Балалар біз көгілдір экранға қарап бейне баянға назар аударайық. Тұңғыш президентіміз жайында екен. Балалар біздің тұңғыш президентіміз кім? Біздің мемлекеттік рәміздеріміз қандай? Балалар сұрақтарға жауап беру керек. Рәміздер жайында тақпақтар айтқызу және сипаттама беру.
Жұмбақтар шешкізу.
1. Тәуелсіздік жолында,
Тапқан істің шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы қане есімін (…)
2. Келмеді ол жайдан жай,
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алған ай
Жылдың қай мезгілі ….)
3. Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге
Күн астында қандай құс
Қанат қаққан әлемге (…)
4. Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар
Қыран ұшқан қалықтап,
Қай елдің туы біліп ал (…)
Дидактикалық ойын: Өз туымызды табайық.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім. (қимылмен жасау)
Дидактикалық ойын: Басқа әуендердің ішінен ән ұранды тап.
Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын біз Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін құрметтейік, өз елімізді, өз жерімізді қорғап, Қазақстанның намысты отаншыл ұлы мен қызы боп өсейік. Балалар қанекей бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Тақтада Тәуелсіз Қазақстан деп жазылған жер шары сызбасы тұр екен. Сендер осы Қазақстан жер шарына қандай тілек айтқыларың келеді? Балалар алдарындағы әр түрлі пішіндегі жұлдыз, күн секілді пішіндерді таңдай отырып сурет арылы тілектерін жеткізеді.
Хор: «Көк тудың желбірегені» әні.
Тәрбиеші:
Бабамның да арманы да,
Осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным! -дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймын.

Leave A Reply