Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 279 қаралым

Тәрбие – тал бесіктен

0

Шарова Ж.,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Екіаша орта мектебі, Сарқан ауданы, Алматы облысы


Адамзат күн өткен сайын өркениетке қарышты қадам жасап келе жатыр дегенімізбен әлемде шешімін күткен мәселелер көптеп саналады. Солардың бірі, әрі маңыздысы – ұрпақ тәрбиесі. Келешек ұрпақ мәнді де, мағыналы өмір кешіп, қазақтың көк байрағын асқақ рухпен биік ұстай алып, интеллектуал, патриот тұлға болуы үшін ұлттық тәрбиенің берері мол.

Тәрбиенің баға жетпес асыл мұрасы – салт-дәстүр. Бұл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын тәрбие жолы. Олай болса, келешек ұрпақты дәстүр түрлерімен таныстыру, мағлұмат беру ұлттық тәрбиенің басты құралы болмақ. Бала адамның бауыр еті деген емес пе? Әдетте бір түп ағашты күтіп өсірсең, мәуелі бәйтерекке айналады. Бала да сол сияқты дұрыс тәрбие алып, бойына салт-дәстүрді сіңіріп өскен жағдайда ғана жақсы адам болып өседі.

Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Баланың ұлттық құндылықтарды бойына дарытып, интеллектуалды, патриот тұлға болып қалыптасуының негізігі діңгегінің бірі – отбасы тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштасады. М. Әуезов айтқан «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана сөздің мәні осында деп ойлаймын. Отбасындағы басты тұлға – әке. Ол – үлгі, бедел, өз ұрпағына мейірімді, жауапкершілігі жоғары, баласының бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге парызды. Ана мен әже – мейірімді, шыдамды, ұрпақ қамқоршысы, ата(ақсақал) – даналықтың иесі, өмірден түйгені көп, ақылды кеңесші.

Патриот, ұлтжанды жандар қысылтаяң  кездері халыққа тіреуіш, елге сүйеніш, болады. Өткен тарихтан маржан тере білген бала өздері де қазақ көгіне күн болуға, қол жеткізуге бар күш-жігерін жұмсайды. Елінің келешегі үшін нар көтерер жүкті болашақ жастардың қолында.

Leave A Reply