Исина Жулдыз Назымбековна,
Педагог-психолог, Кали Хадесов ат. Жаңа ауыл орта мектебі, Ақжар ауданы, СҚО
Мақсаты: сенімді әрекеттен сенімсіз әрекетті практикалық жағдайда ажырата білуге үйрету. Осы сенімді әрекетті бала өз бойына жеткізе білуге баулу.
1. Сәлемдесу рәсімі. Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер. Бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы: «Сенімді және сенімсіз әрекет». Бәріміз тренинг ережесін сақтай отырып, шеңберге ұқсап тұрайық. Ең бірінші біздің «СӘЛЕМДЕСУ РӘСІМІМІЗ» осылай өтеді:
— Бір-бірімізбеен құшақтасамыз;
— Қолдарымызбен сәлемдесеміз;
— Аяқтарымызбен сәлемдесеміз;
— Басымызбен сәлемдесеміз;
— Құлақтарымызбен сәлемдесеміз;
— Мұрындарымызбен сәлемдесеміз.
Әр сәлемдесуден кейін шапалақтап тұрамыз.
2. Сенімді және сенімсіз әрекет дегеніміз не?
Психолог сөзі: — Оқушылар, сенімді және сенімсіз әрекет дегеніміз не? Бұл әрекетті қалай түсінесіздер?
— Оқушылардың жауаптары …
Оқушылар, сенімді әрекет дегеніміз – өз ойды, өз пікірін еркін жеткізе отырып, белсенділігімен, білімімен ерекешеленетін әрекет.
Сенімсіз әрекет дегеніміз – керісінше, өз әрекетіне сенімсіз, өз пікірін еркін жеткізе алмайды.
3. Іске асыру. Оқушылар шеңбер болып отырады.
Бүгінгі күнімізді осылай бастайық! Бір-бірімізге допты лақтыра отырып, сол адамның есімін атап допты лақтырамыз. Сол допты алған адам, өзіне белгілі бір лайық қалыпты таңдайды, содан кейін қалған қатысушылар сол қалыпты іске асырады. Әрі қарай, доп, әркімде болып шыққанша осы жаттығу жалғаса береді.
4. Менің іс-әрекетім
— Оқушылар, қазір біз, бір жаттығу орындаймыз. Осы жаттығудың мақсаты, біз өзіміздің сенімді және сенімсіз жағдайларды айыра білуге үйренеміз. Осы қуыршақ қазір сөйлейтін болады. (психолог қуыршақты қолына киеді), ал екінші қуыршақты киген бала сенімді немесе сенімсіз адам осы жағдайда жауап бергенде өзін қалай ұстайтынын айтуы керек.
Психолог қуыршақтың атынан белгілі бір жағдаятты ұсынады. Екінші қуыршақты киетін адам жауап беруі керек. Психологтың ұсынылған бірнеше жағдаяттардан кейін тренингке қатысушыларға өз ойыннан жағдаяттарды шығаруға ұсыныс беру. Осындай оқушылар болмаса, онда психолог өз жағдаяттарды дайындау керек.
Барлық оқушылардың осы жаттығуда қатысулары керек. Оқушылар өздерінің біліктілігін сенімді немесе сенімсіз ретінде жауап бергенде, осы жағдайда психолог көңіл бөлуі қажет.
Берілген жағдаяттардың үлгілері:
· әділетсіз «2» деген бағаны қойды;
· сізді достар аулаға шақырады, бірақ сіз теледидар көргіңіз келіп тұр;
· ойынға сізді қабылдамайды;
· өз жастағы құрбыларыңызбен танысқын келеді және т.б
Соңында қысқаша әңгімелесу өткізіледі, сенімді және сенімсіз іс-әрекетке анықтама беріледі.
5. Сөздің күші
Сенімді және сенімсіз жауаптарға сәйкес үш тізімдегі сөздер дайындалады. Психолог сөздерді тақтаға, ал балалар осы сөздерді күнделікке жазады.
6. Айна
Оқушылар 2 шеңбер құрады- біреуі ішкі, екіншісі сыртқы шеңбер. (осылай шықпаса, онда 2 топқа бөлінеді, яғни бір топ оң жаққа, екінші топ сол жақтағы партаға отырады)
Психологтың сигналы бойынша, ішкі шеңберде тұрған оқушылардың сөзсіз, қалып арқылы, жест, мимика арқылы белгілі бір сенімді және сенімсіз іс-әрекеттегі адамды көрсетуі қажет, ал сыртқы шеңберде тұрған оқушы оны табуы керек. Ол дұрыс тапса, онда екі қатысушы бір қолды ұзыннан көтеру қажет. Содан кейін сигнал бойынша сыртқы шеңберде тұрған қатысушы солға немесе оңға бір қадам істейді және басқа бір қатысушының алдында тұрып, осы қатысушы не көрсетіп жатқанын түсініп табу керек.
Осы шеңбер біткен соң, рөлдер ауысады. Енді сыртқы шеңберде тұрған қатысушылар белгілі бір қалыпты таңдайды, ал ішкі шеңберде тұрған – осы тапсырманы табу керек.
Дұрыс тапқан қалыптың санын психолог өзіне белгілейді.
Осы жаттығуды орындағаннан кейін қысқаша талқылау өтеді.
· Қандай қалыптар сирек кездесті? Неге?
· Қайсылары сендерге оңай көрінді? Неге?
7. Сергіту сәті. «Сурет салайық» жаттығуы.
Психолог: «Қолыңызға парақ алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз»
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай арал салыңыз. Аралдың қасына 2-3 пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз. Содан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды. Бір-бірімізге қошемет білдіреміз.
8. Сенімділік қаласы.
Оқушылар шеңберде отырады.
Психолог сөзі: Ал оқушылар, барлығымыз бірігіп, Жер жүзінде тұратын, өзіне сенімсіз адамдар жиналған қала туралы әңгіме жазайық. Біздің арамыздан біреуі бастап, 2- 3 сөзден, сөйлемнен айтып бастайды, осыдан біздің әңгімеміз басталады.
Әрі қарай шеңбер бойымен, сағаттың тілімен рет-ретімен өз әңгімемізді жалғастырып, өз ұсыныстарымызды ұсынатын болайық.
9. Сенімділік шеңбері.
Өздеріңе көрінбейтін еденде сеннен жарты метр қашықтықтан шеңбер 60 см диаметрімен көз алдарыңызға елестетіп көріңдер.
Осы шеңберге кірген кезде, өздеріңнің керемет кездеріңді, «Сендердің жұлдыздарың жанғанын» еске түсіріңдер
Сол жағдайда максималды түрде сіздердің барлық қабілеттеріңіз көрінді. Барлығы өте жақсы болды, сәттілік сендердің жағында болды. Өз хикаяны өздерінің естеріңе түсіруге қиын болса, онда сізге өте ұнайтын кинофильмдегі белгілі бір кейіпкерді таңдаңыз. Сіздің миыңыздың ең таңғажайып қабілеті- шындық оқиғаңыздың не қиялыңыздың арасындағы оның ешқандай айырмашылығы жоқ…
ҚИЯЛҒА БЕРІЛІҢІЗ, сол туралы ешкім білмейтін болады.
10. Мен қожайын (І нұсқа)
Сіз қожайын туралы не білесіз? (нұсқаулар: күшті, өз-өзіне сенімді адам, ол бағаны күтпейді, ол керісінше өзі баға береді; сасқалақтамайтын адам; өзін-өзі ашық және сабырлы сезінеді; басқаларға басшылық етеді;) қожайынның ең керемет жері- ол өз-өзіне сенімді болады.
Кәне, өз-өзіне сенімі жоғары, тұрыңдар! Бірінші тұрағандарға қошеметтеріңді білдіріңдер, ал қалғандарына отыруға рұқсат беріледі. Сен қожайын екенін мен сенемін, бірақ басқаларға дәлелде. Қалғандары сен қожайын екенінді түсіну үшін, іс-әрекетпен немесе сөзбен көрсетіп беруіңді өтінемін.
Енді сен басшы болғанымен өз міндеттеріңді басқа біреуге жүкте. («Қожайын сен боласын!» осыған лайық адам белгілі бір сөзді айту керек, мысалы өзіне белгілі бір қожайынға лайықты ат қойып қалғандары түсінгендей. )
Мен қожайын (ІІ нұсқа)
Күн сәулесін салыңыз. Күн сәулесінің ортасына «мен қожайынмын» деп жазыңыз. Содан кейін шашып жатқан нұрының жандарына неліктен сен қожайынсың? Өзіне лайықты, қожаға лайықты қасиеттеріңізді жазып бер.
Оқушылар жазып болғасын қысқаша талқылау бастаймыз: оқушылар жазғандарды оқып, түсіндіріп қошеметімізді білдіреміз. Оқушылармен талқылаймыз, ол өзіне сенімді ме? Басшылық қасиеттері бар ма? Шыдамдылық, төзімділік қаситеттрі бар ма?
11. Қоштасу рәсімі. Балалар шеңберге тұрады, сағат тілімен кезекпен көршінің қолынан ұстап, тілек айту керек, тыңдап тұрған адам осы адамға ризашылығын білдіреді. Әрі қарай жалғасып келеді .