Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

6 002 қаралым

Сен де бір кірпіш дүниеге…

0

Батыргалиева Гулбаршын Жардемовна, 

педагог-психолог, Талдықұдық ауылы С.Есетов атындағы ОЖББ мектебі, Казталов ауданы, БҚО


«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар, қалан!»

Абай.

Мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт беру, нарық талабына байланысты еңбек нарығында ұдайы өзгеріп отыратын кәсіби талаптарды ескеріп қызыққан мамандықтарын салыстыру арқылы таңдауға баулу, кәсіптік бағдар беру.

Қажетті құралдар: Интербелсенді тақта, слайд, қағаз, қалам

Қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары

Жүру барысы:

1. Кіріспе

2. Жоғары оқу орындары, арнаулы оқу орындары туралы оқушылардың дайындаған слайд презентациялары

3. Жұлдыздар не дейді?… Кәсіби жұлдызнама

4. «Рөл-атрибуттар» жаттығуы

5. Қорытынды

Кіріспе

Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы – Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру. Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол: біреу өзінің қабілетіне, қалауына, мінез-құлқына, дүниетанымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей мақсат- мүддесіне жете алмайды, екінші біреулер таланты мен талғамы, талабы мен таным- түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де тірлікте жолы болмайды.

Жас ұрпақ, яғни адам тәрбиесі туралы ой толғаған бір ұлағатты ұстаз: «Адамда бір ғана мамандық болуға тиіс: ол – шын мәнінде адам деген атқа ие болу»- дейді. Оның мұндағы бейнелеп айтып отырған ой-пікірі: кез- келген адам адал, адамгершілігі жоғары, еңбекте қабілетті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы жемісті болып, өмірде жарқын із қалдыра алады. Мамандық дегеніміз не дейтін болсақ, мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің бөлігі. Адам мамандық таңдауда жаңылыспауы керек, өйткені мамандық әрбірімізге өмір бойына азық боларлық, тұрмыстық, рухани тұрғыда жанға жайлылық берер кәсіп. Психологтар: «Кез-келген адам өзінің мамандығына риза болуы керек, егер риза болмаса эмоциялық тұрғыда күйреуге ұшырайды» дейді. Мамандық таңдау барысында оның болашақтағы қажеттілігін де нысанаға алған дұрыс.

2. Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

1. Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер. Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

2. Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

3. Жоғары кәсіптік білім: ЖОО — ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Толығырақ… 

 

Leave A Reply