Исакова Зәуреш Төлегенқызы,
Шалқар аудандық №2 мектеп-гимназия психологы, Ақтөбе облысы
«Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты.
Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларымызды жат қылықтардан сақтай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, ізгілік пен мейірімділікке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қағаз, түрлі-түсті үлестірмелер, қарындаштар, фломастерлер.
«Өз есіміңді ерекше ата» (өз есімдеріне сын есім жалғап айту)
Қайратты Қуанышпын,
Мейірімді Мұратбекпін,
Салмақты Самалбекпін,
“Қолшатыр” жаттығуы
Мақсаты: бір-бір ауыз сөзбен өз ойларын айтып, қолшатырдың астына кіреді.
“Жалғасын тап”жаттығуы
Егер біз ерте тұрсақ, онда…
Егер орта тазалығын сақтамасақ, онда…
Егер денемізді шынықтырмасақ, онда…
Егер біз тазалық сақтамасақ, онда…
Егер біз денсаулығымызды дұрыс күтпесек, онда…
Егер біз салауатты өмір салтын таңдасақ, онда….
Егер сіз күнделікті денешынықтырумен айналыссаңыз, онда…
Егер біз дұрыс тамақтансақ, онда…
«Бүлінген телефон» ойыны
«Есту» қабілетін дамытуға арналған бұл ойында психолог бір баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды, ол келесі балаға соны қайталайды, солай жалғаса беріп, барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп, дауыстап айтады:
Сергіту сәті: «Біз денсаулықты қолдаймыз» биі
Әуенді терапия: «Ғажайып мекендегі данышпан» жаттығуы
Мақсаты: психологиялық және рухани күш-қуат алу.
Жаттығу ойлануға мүмкіндік болатындай жәй әуенмен орындалады.
Психолог:
Бірнеше минут ештеңе ойламай, тыныш, сабырлы қалыппен ыңғайлы отырыңыздар. Өзіңізді жазғы орманды алқапта келе жатқандай елестетіңіз. Шөптер тізеңе, гүлдердің бұтақтары аяғыңа тиеді. Айнала толған ағаштар, олардың жапырақтары бетіңді өбеді. Күннің сәулесі жан-жаққа өрнек құрып, айналаға жарық беріп тұр. Құстар бірінен кейін бірі әндетеді. Саған гүлдердің хош иісі сондай жақсы әсер етуде. Ауа-райы тамаша. Сен алаңқай мен орманның қиылысқан жеріне келдің. Жіңішке жалғыз аяқ жолға түстің. Асықпай, аяңдап басып келесің, ағаштың ұшар бастарының арасынан әдеттегіге ұқсамайтын бір ғажайып үйдің шатыры көрінді. Сол үйге қарай жүрдің. Міне ғажап, бір зәулім, керемет үйдің жанына келіп тоқтадың. Бұл үй – тыныштық пен демалудың, адамдар өздерінің ішкі жан дүниесіне терең үңіліп қараудың мекені екенін сездің. Үйге кіріп, баспалдақпен жоғары көтерілдің, есіктің алтын тұтқасын ұстап, есікті ашуға ұмтылдың. Есік жеңіл ашылды. Үйдің іші жарық. Қабырғаларда – ескі жазулар. Сөрелерде көптеген бұрын соңды көрмеген таңданарлық қалың кітаптар. Есікке қарама-қарсы үстелде аппақ киімде бір қария отыр. Ол өте қайырымды, жылы жүзді, көздері күлімсіреп, нұр шашады. Қарияға жақын келіңіз. Бұл данышпан қария әлемнің барлық құпиясын біледі, өткенді және болашақты. Сен одан өзіңді не толғандыратыны және ұзақ іздеген нәрсең жайында сұрақтар қойып, оған жауап алуыңа болады…
Мүмкін, ол саған бір нәрсе сыйлауы мүмкін. Оған алғысыңды айтып, сыйлығын ал. Ғажайып мекендегі данышпан қартпен кездесу аяқталды. Данышпан қарт кісімен кездескеніңе алғысыңды білдір. Сен зәулім сарайдан шығып, есігін жаптың. Сыртта бұрынғыдай күннің сәулесі. Баспалдақпен төмен түсіп, орманның сүрлеу жолымен алаңқайға шық. Бөлмеге ораламыз да, көзімзді ашамыз…»
Талқылау: Қандай сезімде болдың?
Данышпан қарт саған қандай сыйлық беруі мүмкін?
Оқиға саған ұнады ма?
Шығармашылық жұмыс («Салауатты өмір салты сақтаймыз» коллажын жасау)
Оқушылар түрлі- түсті суреттерді алып салауаттылыққа байланысты өз ойларынан «Салауатты өмір салтын сақтаймыз» атты тақырыпқа коллаж жасайды.
Өміршеңдік ережелері.
Өз күшіне деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез-келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:
Жігер деген – Мен
Күш деген – Мен
Махаббат деген – Мен
Кешірім деген – Мен
Құдірет деген – Мен
Жасөспірімділік деген – Мен
Жастық деген – Мен
Денсаулық деген – Мен
Ақылдылық деген – Мен
Жарқындық деген – Мен
Бар ғажайып деген – Мен
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда, – деп өзіңізді сендіріңіз
Қорытынды:
«Сиқырлы таяқша» жаттығуы
Мақсаты: бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісу.