Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 150 қаралым

Әр жеткіншек – зерттелмеген құпия / Эссе

0

Жубатова Дария,
Тәлімгер –психолог, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы, Батыс Қазақстан облысы


«Жан сұлулығы, жанның тыныштығы» деген әңгімелерді естіп те, оқып та, біліп те жүрміз. Адамның жанын тыныштандырып, уақытында көмек беруді атам қазақ ертеден білген. Осы бір адами қасиетті бала кезімнен бойыма сіңіріп өскен менің жаныма қазіргі психология ғылымы өте жақын, жүрегіме жылы тиеді. Оған бірден-бір себеп марқұм анамның бойындағы асыл қасиеттерді көріп, біліп, үйреніп санама сіңіруімнен деп ойлаймын.
Анашым өмірде тәжірибесі мол кішіпейілділік, ақындық, емшілік қасиетімен адамдарға дер кезінде көмек беруге даяр тұратын, адамның жан дүниесіне бағыт-бағдар беріп, айналасына жылу беретін жан еді. Осы қасиетті адамдарға әр кез мейірімді болуы маған ұнайтын. Сол ықылас мені қосымша педагог-психолог мамандығын алуға жетеледі .
Мектеп психологының қызметі қызықты да қауырт жұмыс. Қызықтысы сол бір күннің бір күнге ұқсамайды, қауырттылығы: әр баланың жан дүниесіне үңілуде, зерттеу де ешқандай уақытпен санаспайсың.
Оқушы дегеніміз әрбір жеке тұлға – өзінше бір әлем. Әр түрлі өзіндік ойы мінез-құлық ерекшелігі болады.
Шәкірттің көңіл-күйі төмен болса, сол оқушыға көмек бергенше, мен де дегбірсізденемін.
Бұл сірә, барлық педагог-психологтарға тән ортақ қасиет шығар. Дарынды балалардың ішінен не бір талантты балалардың талантын ашуға уақытымды аямаймын. Әрине бұндай оқушылардың шығармашылығын шыңдағанда өзім де рахат сезімге бөленемін. Осындай оқушыларым Мерсадыков Алтынбек, Муталиев Ғалымжан, Қанатқалиева Айзада, Досполаева Жұлдыз, Байдоллаева Ардақ, Егізбаев Саят, Рақымғалиқызы Дана, Қадырбеков Мейрамбек т.б. оқушылардың мақала жазуға тіл өнеріне қабілеттерін байқап «Жас қаламгер» үйірмесіне қатыстырып, шығармашылыққа баулудамын. Көптеген шәкірттерімнің мақалалары «Жайық Ұландары», «Орал өңірі», «Теректі жаңалығы», «Самал» газеттерінде «Бала би», «Қазақстан патриоты» журналдарында жарияланып тұрады.
«Менің жазған өлеңім бірақ ұйқасы келмейтін сияқты апай қараңызшы?» деген оқушыға дер кезінде қол ұшын беру, уақыт бөлу, өңдеп басылым беттеріне жолдау мен үшін түнде болса да, уақыт табатын күнделікті жұмыстарымның бірі.
Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясында педагог-психолог қызметін атқарғаныма биыл тек 5 жыл болады. Әрине бізде дарынды балалар оқиды. Бірақ осы оқушылардың гимназия талабына, жатақхана өміріне бейімделуіне қолдау көрсету. Сынып жетекшімен сөйлесіп құжаттарымен танысып, әр оқушы мен жеке кеңес өткізу де, балалардың жан дүниесін тану үшін санаспайтын уақыт қажет.
Аптаның сенбі күні әр оқушының ата-анасымен сөйлесіп, ата-ана ұсынысын қабылдап, сұрақтары болса жауап беремін. Яғни әр сенбі күні жатақхана балалары үйлеріне демалысқа кетеді. Сол кезде кейде менің ұлымның, қызымның мінез-құлқы, өз ортасы, қабілеті т.б. сізбен сөйлесейін деп едім деп ата-аналар келеді.
Міне ғажап, сол кезде өзім іштей қуанып отырамын. Егер мен өз мамандығымның шебері болмасам, ата-ана маған келіп сөйлеспес еді. Психолог – адам жан дүниесін зерттеуші маман. Бала қабілетін біліп, жан-жақты түсінетін маман деп сенім білдіру, өзіңді ізденуге, өз жұмысыңның қыр -сырын терең игеруге құлшыныс туғызады.
Әр сыныпқа диагностика жүргізіп әр тұлғаның отбасы ерекшелігін, бейімін, ұнататын пәнін, ұнататын түсін, ұнататын ісін, қабілетін, жұлдызнамасын, мінез темпераментін анықтап әр кестеге толтырып біліп отыру өте маңызды.
Бұл диагностика психологтарға төзімділікті талап етеді, өзі жұмыстанатын оқушыларын толығырақ таниды.
Бір жыл ішінде екі тоқсан сайын диагностика жүргізіп, бала қабілетін бейімін, мінез- құлық ерекшелігін анықтау да, әр оқушыны тереңірек танисың. Бірақ диагностика жүргізу уақыт пен санаспауды тағы да қажет етеді, кейде жанұяңа кеште жай барасың. Сол кезде жолдасымның ренжімей менің жұмысыма түсіністікпен қарауы үлкен қолдау дер едім.
Әр сыныпқа жоспарлы тәрбиелік психологиялық іс-шаралар, сергіту тренингтер өткізу бұл барлық психологтар атқаратын жұмыстар. Дегенмен оқушыларым көбінесе тест, сауалнамаға жауап бергеннен гөрі, психологиялық дәріс немесе тренинг өткенді қалайды. Түсінген адамға мұғалім бәрі де педагог-психолог деуге болады. Бірақ ұжымның барлық мүшелерімен,оқушылармен біте қайнасып жұмыстану психолог маман барлық жерге де, қазіргі заман талабына сай қажетті мамандық.
Жыл сайын аттестациядан өтетін әр мұғалімге сауалнама жүргізіп «Пән мұғалімімен оқушы көзқарасын анықтау» анықтама беру керек. Мінездеме жазу психологтарға өте қырағы, білімді болуды талап етеді деп ойлаймын. Санатқа өту біліктілігін көтеру, мұғалім үшін үлкен дәреже. Бізде психологтар өзіндік қолтаңбамыз бен еңбегінің шыңына жетуіне қолдау білдіруіміз керек деген сенімдемін.
«Инемен құдық қазып», білімнің биік шыңына нағыз альпинистерше өрмелеген гимназияның өршіл шәкірттерінің қасы мен қабағынан көңіл-күйін аңдап, дем беріп, арқасынан қағып, кездесіп қалған қиыншылық болса, жеңуге сәл де болса үлес қосып жүргенім-мамандығымды сүйгенімнің арқасы шығар.

Leave A Reply