Орынбаева Майра Кеңесбайқызы,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы «Жалаңтөс батыр» ауылы №14 «Сәуле» балабақшасының ІІ-санатты педагог-психологы
Мақсаты: Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-педагогикалық қатынасын нығайту, ұжымдағы әр адамның профессионалдық рөлін бақылау, тренингке қатысушылардың айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу
2. Миссис Мамбель ойыны
3. Жануарлар жаттығуы
4. Пантомима
5. Сұрақ- жауап ойыны
6. «Шабадан, қоқыс шелек, еттартқыш» жаттығуы
7. Қорытынды. «Мен саған сыйлаймын»
Сәлеметсіздер ме! Қымбатты да, құрметті әріптестер! Бүгінгі алғаш рет тойлағалы отырған 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай өткізгелі отырған «Барлық әлем мен үшін!» атты тренингімізге қош келіпсіздер!
1. Тренингімізді бір-бірімізбен сәлемдесуден бастайық. Өйткені бұл біздің бір-бірімізге, адамзатқа деген жақсы көзқарасымызды білдіретін символ – белгі. Оның 4 түрі бар.
1. Бір-бірімізге қарама-қарсы, көзімізге тура қарап, қолымызды алып күліп амандасып, хал жағдай сұрасу.
2. Бір-бірімізге арқамызды беріп, осы сәтті қайталау.
3. Біреуіміз отырып, біреуіміз тұрып амандасу, сәлемдесу.
4. Ым мен ишара арқылы жағдайды білу, шынтақпен амандасу, тіземен амандасу
2. «Миссис Мамбель» ойыны
Шарты: Қатысушылар өз көршілеріне тісін көрсетпей «кешіріңіз, сіз миссис Мамбельді көрдіңіз бе? деген сұрақ қояды. Оған көршісі «жоқ, көрмедім». Бірақ көршімнен сұрап көрейін деген жауап береді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: жағымды эмоционалды фонды құру және қатысушыларды ашу.
3. «Жануарлар» жаттығуы
Мақсаты: ішкі қозғалыстарын уайымдап, сыртқы қозғалыстарына зерттеу жасау; өзінің денесін сәйкестендіруге ынталану; қатысушылардың қимыл- қозғалыстарымен, сезімдерімен байланыс орнату.
Өзіңізге кез-келген сүтқоректі жануар, бауырмен жорғалаушы немесе бір құсты таңдаңыз. 2 минут ішінде осы жануардың түрін, қимыл -қозғалысын, даусын салып, сол жануардың кейіпіне енуіңіз қажет. Бір жануарды екінші бір қатысушы қайталамауы тиіс. Өз таңдауыңызды жария етпеңіз. Таңдаған жануарыңызды бейнелеп көрсетіңіз: секіріңіз, жорғалаңыз, қарғыңыз, ұшыңыз. Басқалармен спонтанды өзара әрекет жасауға да болады. Тапсырманы шығармашылықпен орындауға тырысыңыз, күнделікті өмірде көрсете алмайтын тұлғалық қырларыңызды ашық көрсетуге ұмтылыңыз. Шулаңыз, пйда болған сезіміңізге үңіліп қараңыз, түсінуге ұмтылыңыз, мүмкін үрей, қорқыныш, ашу немесе сүйіспеншілік.
Талқылау сұрақтары:
— қатысушы ол жануарды не үшін таңдады?
— қандай қимыл -қозғалыс айқын көрінді, ол нені аңғартады?
— қатысушылар жануар кейпінде өздерін қалай сезінді?
— қандай сезімді сезініңіз?
4. «Пантомима»
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, топты біріктіру.
Қатысушылар топқа бөлінеді. Берілген тапсырмаларды пантомима арқылы көрсету.
5. «Шабадан, қоқыс шелек, еттартқыш» жаттығуы
Шабадан – қызыл түс. Яғни осы педагогикалық кеңесте өткізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, өзіңізге ұнағанын, өз жұмысыңызға керек деген кеңестерді өзіңізбен бірге шабаданға салып алып кетеміз.
Қоқыс шелек – сары түс. Сары дөңгелекшелерге осы педагогикалық тренингте өз жұмысыңызға керек емес, ұнамаған сәттерді «қоқыс шелекке лақтырасыз».
Еттартқыш – көк түс. Көк дөңгелекшелерге осы педагогикалық тренингте қызықты болған, бірақ өз жұмысыңызға әлі қолдануға дайын емес, яғни әлде де ойланып өңдеп, өрнектеп содан соң барып іске асыратынды еттартқышқа жіберу.
Берілген тапсырма жасырын түрде толтырылып, оны плакатқа жеке-жеке жабыстырады.
6. «Мен саған сыйлаймын» жаттығу. Қорытынды
Тренингке қатысушылар бір-біріне алғыс айта отырып ілулі тұрған «ашық хаттарды» «мен саған сыйлаймын» деп тілек айта отырып бір-біріне сыйлайды.
Құрметті тренинге қатысушылар! Бүгінгі «Барлық әлем мен үшін» атты тренингімізге қатысқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын. Әрқашан бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік.