Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

5 645 қаралым

Мен және менің мамандығым

0

Зейнелбай Р.Зейнелбай Розагүл,
Психолог, Қосарал негізгі мектебі, Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы


«Мамандықтың жаманы жоқ бірақ
мұның кез-келгеніне икемділік қажет
бұл жай күнелту, тамақ, асыраудың
ғана жолы емес үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Адам өз өмірінің негізгі бөлігін кәсіптік қызметпен айналысуға жұмсайды. Адамның тағдыры оның қандай мамандық таңдағанына тікелей байланысты.
Мамандық таңдау – қиын міндет. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл- кеңес алуға болады. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспарда құрғысы келмейді.
Жас өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.
Психолог мамандардың айтуынша кез-келген жеке тұлға өз шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі, алдына өмірлік мақсат қойып жоспар құра білген жөн.
Мамандық таңдау – белгілі бір деңгейде моралдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңілі қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге-шүгесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет.
Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, толықтырады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдау керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапгершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтар кездеседі.
Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуде үлкен жауапгершілікті талап ететін ұлы мамандық ол – психолог кеңесші.
Психолог болу – балалардың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Оларды өмірге дайындау, жақсыға жақындату, жаманнан алыстату, шындықты ұғындыру. Ол үшін психолог тәрбиелі, білімді, іскер, баланы жақсы көретін, әр баланың тілін табатын адам болуы тиіс. Балалардың ортасында жүру мен үшін үлкен бақыт. Білім мен тәрбие бере отырып, әр тұлғаның қабілеті, білім деңгейі, зеректігі және басқа да ерекшелік қасиеттерін байқау, зерттеу мені қызықтыра бастады. Сөйтіп психология мамандығын оқып алдым. Бұл мамандыққы еш өкінбеймін. Өйткені жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Психологиялық сабақты жаңа әдістерге оқытып -тәрбиелеу үрдісін ғылыми-психологиялық тұрғысынан әр оқушыны зерттеп, сынып жетекшісі мен ата-анасымен байланыс жасап, зерттеу нәтижелерін хабардар етіп отырамын. Өз мамандығымды қызығушылықпен, ынтамен, жігермен, құлшыныспен атқарып келемін. Педагогика саласындағы психологиялық қызметтің әдіс-тәсілдерін дамыта отырып, өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру олардың жан дүниесінің сырын анықтап, күнделікті тіршілікте ойдағыдай жүзеге асырып, қасиеттерді анықтауда психологиялық апталық және шаралар, диагностикалық жұмыстар, психопрофилактикалық, психологиялық кеңес беру, психологиялық түзету, дамыту, ағарту, суицидтің алдын-алу жұмыстары және түрлі анкеталық сұрақтар жүргізіп, әр баланың психологиясына терең үңіліп, бала жүрегінен орын табуға тырысып еңбектену үстіндемін. Менің жұмысымның негізгі бағыттарына: жасөспірімдермен, ұстаздармен, ата-аналармен, келеңсіз отбасынан шыққан оқушылармен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауды т.б. жатқызамын.
Қолданылатын әдіс-тәсілдерім: сауалнамалар, әңгімелесу, тестілеу, ойындар, тренингтер. Соның ішінде оқушылар арасында Д.Голландтың әдісі «Тұлғаның типтерін анықтау» тесті, «Мен қаладым» саралаушы диагностикалық сауалнамасы, «Оқу пәндеріне деген қызығушылық», «Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауға арналған» сауалнамасы, «Жабығу сәтіндегі өз мінезіне баға беру» сауалнамаларымен жұмыстар жүргізіп отырамын. Мұғалім мен ата-ана бірігіп тәрбие мәселесіне ден қойса, яғни өздеріне міндеттелген жүкті жұмыла көтерсе, онда олардың қолға алған істері оң нәтиже берері сөзсіз, яғни жұмысымыз жанданатыны ақиқат. Жақсылыққы ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгі мен берер тәлім-тәрбиесі де мол болмақ. Сондықтан тек психолог ғана емес, кез-келген адам, ол дәргер болсын, заңгер болсын өзінің өнегелі, үлгілі ісімен немесе бір ауыз сөзімен де ұрпаққа тәрбие беріп, қоғамыздың дамуына өзіндік үлесін қоса алады.
Әбунасыр әл-Фараби «Адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген данышпан Ел ертеңіне нық сеніммен қарайтын, жерім деп соғатын, өмір сүруге құштарлығы мол тұлғаны еліміздің кетігіне кірпіш етіп қалай білсек, бұл-біздің көздеген мақсатқа жеткеніміз. Сондықтан ұстаздар қауымы осы мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету керек.
Қымбатты жас жеткіншектер! Мамандықтар туралы жас кездеріңнен өздерің қалаған кәсіпке ерте дайындалған жақсы.
Ақтарып кітап әлі де,
Түсініп ал, тыңдап ал.
Жұмыстың жақсы бәрі де,
Таңдауыңша таңдап –ал,- дей отырып өздеріңіз қалаған мамандыққа барсаныздар, еңбектеріңіздің жандана түсетіні ақиқат. Қазақстанның азаматы және жылдың нағыз барыстары болып шығатына сенімім мол.

Leave A Reply