Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

12 067 қаралым

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған психодиагностикалық және түзету жаттығулары

0

Ералиева Агиза Нурболатқызы
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің педагог-психологы, Жәнібек ауданы, БҚО

Мақсаты: Топтағы балалармен қарым-қатынас орнату, өзін-өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Сабаққа керекті материалдар: жағымды әуен, күн суреті, майшам.

Жылулық шеңбері: «Күн» ойыны.
Мақсаты: оқушыларды өзін таныстыруға, дұрыс сәлемдесуге, басқаларды тыңдай білуге үйрету.
Жүргізілу барысы: Менің қолымда күн тұр. Ол қазір айнала барлығымыздың қолымызға өтеді. Кімде- кімнің қолына, күн түссе, сол өз атын атап, көршісінің атын атап, шарды оған береді.
«Орманға саяхат» жаттығуы.
Психолог балаларды ойдан шығарған орманға саяхатқа шығарады. Балалар психологтың қимылдарын орындап артынан келе жатады: аюды оятып алмай аяқтың ұшымен тып-тыныш, ойдым жерлермен, төбешіктермен, айналасы тікенекке толы жіңішке жолмен жүріп келеді, астында бұлағы бар қираған көпірден өтіп, батпақты жерлерден секіріп, еңкейіп саңырауқұлақ пен гүлдер теріп, жоғарыдағы жаңғақтарды жинайды.

«Тас пен жолаушы» жаттығуы.
Психолог серуеннен кейін демалу керектігін айтады. Балалардың біреулері тас, ал кейбіреулеріне жолаушы болу ұсынылады. Тас болған балалар жерге тізесін құшақтап, қатып отырады, ал жолаушылар тас болып отырған баланың арқасына сүйенеді. Содан балалар орындарын ауыстырады.

«Тыңдаймыз және орындаймыз» жаттығуы.
Балалар топпен еркін тұрады. Балалардың арасы 0,5 м болуы қажет. Марш мотивімен әуен болады. Балалар әуен ырғағына марш қимылдарын жасайды. Құмыл кезінде психолог балаларға түрлі бұйрықтар береді. Балалар бұйрыққа сәйкес қимылдарды орындап отырады.

Бұйрық           Қимыл 
«Қояндар!»      Балалар қояндар секірісін салады.
«Аттар!»            Аттың адымын тұяқтың дыбысын салып жүреді.
«Шаяндар!»    Шаянға тектес қимыл жасайды.
«Құстар!»         Балалар қолдарын екі жаққа лақтырып жүреді.
«Аққұтан!»       Бір аяқпен тұрады.
«Иттер!»           Балалар қолын қайырып үреді.
«Тауықтар!»     Балалар тары іздеп, шоқып, «ко-ко-ко» деген дыбыс шығарады.
«Сиырлар!»      Балалар төрт тағандап отырады.

«Кім қаттырақ айқайлайды!» жаттығуы.
Балаларға айғайлау ұсынылады. Ол жаттығуды секіріп, жүгіріп, әуен аясында немесе басқаша еркін түрде жасауға рұқсат етіледі.

Релаксация.
Балалар кілемнің үстіне жатады. Қолдары шынтақтан майысқан, алақандарын жерге қаратып, аяқтарын екі жақта ұстап жатады. Психолог балаларға қарап: «Қазір мен өлең оқығанда жай әуен басталады, сендер көздеріңізді жұмып жатқанда «Сиқырлы түс» ойынын бастаймыз. Сіздер шынымен ұйықтап қалмаңыздар! Бірақ қозғалмай, мен рұқсат бергенше көздеріңізді ашпайсыздар. Мұқият тыңдап, менің айтқанымды іштей қайталаңыздар. Сыбырласпаңдар. Еркін дем алыңыздар. «Сиқырлы» түс көргеннен кейін ғана көздеріңізді ашыңыз! Тұрыңыздар! – дегенше тұрмайсыздар. Ал қазір «Сиқырлы түс» күшіне енеді».
«Сиқырлы түс»…
Кірпігіміз төмен түседі…
Көзіміз жұмылады…
Біз тыныш дем аламыз… (2 рет)
Сиқырлы түс көреміз…
Жеңіл…қалыпты…терең дем аламыз…
Қолымызда дем алады…
Аяқтарда дем алады…

6 .«Не өзгерді?»
Мақсаты: Баланың ырықты зейінін дамыту.
Нұсқау: Қорапқа он шақты ойыншықтар салынып, оқушы көзін жауып қораптағы ойыншықтарды атап үстел үстіне шығарып қояды. Кейін шығарылған ойыншықтан бір – екі ойыншықты алып тастау. Содан соң бала көзін ашып қандай ойыншық жоқ екенің айту керек.

7. Құлақ — мұрын.
Мен қазір құлақ деп мұрынды ұстаймын, мұрын деп құлақты ұстаймын. Ал сіздер шатастырмай өздеріңіз ұстауыңыз керек. Немесе қол деп басымды, ауыз деп шашымды, кеуде деп аяғымды бірнеше қайтара көрсетемін. Егерде сіз шатысып кетсеңіз ойыннан шығасыңыз

8. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.)

«Майшам» соңғы деңгей.
Жарық өшіріліп, балалар дөңгеленіп тұрады. Майшам жағылып балалар сол майшамды жақсы сөздер айтып бір-біріне жалғайды. Балалар іштей армандайды. Сонда бір, екі, үш… майшамды балалар үріп сөндіреді.

Leave A Reply