Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 374 қаралым

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамыту

0

Батырбекова Г.Б.
«Балалар психоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мекемесі» КММ тәрбиешісі
Психикалық даму мүмкіндігі шектеулі бар балаларға оқу үрдісін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс. Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл даму мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға,тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруга мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуыныңалғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру – бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Танымдық қаблетті дамыту ойлау қызыметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Бала қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады. Ойлау-дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойлаудың негізгі қызыметі жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Ойлаудың дамуы дегеніміз – оның мазмұны мен формасының өзгеруі,ол оқушының танымдық қызыметі барысында пайда болады. Әдетте психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады:
1) Практикалық-қимылдық;
2) Көрнекі-бейнелік;
3) Сөйлеу-логикалық.
Заттық-әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Көрнекі-бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі жан-жақты көрініс береді. Сөзді логикалы ойлау қызыметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөздік логикалық ойлау деңгейін анықтауда мына әдістемені пайдаланамыз. Ұғымды анықтау, себебін табу, айырмашылығы мен ұқсастығын табу. Оны мына сұрақтар арқылы анықтауға болады:Таңертең адамдар таңғы тамағын ішеді. Ал түсте және кешке қандай тамақтарын ішеді. Жоғарыда көрсетілген әдістемелер арқылы ойлау деңгейлерін анықтап алғаннан кейін түрлі ойындарды сабақ барысында мазмұнына сәйкес ұйымдастыруға болады. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын турінде ұйымдастыра отырып, баланың ойлау қаблетін арттыруға жағдай жасау қажет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, оянған дара тұлға ретінде көрінеді. Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерінің сурет, мүсіндеу сабақтарында қосатын үлесі зор. Мысалы: «Бұл не?» ойынын алайық. Бұл ойынның мақсаты балаларға сөздердің дыбыстық құрамын анықтай білуге және суреттерді құрай білу дағдыларын дамытуға үйретеді. Ойын ережесі: суреттердің атын атап, көлем, түрі екенін табу керек. Осындай ойын тәсілдері арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қимыл-қозғалыс ой-өрісінің дамуына әсер етеді.

Leave A Reply