Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 075 қаралым

Мұғалімдерге арналған тренинг

0

Досанова Гулшара Назарбаевна

Теректі мектеп-балабақшасының психологы, Ақтөбе облысы Темір ауданы

Тренингтің мақсаты: мұғалімдердің бір сәтке болса да өмірдегі ауыртпалықтардан, қиыншылықтардан және күнделікті жай ғана кездесіп жүрген стрестен арылып, көңілдерін бір ғажайып әлемде жүргендей сезініп, жағымды көңіл-күй орнату.

Тренингтің өткізілген күні: 26 ақпан 2014 жыл.

Тренингке қажетті көрнекі-құралдар: слайд, майлықтар, доп, жай әуен, орындық және жастық, фольга, май шам, конверт, парақшалар, қалам.

Тренинг 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмалары бар. 

Ұйымдастыру кезеңі:

1.   «Ерекше есім»

Мақсаты: есімдерін теріс қарай атап айтып, өздерін таныстыру.

2.   «Қуыршақ сәлемі».

Мақсаты: қатысушылардың қиялын дамыту барысында майлықтан қуыршақ жасап ерекше сәлемдесу түрін ойлап табу.

Практикалық кезеңі:

3.   «Есте қалған қызықты оқиға».

Мақсаты: қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, допты бір біріне бере отырып, өміріндегі ең бір қызықты оқиғасын айту. Сол кездегі сезімдерін қазір қаншалықты естеріне түсіре алатындықтарын білу.

4.   «Менің әлемім» — слайд көрсету және сол слайдтан алған әсерлері туралы сөз қозғау, ой қозғау. Көрген слайдтан қандай әсер алдыңыздар? Не сезіндіңіздер? деген сұрақтар қою арқылы ойларын білдіреді.

5.   «Өз әлеміңе саяхат» — жай әуен арқылы релаксациялық жаттығу жасау (уақыты – 10 минут)

Жүргізуші: «Ыңғайлы отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Терең демалыңыздар. Шөлейт жерде жүргеніңізді елестетіңіз. Жан-жағыңызға қараңыз. Артқа қарасаңыз үлкен тау тұр – бұл сіздің өміріңіздегі қиындықтарыңыз. Енді қиындықты қалай жеңуді білесіз. Сіз тәжірибе алдыңыз. Енді алдыға қараңыз. Ғажайып оазис көріп тұрсыз. Бұл елес пе, әлде шөлейт жердегі жұмбақ па? Жақынырақ барсаңыз, елес жоғалмайды. Ғажайып бақшаға кіріп, жан-жағыңызға қараңыз. Қандай әдемі гүлдер және ағаштар салынған. Бұл бақшада өз гүліңізді отырғыңыз келе ме? Жұмысқа кірісіңіз. (Үзіліс) Қарасаңыз, Сіздің еңбегіңізден кейін бақша одан да әдемірек болады. Бұны өз еңбегіңізбен құра аласыз! Ал енді біздің бөлімге қайтып келіңіз».

Талқылау: Болашағыңызды қалай көрдіңіз? Әдемі бақша өсіру үшін еңбектену керектігін түсіндіңіз бе? Қандай сезімде болдыңыз?

6.   «Сиқырлы жастық».

Мақсаты: қатысушыларға өз тілектерін айтуға және топтан қолдау алуға мүмкіндік беру. Өз еркімен орындықтағы жастыққа отырып армандарын айту.

Өткізілу уақыты: 15 минут

Жүргізуші: «Менде сиқырлы жастық бар. Мен қазір жастықты ортаға қоямын. Әрбіреулеріңіз қалауыңыз бойынша, жастыққа отырып, өз арманыңызбен бөлісе аласыз. Жастыққа отырған адам, әңгімесін «Менің арманым…» деп бастайды.

Қалғанымыз мұқият, тыңдаймыз. Арманыңыз кез келген нәрсемен байланысты болуы мүмкін: отбасымен, достарымен, немесе осы топпен».

Талқылау: «Сиқырлы жастықта» отырғанда қандай сезімде болдыңыз? Басқа адамдардың арман тілектерін тыңдағанда қандай сезімде болдыңыз?  Өздігінен ортаға шығып, жастыққа отыру қиын болды ма? Арманыңызды дауыстап айту қиын болды ма? Не сезіндіңіз?

7. «Ертегілер елінде».

Мақсаты: фольгадан өз еркімен бір нәрселер жасау арқылы адамның бір нәрсеге бейімділігін аша білу. таныстыру.

Талқылау: май шам жағу арқылы жасаған нәрселерін таныстыра отырып, қандай сезімде болғандары туралы ойларымен бөлісу.

Қорытынды кезеңі:

8.   Рефлексия «Жедел хат».

Мақсаты: кері байланыс алу.

Нұсқау: қазір сіздер әріптестеріңізге бүгінгі тренинг туралы жеделхат жібересіздер. Жеделхат бірнеше сөйлемнен тұрады. Жүргізуші жедел хаттарды жинап үлкен конвертке салады. Қатысушылардың тренингтен алған әсерлері талқыланады.

Қатысқандарыңызға көп рақмет!

Leave A Reply