Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 582 қаралым

Ұлттық Бірыңғай Тест – білім сапасының негізі

0

Куатова Гулдаурен Тлеухановна,

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы С. Ешбаев атындағы орта мектеп психологы

Тренинг мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату.

Шағын топтардағы дискуссия.
Мақсаты: Қатысушыларға өздерін жақсы түсінуге көмектесу, сезімдерден, көзқарастарын қарастыру.
Уақыты: 25 минут.
Құрылымы: 4 шағын топқа бөліңдер. Мына принцип бойынша: -теңіз -өзен-көл-
Таймерді, хатшыны спикерді таңдаңдар. Қазір сендерге талқылайтын сұрақтар таратамын. Жұмысты орындауға сендерге 2 минут беремін.
1-топқа тапсырма: өз-өзіне сенетін, өз күшіне сенетін адам суретін сал.
2-топқа тапсырма: өз көңіл-күйіңді көтеру жолдары.
3топқа тапсырма: Емтиханда пайда болған қысымнан қалай арылуға болады?
4-топқа тапсырма: Сыныпқа кіріп келе жатқанда дайындалу кезінде және емтиханға жауап беру алдында қобалжу сезімінен арылу.
Ал енді мен спикерлерден талқылау барысындаға топтық идеяларды баяндау.
Тақырыбы: Емтихан уақытындағы көңіл-күй.
Материалдар: Магнитафон, ватман, А-4 форматтары, тесттер мен әдістемелерге арналған бланкілер, қалам.
«Сәлемдемелік хат» жаттығуы.
Мақсаты: Эмпатия сезімдерінің дамуы, топтық бірігудің жоғарылауы.
Құрылымы: Мен сізге өзіңіздің сәлемдемеңізді қағаз бетіне түсіріп, оны ларецке салуыңызды ұсынамын. Ал енді оны араластырамын. Қазір сіз топқа оқып беретін және бүгінгі кездесуден өзіңізге естелікке қалатын басқа сәлемдеме аласыз.
Анализ:
Сізге сәлемдеме жазу қиындық келтірді ме?
Сіздің сәлемдемеңізді оқығанда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Бүгінгі тренингтің тапсырмасын әрі қарай жалғастыруға дайынсыз ба?
«Өз жұлдызыңды тап» (арт терапиялық жаттығу)-
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет демалып, үш рет дем шығарыңыз… (баяу музыка ойналып тұрады)
— Ал енді көз алдыңызға жұлдызды түнгі аспанды елестетіңіз. Жұлдыздардың бірі сізге жақын болса, ал кейбір жұлдыздарды тек нүкте кейпінде ғана елестетіңіз.
— Сол жұлдыздардың ішінен өз жаныңызға жақынын, яғни сізге қарап тұрғанын таңдап алыңыз. Мүмкін осы жұлдыз сіздің арманыңызға ұқсайтын шығар, осы жұлдызға тура қолыңызды созып ұстауға тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз оны қалайда алдыңыз, оны ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, оған жақсылап қарап, оның қандай екеніне қарап жарықтығын еске сақтап қалыңыз.
Ал енді өз еркілеріңізбен төмен еңкейіп тізелеріңізді ұстап, кейін қарай шалқайып көздеріңізді ашыңыздар. Қолыңызға түрлі-түсті қарындаштарды, қағазды алып, өзіңіз таңдаған жұлдызыңыздың суретін салыңыз. Салған жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Олар сендерге білім жолында , барлық емтихандарда және өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты бір-біріне ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес тармағы секілді, ҰБТ-ның бес пәнінен де 5 деген баға алып шығуларыңызға тілектеспін!
3.«Лимон» жаттығуы
Мақсаты: Бұлшықеттің жиырылуын және босансуын басқару. Ыңғайланып отырыңдар: қолдарың тізелеріңе, алақандарың жоғарыда болсын.
Иықтарың мен бастарың төмен түскен, босаңсыған,көздерің жұмулы. Сенің қолыңда лимон жатыр деп елестет. Оны жайлап қыс, Лимонның сөлі шыққанша оны қыса түс. Қолыңды босансыт. Өз сезімдеріңді еске сақтаңдар. Енді лимон сенің сол қолыңда деп елестет. Жаттығуды қайтала тағы да босаңсыт та, өз сезімдеріңді есте сақта. Енді жаттығуды екі қолыңмен бірдей жаса. Босаңсыт. Тыныштықта отыру рахатын сезін.
Рефлексия: Не сезіңдіңдер?
4. Теңіз жағасындағы дауыстар жазылған үнтаспа қойылады, балалар жайланып отырады.
Релаксацияға арналған жаттығу «Теңіз жағасында».
Ыңғайланып отыр да көзіңді жұм. Үш рет терең дем ал. Өзінің ішкі тыныштық нүктеңді тап – ондай орын сенің Жаның, сен онда тыныш та жайбарақат күйге енесің.
Егер сен жақсылап құлақ салсаң. Онда толқындардың жағаға жайлап ығысқанын, су гүрілін естисің. Теңіз толқынының ырғағы бірқалыпты. Толқындар теңіз жағасындағы құмды тегістегендей, сенің ақыл-ойыңды тыныштандырады және айқындайды…
Сен өзіңнің теңіз жағасында отырғаныңды елестет. Сенің отырған жеріңнің құмы құрғақ, жұмсақ, майда. Жан-жағыңа көңіл аудар, сен жағада жалғыз екеніңді байқадың. Күн ұясына батып барады да аспан сары, қызыл, қызғылт түстерге боялды. Кеудеңе көбірек ауа толтырып, теңіздің тұзды иісін сезін. Теңіз ауасы таза және дымқыл. Сен шағаланың дауысын естисің.
Өзіңе маңызды маңызды сұрақ қою үшін сен теңіздің тыныштығын пайдаланасың. Қазір сен өзіңді жайбарақат сезінесің. Өз сұрағыңа қарапайым да, түсінікті сөздер тап. Сен өз сұрағыңа жайлап айтып жатқанда теңізге қара, теңіздің саған жауап беруіне дайын бол.
Мүмкін сен толқынның жағаға ұрғанын естірсің… Мүмкін теңіз саған бір сурет немесе бейне көрсетер. Мүмкін сен дұрыс жауапты табуға көмектесетін өзіңнен бір күшті сезімді сезінерсің… Өз сұрағыңды анық та, түсінікті етіп құруына теңіз, көмектесер. (30 секунд).
Енді сен жаныңның түкпіріндегі тыныш та, жайбарақат орныңмен таныстың, кез-келген уақытта, маңызды мәселелерді ойларда сен осы орынға келе аласың. Қазір сен осы орынмен қоштасып, бөлмеге жайлап келесің. Қолыңды соз, терең дем ал, көзіңді аш та, жақсы көңілмен осында қайт.
Рефлексия
Куатова Гулдаурен Тлеухановна
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
С. Ешбаев атындағы орта мектеп психологы

Танымдық белсенділікті дамыту сабағы

Тренинг:
— білімді дамытуда немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынадай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық селсоқтық; қылжақтық және т.б
1. «Сәлемдесу салты»
Жеке-даралықтың көп түрлілігі және өзара іс қимыл процестерінде жеке тұлғаның қасиеттерінің мәні туралы оқушылардың білімдерін өзектендіру. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей? Біз бүгін қатысушылар бір-бірімен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетеді.
— Бір-біріңе күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
— Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.
— Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
— Маңдайларын бір-біріне тигізіп амандасу. 5 мин.
2. «Сергіту жаттығулары-энерждайзер.
«Поезд» жаттығулары психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам – екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші-екінші-бірінші-екінші және т.с.с. шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі.2 мин

3. «Шеңбер бойынша сөз тізбегі»
Ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы «Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз» Енді оң жақтағы ойыншыдан
4. Пікірталас.
Мақсат дегеніміз не? Ол- жетістікке жетудегі өзіміздің жақсы жақтарымызды пайдалану, өмірде жеңімпаз болуға баратын бірден-бір жол. Егер адам өзінің арманына адымдап жүрсе, сол жолда өзіне сенімді болса, онда сәттілікке, жетістікке жетеді.
5.«Сенімділік»
Мақсаты: өзіне сенімділігін арттыру.
«Мен өзіме сенемін, өйткені…» сөйлемін аяқтау.
6. «Позитивтік шумақтар»
Жүрекшелер мен Күндер беріледі.
Жүрек:
Мен жетістік жолындамын,
Мен білемін, мықтымын.
Мен білемін,сеземін,
Өзімді биіктен көремін.
Жұлдыз:
Менде білім сенімдімін,
Барлығына төзімдімін.
Жетістікке жетемін деп,
Болашаққа үміттімін.
7. «Қуаттандыру»
Мақсаты: өзіндік бағалауын, сенімділігін, белсенділігін жақсарту.
Өзіңе деген сенімді жоққа шығарғысы келетіндерден аулақ бол. Бұл қасиет деңгейі төмен адамға тән. Ұлы адам, керісінше, сенің де ұлы адам бола алатыныңа сенім ұялатады. (Марк Твен)
Мақсаты:
Қатысушылар барлығы бірге қайталайды:
Мен осы өмірдегі ең үлкен байлықпын.
Мен үшін орындалмайтын ешнәрсе жоқ.
Менің қолымнан бәрі келеді.
Мен өзіме сендімін.
Психолог: өміріңіз бақытқа бөленсін, өміріңіз жарық болсын. Проблемаларыңызды шешетін қуат берсін! Бақытты болу үшін үміт берсін! Өзіңіздің күшіңізге сеніңіз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

Leave A Reply