Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

4 948 қаралым

Компьютердің бала денсаулығына зияны жөнінде

0

 

Казбекова Айман Темиркуловна
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №35 «Балдырған» бөбекжайының информатика пәні мұғалімі

Қазіргі кезде әр үйде компьютер бар. Балалардың басым бөлігі уақытын осы компьютермен өткізгенді ұнатады. Мамандар компьютерде ұзақ уақыт отыру, компьютерлік ойындарды ойнау адам денсаулығына өте зиян екенін айтады.
Компьютердің зияны туралы ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген.
Компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:
Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;
Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;
Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;
Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана тән «жабық әлем» қалыптасады. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.
Қорғану:
Компьютер мониторы мен өзіңіздің  арақашықтығыңыз кемінде 50-70 см болуы керек.
Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартып тұру керек. Күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізгеніңіз дұрыс.
Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Көз және дене жаттығуларын орындағаныңыз дұрыс.
Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.
Бір затты қолмен түртіп, ұстап көрудің орнына оны компьютерде қозғалтсаңыз, миыңыздың қимыл-қозғалысқа жауап беретін моторика бөлігінің үштен бір бөлігін мүлде қолданбайсыз. Моторика – ми мен қолдың әрекеттесуі. Яғни, компьютерде отырған адамның миының үштен бірі істемей тұрады,- дейді Шпитцер.
Шпитцер «Бала табиғи физикалық кедергілерден өтіп, кәдімгі өмірдегі түрлі мәселелерді шешіп дағдылануы керек. Компьютерді шамадан тыс пайдалану бала миының жетілуіне кері әсерін тигізеді» деген пікірді қолдайды. Оның айтуынша, виртуалды әлем бала миының толық дамуына мүмкіндік бере алмайды.
Сонымен қорыта келсек, баланың ұйықтайтын бөлмесінде теледидар және компьютер болмағаны дұрыс. Кез-келген ата-ана балаларына комьютердің зияны туралы үнемі ескертіп отырғаны дұрыс. Ата-ана әр жастағы баланың компьютерді пайдалану ұзақтығын білгені абзал. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес үлкендердің де денсаулығына зиян екенін білген дұрыс.

Leave A Reply