Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

6 358 қаралым

Әке – отбасының тірегі, баласының жүрегі

0

Оразбаева Гульназым Арыстановна,

ЖББ Х.Халиуллин атындағы орта мектеп психологы, БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы

Мақсаты: әкенің жағымсыз қылықтарымен айналысуының балаға қалай әсер ететіндігін ұғындыру, пікірлесу; баланың ішкі ойын, пікірін әкеге жеткізу; әкелердің мектеппен байланысын нығайту; педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын жүзеге асыру.

Бағдарламасы:

І. Кіріспе (2 минут).

ІІ. Негізгі бөлім (36 минут).

• «Жіп орамасы» тренингі (1 минут).

• «Ауызша волейбол» тренингі (2 минут).

• Ситуациялық сұрақтар (8 минут).

• Мақал-мәтелдердің жалғасын табу (10 минут).

• Кубизм әдісі арқылы тақырыпты ашу. (10минут).

• Оқушылардың пікірін жеткізу. (5 минут).

ІІІ. Тренинг (5 минут).

ІҮ. Қорытынды. (2 минут).

І. Кіріспе сөз:

• Тәрбиенің  ең алғашқы бастамасын бала отбасынан алады. Отбасы әр жеке тұлға үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, бұғанасын бекітіп үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Бала әке өмірінің жалғасы. Баланың қоршаған ортаға көзқарасын туғызып, жақсымен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу әкенің бұлжытпай орындайтын міндеті.

• Бала дегеніміз бойы ғана кішкентай үлкен кісі екенін есте ұстаған жөн. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата-ана өз баласының алдында өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттіліктің үлгісі ретінде танылуы бала үшін өте маңызды. Әсіресе әке тәрбиесі бала үшін ерекше орын алады. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол- әкенің қуанышы, бақыты. Сіздің өміріңіздің шын мәні бала, сәні бала, салтанаты бала, махаббат та, мәртебесі бала, өйткені баланың өсуі оның ұядан ұшқандағы алған тәрбиесі отбасының көрмесі. “Жақсы әке балаға өмірлік азық, жақсы ұл әулетке өмірлік қазық”- деген.

• Сондықтан бала тәрбиесі, мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Мен сізге маман педагог ретінде, сіз маған баланың  ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай үлгісі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, кездесейік, сөйлесейік бірігіп. Біздің мәпелеген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі,бізге ізгілігі қымбат!

Біздің «Әке – отбасының тірегі, баласының жүрегі» атты тренингтік – дискуссиямызға қош келдіңіз. Бүгінгі біздің әңгіме қылатын тақырыбымыз–зиянды заттар мен зиянды әдеттер жөнінде болмақ.

ІІ. Негізгі бөлім:

«ЖІП орамасы» жаттығуы

Мақсаты: әкелерді дискуссияға белсене қатысуға шақыру, көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойларын айтуға дағдыландыру, жаттықтыру.

Нұсқау: мына жіпті өздеріңізге қалауларыңыз бойынша үзіп алыңыз, енді осы жіпті саусақтарыңызға орай отырып, жіп таусылғанша өзіңіз, өз отбасыңыз, балаңыз, бала тәрбиесі жөнінде айтуыңыз керек.

«АУЫЗША ВОЛЕЙБОЛ» жаттығуы

Нұсқау: Ата-аналарға доп лақтыру арқылы қызықты сұрақтар қойылады, ата-аналар жауабын тез айтып допты қайта кері лақтыруы тиіс.

Сұрақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде қандай сөз бірінші ауызыңызға түседі?

Ситуациялық сұрақтар:

— Бір күні балаңыз таяқ жеп келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

— Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-5 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады… деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдар көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба?

— Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», — әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

— Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

Мақал -мәтелдерді жалғастыру:

1. Әке – асқар тау

Ана — /бауырындағы бұлақ /Бала – /жағасындағы құрақ/

2. Ұлың өссе

Ұлы /үлгілімен ауылдас бол/ Қызың өссе /Қызы үлгілімен ауылдас бол/.

3. Ұл жарытып ас бермес, /Әке өнегесін көрмесе/

4. Бала жақсы болса — /қуаныш,  жаман болса- қиналыс/

5. Әке көрген оқ жонар /Шеше көрген тон пішер/

6. Әкеге қарап ұл /өсер, шешеге қарап қыз өсер/

7. Ана баулыған қыз епті /әке баулыған ұл есті/

8. Ел ұлсыз болмас, Жер гүлсіз болмас.

9. Атасыз ұл ақылға жарымас, /анасыз қыз жасауға жарымас/

10. Ат тұяғын – тай басар,

11. Баланың ұяты  әкеге, Қыздың ұяты шешеге

ІІІ. Кубизм әдісі арқылы тақырыпты ашу.

Нұсқау: Құрметті ата-аналар! Алдымен бүгінгі біздің кездесу кешіміздің тақырыбын ашу үшін сіздерге түрлі-түсті кубик ұсынамын. Онда әр қабырғасында зиянды әдеттер жөнінде әртүрлі пікірлер берілген сол жазылған пікірді көпшілікке жеткізе отырып, өз ойыңызды айта отырыңыз.

1. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбiр адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткенi, денi сау адамның көңiл-күйi көтерiңкi болып, еңбекке әрқашан да құлшына кiрiседi. Халқымыз «Тәнi саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегi, көркеюi, балаларымыздың қолында.

2. Маскүнемдік – адамның қас жауы. Оның шырмауына бір оралған кісінің қайтып шығуы қиынға соғады. Осы күні ғылыми – дәрігерлік зерттеулер, сан-алуан дәрігерлік тәжірибелер мен бақылаулар алкоголизмнің ұзаққа созылатын, барған сайын емдеуі қиындай түсетін ауру екенін дәлелдеп отыр.

3. Егер адам ішімдікті неғұрлым ерте пайдалана бастаса, соғұрлым алкоголизм ауруы терең және тез дамиды. Бала шағынан, жас өспірім кезінен-ақ арақ-шараптың дәмін татқандар, оған құмар болып бастағандар көп ұзамай нағыз маскүнемнің өзіне айналады. Оның себебі – жас дене, жас организм алкоголь заттарына тез үйренеді, тез бағытталады. Жастар ішінде кездесетін алкоголизмді емдеу де басқаға қарағанда қиынырақ.

4. Арақ деген тiлсiз жау бүкiл қазақты жаулап алып, айтқанын iстетiп, дегенiне көндiрiп қайтып ақыл-есiн жия алмастай етiп, сана сезiмiн де ой-өрiсiн де жан дүниесi мен тән дүниесiн де улап тастаған тәрiздi.

5. Iшiмдiк денсаулықа зиян келтiредi (еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигiзедi, төбелестiредi, жанжалдастырады, қылмысқа апарады).

6. Маскүнем адам ақылынан айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигiзедi, оғаш қылықтар көрсетiп мазасын алады. Көп қылмыстарды шарап iшкен адамдар жасайды. Жол апаттары да көбiнесе iшкен адамынң кiнәсінен болады.

7. Арақ iшкi құрлысты уландырады. Арақ iшу- адамның өз қолмен өз өмірiн 15-20 жылғы қысқарту болып табылады. Арақтың ағзаға тигiзетiн әсерi: адам миына, жүрегiне, бауырына, жүйке жүйесiне әсерiн тигiзедi.

8. Iшкен адам адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, ешкiмге жаны ашымайтын қатыгезге айналады.

ІV. Оқушылардың пікірін жеткізу.

V. Тыныштық сәті.

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып-тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

Сізге өте жайлы, тып-тыныш, сіз тек менің дауысымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман, көз алдыңызға елестетіңізші, яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба, оны өзіңіз таңдайсыз…

Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз, алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз, сол жол кең бе, әлде тар ма, оны өзіңіз таңдайсыз.

Келе жатырсыз, алдыңызда әмиян жатыр, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба, оны өзіңіз білесіз.

Сіз келе жатырсыз, алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе, оны да өзіңіз шешіңіз.

Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңыздан үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе, өзіңіз біліңіз.

Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба, оны да өзіңіз біліңіз.

Келе жатырсыз, алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе, өзіңіз шешіңіз

Енді алдыңыздан өзен көресіз, ол өзен жай толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма, оны да өзіңіз таңдаңыз.

Интерпретация

Орман ол сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз, таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

Әмиян – ол сіздің ақшаңыз, сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз, қаржы жағынан қысыласыз.

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жай өтесіз, яғни төзесіз. Ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз, ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

Құмыра – ол сіздің ата — бабаңыздың байлығы.

Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз, өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен – ол жай болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны, ал шулап, тасып жатырса сіздің қаттылығыңызды білдіреді.

VІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Алкоголь барлық iшкi құрлысқа әсер етедi, оларды уландырады. Арақ iшу- адамның өз өмiрiн өз қолымен 15-20 жылға қысқарту болып табылады. Алкоголь  адамның қорғаныш күшiн төмендетедi. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулар, оның iшiнде туберкулез ауруынан құтылу мүмкiн емес. Iшкен адам адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, ешкiмге жаны ашымайтын қатiгезге айналады. А.П. Чеховтың мынадай сөздерi бар: «Адамның бойындағы бәрi де, киген киiмiде, жаны да, ойлары да әсем болуы керек. Ал мас болу өз еркiмен жындану».

Адамның мiнез-құлқына алкоголь әсер етедi. Арақ iшкен адам төрт күйге түседi. /тотықұс, маймыл, арыстан, шошқа/

(Салған суретiн көрсете отырып әнгiмелейдi)

… дегенде ол тотықұсқа ұқсап, жұрт көзiне түсуге тырысады, оның қимыл- қозғалысы да кербез әрi керiм болып келедi. Содан соң маймылдың қылығын шығарады, елдiң бәрiмен қалжындасып, қалжақтай бастайды. Одан кейiн ол арыстан кейпiне кiрiп, тәкәппарланып, өз күшiне сенген өркөкiрекке айналады. Бiрақ, ол ең аяғында шошқа болып батпаққа аунайды.

Iшкен адам айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сондықтан, iшу деген жалғыз бастың емес, ол- қоғамның мәселесi.

Iшiмдiкке салынған адам отбасында қандай болады?

Жауабы: Отбасына ойран салады, алған жалақысын iшiмдiкке жұмсайды, үйдегi нәрсенi бiр шөлмек араққа сатады, әке-шешесiнiң зейнетақысына жармасады, жұмыс iстемейдi, еңбектен гөрi ойында арақ тұрып, тепсе темiр үзетiн азамат сенделiп көшеде жүредi.

Leave A Reply