Ахунова Меруерт Ахметбекқызы,
Педагог-психолог, «Т.Есімжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, Аягөз ауданы, ШҚО
Мақсаты: Бала тәрбиесінде әкенің алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, әкенің бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Әке мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар: Бала тәрбиесіне арналған жаднама, «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, сулықтар, т.б.
Сабақтың түрі: тренинг
Сәлеметсіздер ме, құрметті әкелер! Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Мен сені түсінуге тырысамын…» атты тренингке қош келдіңіздер. Сіздермен бас қосудағы мақсатымыз – әкелер мен мектеп озара байланысты жақсарту, бала тәрбиесінде әкелердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру. Алдымен бір-бірімізбен танысып алайық.
І. «Есімдер аллитерациясы» жаттығуы жүргізіледі
— Есіміңіз кім – Балаңыздың есімі- Балаңыздың жағымды қылығы (әкелер)
ІІ. «Жанұя бақыты» моделін құру. Яғни, әкелер өз отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
ІІІ. «Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
ІҮ. «Диаграмма құрастыру» жаттығуы
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.
Ата-анаға:
1. Ұйқыға
2. Мектепке
3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға
Диаграмманы қорытындылау
Ү. «Адамдар не себепті ренжіседі?» деген мәселе жайлы ойланамыз. Таңдаған түстеріңізге байланысты жұпқа бөлінеміз. Енді бір-бірімізге қарама-қарсы тұрамыз. «Бір бірімізге жаман сөз айтамыз » ойыны. Жұптың біріншісі жаман сөздер айтса, екіншісі келісіп комплименттер айтады. Мысалы: 1- сен жамансың, 2- ия, мен жаманмын, келісемін, сен жақсысың т.с.с.
Талдау:
Жаман сөз айтқанда қандай сезімде болдыңыздар?
Мақтау қолпаштау естігенде ше?
ҮІ. «Жеті ата» жаттығуы. Әкелер өз жеті аталарын айту.
ҮІІ. «Нұсқау бойынша орындау» жаттығуы
— Айтылған нұсқау бойынша сулықты бүктеу.
Талдау: Айтылған нұсқау біреу. Брақ орындалысы әр -түрлі. Балалардың да қабылдауы әртүрлі болады.
ҮІІІ. «Өмірдің жеті қағидасы» жадынама тарату.
ІХ. Қорытындылау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» /кері байланыс/
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы, соның ішінде әкелер мен қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. Бала жанын түсіне білсек, оларды тыңдай білсек бала тәрбиесінде үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. Әкелердің тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.