Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 748 қаралым

Күлкі — өмірдің мәні (оқушыларға арналған жаттығулар)

0

Бектемирова Айгерим Торсановна,

Психолог, Ақтас негізгі мектебі КММ, Есіл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы

— Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық, Қараңдаршы, біздің шаттық шеңберіміз қандай керемет!

(шеңбер бойымен алдын ала дайындалған жүрекшелер қойылған)
— Әрқайсыларың өз жүректеріңді алып, артына қарасаңдар бір құпия табасыңдар.
— Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-біріңе күлімдей қараңдар;
— алақан бейнеленсе амандасайық;
— күн бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесейік;
— жүрек бейнеленсе – құшақтасайық.

«Айна» жаттығуы
— Нұсқау: өз-өзін мақтау.
Ортаға 5 оқушы шығады. Өз-өзін айнаға қарап мақтау керек.

«Алфавит» жаттығуы
Нұсқау: Екі сыныптан оқушылар шықсын. Бір, екі, үш дегенде алфавит бойынша тұра қаламыз.

«Көңіл-күйді бейнеле» жаттығуы
Ойланып тұрған адамның бет әлпеті
Ренжіп тұрған адамның бет әлпеті
Қайғылы адамның бет әлпеті
Ашулы адамның бет әлпеті
Таңданған кейіп көрсету
Өкініп тұрған адамның бет әлпеті
Қуанып тұрған адамның бет әлпеті

«Бұзық телефон» ойыны
Мақсаты: қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: 5 оқушы шықсын, біреуі қалады, төртеуі басқа бөлмеге шыға тұрсын.
Үлгі: Біздің мектепке жаңа компьютерлер сатып алынды. Бір айдан соң қазіргі тарих кабинетіне орнатады. Ал тарих кабинетін бірінші қабатқа басқа бөлмеге ауыстырады. Кешкісін компьютерде ойындар ойнауға болады. Сол үшін директорды үйіне ертерек жіберу керек.
— Ақпаратты бір қатысушы екіншісіне бергенде неліктен өзгеріске ұшырады?
(өйткені ол кері байланысқа түсуде түрленеді, әр адам әр түрлі тыңдап қабылдайды)
— Қанша адамнан өткен ақпарат көздеріне сенуге болады ма? (жоқ)

«Тілек шамы» жаттығуы.
Бүгінгі жаттығулардан алған әсерлерімен бөліседі және бір-біріне сәттілік тілеумен аяқталады.

Leave A Reply