Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

11 854 қаралым

Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету

0

Ешмухамбетова Г.Н.,
педагог-психолог, «Ғали Орманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КМ», Ақсу ауданы, Алматы облысы


Кейбір жағдайларда адам күйзеліске тап болады. Күйзеліс жағдайынан тыс қалуға кепілдік бермейді. Сонымен қатар да күйзеліс өмірдің бір жағымсыз жағдайы деп айтуға болады. Күйзеліске қарсы тұра білетін адам, күйзеліс жағдайында оған төте бере алады және оны жеңуге тырысады. Әр адамның күйзеліске реакциясы әрқалай болады. Ол тұлғаның типологиялық ерекшелігіне байланысты. Біреуі көп сөйлеп, тез қимылдайды. Басқалары баяу жүріп, үнсіз болып қалады. Сондықтан күйзеліс процесі әр адамда арқалай өтеді деп айтуға болады. Ал балаларда балалық шақтағы жанұя дау-жанжалдары арқылы басталады. Бірақ мектептеде, жанұяда да өзіндік сезімдерін өзгертуге әдейі үйретуге болмайды. Сондай-ақ кейбір келеңсіз жағдайларды женіп шығу қиын. Осындай күйзеліс жағдайында не көмектеседі? Қандай психологиялық көмек көрсетуге болады?

Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы. Асыра күш түскен жағдайда адамның көңіл-күйі нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады. «Күйзеліс» деген сөз ағзаның жай-күйін айқындайды, ол өмірдің қиын жағдайларына бейімделуге тырысады. Адам аса қиын физикалық және психологиялық қысымға ұшыраған кезде, ең алдымен оның ағзасы қорғануға тырысады. Бірақ одан кейін бейімделіп алады және аса жоғары қысымдағы реакциясы оңтайлы жағдай болып қалады. Мұндай жағдай оң күйзеліс деп аталады. Ол адамның дұрыс психикалық дамуына және қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет. Алайда ағза жиі миға салмақ түсуге немесе физикалық жүктемеге шамасы келмейді. Мұндай жағдайда кез келген қосымша қысым адамның дұрыс жай-күйін бұзуы және ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Енді күйзеліс түрлеріне келетін болсақ, физиологиялық және психологиялық түрі болады. Физиологиялық күйзеліс деп саналатын: өте ауыр физикалық жұмыстар, қауіпті аурулар, оттегінің жетіспеуі. Психологиялық күйзеліс деп саналатын: қорқыныш, қайғы, өкпелеу, ақпараттық ауыртпалық, ми жұмысының шаршауы. Сонымен қатар күйзеліс жағдайдын мынандай белгілері болады: ашуланшақтық, ұйқы көрмеу, еңжарлық, көңіл-күйінің ауытқуы, ойын ұштастыра білмеуі, қызба іс-қимылы, жылауық, түнгі үрейлер, асыра белсенділік, алаңдаушылық, желікпе қимыл, тәуелділік. Психологиялық күйзеліс жағдайында миға салмақ түскенде- ашу, қорқыныш, көңіл-күйінің ауытқы эмоциялары қатар жүреді. Біздің мақсатымыз оқушылардың күйзеліс жағдайға ұшырағанда, төзімділікке, табандылыққа, өзін-өзі психологиялық тепетеңдікті қалыптастыру, сақтай білуге үйрету. Қандай да күйзеліс теріс ықпал етсе, сондай-ақ оң ықпал етеді. Егер бала күйзеліс жағдайды жеңүге тырыспаса, ол дамымайды. Яғни күрес, талпыныс, дамудың стимулы болып саналады.

Жалпы психологиялық күйзеліс рухы әлсіз адамдарда жиі кездеседі. Рухтың әлсіреуі неден? Егер адам жастайынан шыңдалмаса сол бала рух әлсіреуіне бейім болады. Адам жастайынан дене еңбегімен көп айналысса (қара жұмыс, спорт түрлерімен), бұл адамда төзімділік, табиғи күшінің өсуі процесі байқалады. Бұл процесс психологиялық жағынан шыңдалуға апаратын баспалдақ. Яғни төзімділік – психологиялық табандылыққа, табиғи күшінің өсуі – өзіне деген сенімділікке апарады. Бұндай мектептен өткен адам, табиғаттың дүлей күштерін (қар, аяз, жаңбыр, ыстық, суық, дауыл) елеумен қатар, кез-келген әлеуметтік ортада өзінің толыққанды жеке тұлға екенін мойындата алады. Неге? Өйткені ол адамның бойында өзгелерге қарағанда қорқыныш сезімі анағұрлым аз. Ал қорқыныш – ол рух ауруы. Сондықтан бұл адам психологиялық күйзеліске өте аз ұшырайды. Баса айтатын жағдай, біздің көмегімізді қажет ететін тұлғалар – рух жағынан әлсірегендер. Қазіргі таңда бес саусақ бірдей емес. Бір оқушы жастайынан шындалған болса, біреуі ондай жағдайды басынан кешірмеген. Осы орайда педагог-психологтар әрбір баланың мінез-құлқын (темпераментін) дөп басып дұрыс диагностика жасай білуі керек. Өткені барлық оқушының әлеуметтік шыққан тегі, тұрмыс жағдайы, алған тәрбиесі, өмір сүру стимулдары бірдей емес. Біреуі батыл болса, біреуі жасықтау, біреуі мықты болса, біреуі әлсіздеу, біреуі шапшаң болса, біреуі шабандау дегендей. Сол себепті батылдау балаларға өмірде одан да жоғары нәтиже көрсету үшін қаталдау, бірақ әділетті ескерту жасап жігерін қайрап отыру керек. Ал рухы әлсіздеу балаларды көбінесе мақтау, жігерлендіру арқылы өмірге қызығушылығын оята отырып, қатарынан қалмауға психологиялық демеу көрсетілуі керек.

Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін. Қысқарта айтқанда қандай адаммен жұмыс жасасаң да, баланың ішкі дүниесіне жол табу басты нысана. Бұл айналып келгенде мұғалімнің құзыреттілігіне тікелей қатысты. Ең бастысы баланың жанын жаралап алмау. Бұдан шығатын қорытынды оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуы. Сондықтан ұстаздың басты міндеті тек қана білім беру ғана емес, баланы әлеуметтік ортада өз орнын тауып толыққанды тұлға жасап шығару. Бұл әсіресе біздің қазақ ұлты үшін жан ауыртар басты мәселе. Бұл үшін тек қана педагог-психологтар емес, әрбір класс жетекші, әрбір пән мұғалімі, керек болса қызмет басында отырған әрбір басшы аянбай өз үлестерін қосулары керек. Сондықтан баланың жанына жара салмай, рухын дұрыс тәрбиелеу- біздің үлкен борышымыз.

Leave A Reply