Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 471 қаралым

«Бірге оқимыз» тренингі / Ата-анамен жұмыс

0

Шашалова Гульден Ермековна,
Педагог-психолог, «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК, Ақадыр кенті, Шет ауданы, Қарағанды облысы


Мақсаты:
Ата-аналарды балалар оқуы мәселесіне тарту, бірлесе кітап оқуын ұйымдастыру; өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға адамдармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.

Қажетті құралдар:
Тренинг ережелері, қалам, «Бірге оқимыз», «Ашығын айтсам» сауалнамасының бланкілері. Желім, қайшы, картон, газеттер, ақ қағаз А4, қалам, маркер, скотч.

Тренинг бағдарламасы:
1. Шаттық шеңбер
2. Топтық ереже
3. Жаттығу «Кітап оқу».
4. Шығармашылық тапсырма «Ертегі құрастыр»
5. Сауалнама жүргізу «Бірге оқимыз»
6. Талдау
7. Қоштасу «Достар, біз сіздерге тілейміз…»

Тренинг барысы
Психолог: Сәлем, қымбатты достар! Бүгінгі болғалы отырған тренингімізден сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын.
Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесіздер. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуіміз бір-бірімізбен көбірек танысып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту арқылы, ынтасын арттыруға арналады.

1. Шаттық шеңбері:
Ата-аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу.
Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Ал енді ата-аналарымыз, қолынан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Біз балалармен шаттық шеңберін күнде жасап жүрміз, ал сіздер қалай ойлайсыздар осы доңгелек шеңберді не үшін «шаттық шеңбер» деп атайды? Өйткені шеңбер аспандағы күн сияқты жылу беріп, шуағын шашып тұрады. Шеңберге тұру арқылы бір-бірімізге деген жылулықты, мейірімділікті сезіне аламыз. Бір-бірімізге құрметпен қарап, сыйлай білуді үйренеміз.
Сіздермен қарым-қатынасқа түсу үшін таныстық шеңбер жасайық.
Танысу: Әр ата — ана өзін таныстыру керек, өзі туралы ақпарат береді.
Мысалы Менің атым- Назерке, мен- Айсезімнің анасымың, дизайнер болып жұмыс істеймін.

2. Топтық ереже қабылдау.
Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.
Топтық ереже:
— ашық әңгімелесу
— белсенді болу және әзілдесе білу
— бағаламау
— өз еркімен қатысу
— осы жерде және дәл қазір

3. Жаттығу. «Кітап оқу».
Бұл ойын балаларға кітапты оқу әдісінен ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жүргізуші кітапты ата-аналарға дауыстап оқуға береді –бірінші ата-ана теріс отырып, басқаларға кітапты оқып береді. Екіншісі- кітапқа ғана қарап, интонациясыз кітапты оқиды. Үшіншісі- кітапты мәнерлеп оқып, әртүрлі қимылды көрсетеді, көңілді дауыс ырғағымен .
Жүргізуші сұрақ қояды: — Сізге қай вариант ұнады? Кітап оқу оңай ма? Сіздің қолыныздан келе ма?

4. Шығармашылық тапсырма «Ертегі құрастыр»
Ата-аналарға газет-журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, өз ойларынан шағын әңгіме, ертегі құрастыру тапсырылады. Барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді; оларға қағаз, газет, фломастер, желім, скотч пайдалану арқылы кітапша, буклет дайындау тапсырылады. Әр топ өзінің дайындаған жұмыстарын әңгімілеп,таныстырады.

5. Сауалнама жүргізу. «Бірге оқимыз»
Тренинг соңында «Бірге оқимыз» сауалнамасын толтырылады. (Барлық қатысушыларға сауалнама бланкілері таратылады.)

6. Талдау
Қатысушылардан алған әсерлерімен, көңіл-күйлері сұралады

7. «Көріскенше күн жақсы». (Қоштасу)
Тренинг соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.

Leave A Reply