Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

5 748 қаралым

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру

0

Токумбаева Шолпан Жумабайқызы,

Жантанушы, №13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы, Қостанай қаласы


Қазіргі таңда балабақша орындарында ең басты жағдай-ол тәрбиешілердің ата-аналармен қарым-қатынастары және балаларға білім беру. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да, одан әрі балабақшамен байланыс арқылы жалғасады. Отбасындағы тәрбие мақсатына рең беретін нәрсе ол әрбір ата-ананың өз баласын қандай етіп өсіргісі келетіндігі жөнінде түсінігінің болуы. Мұнда баланың жеке ерекшеліктері және бейім қабілеттері назарға алынады.

Отбасы мүшелерінің, сондай-ақ отбасы мен балабақшаның арасындағы, тәрбиелеу ұғымындағы кереғар пікірлер баланың жалпы дамуы мен жүйке психикасының дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды. Жекелеген нақты отбасындағы тәрбие мақсатын анықтауда ата-аналар балалардың жеке және жас ерекшеліктері туралы,олардың даму тенденциялары кезіндегі ерекшелігі туралы біліктік түсініктерінің болмауы салдарынан қателіктерге ұрынып, тығырыққа тіреледі. Бала тәрбиелене отырып, ойын, оқу іс-әрекеті барысында білім алады.

Педагог ғалымдардың тұжырымына сүйенсек және жұмыс тәжірибенің көрсетуі бойынша: тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасының үлгі өнегеге байланысты екенін білеміз. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» — деген қазақ халқының мақалы осы жерде орынды болар. Отбасы бала үшін- өмірлік маңызды әлеуметтік орта, бұл ортаның рөлі үлкен. Отбасының жылылығы мен махаббаты – баланың өзіне деген сенімін арттырып, болашаққа нық басуға зор ықпал береді. Отбасындағы ересектердің мінез-құлқына, мәдениетіне, іс-әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланы бірден көруге болады.

«Бақытты балалық шақ» деген ұғымның өзі отбасы мен балабақшаның тығыз байланыста ұйымдастырылған жұмысының нәтижесі десек, артық болмас. Бала тәрбиесі бесіктен басталады деген зиялы тұлғалардың сөздеріне іспеттес: тек балабақша, мектеп, оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелерінің бәрінің тигізер әсері мол. Балабақшада ата-аналарды ұйымдастырып, балалардың балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған әс-шаралар өтуізу қажет. Оған сауықтыру кештері, ертеңгіліктер, тренингтер, пікірталаc кештері, сауалнамалар жатады. Осындай отырыстар арқылы ата-аналар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ мәселелерді бірге шешуге тырысады. Өзімнің жұмыс тәжірибемнен: салауатты өмір салтына байланысты «Жүрек жылуы» және «Тәрбиешілер мен ата-аналардың қарым-қатынасын ұлғайту» тренингі ойдағыдай дәрежеде өткізілді. Тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етті. Осы жерде отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық пен сабақтастықты көруге болады.

Қазіргі кезде жас ұрпақты ұлтжандылық пен имандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектепке дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізде ұйымдастыруға аса көңіл бөлуде. Осы мақсатта біздің №13 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы іргелі жұмыстарды атқаруда.Балалар жас ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінген, әрбір топта баланың күнделікті өміріне қажетті мүмкіндіктер мен жағдайлар толық қамтамсыз етілген. Ұлттық салт-дәстүрді бала санасына жас кезінен қалыптастыру мақсатында әр топқа қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарынан жинақталған бұрыштар ұйымдастырылған. Бала тәрбиесін талап деңгейіне сай жақсы жолға қою үшін балабақша ұжымы мен ата-аналардың бірлескен ынта –жігерімен, іскерлігімен көптеген жұмыстар атқарылуда.

Leave A Reply