Батырғалиева Гулбаршын Жардемовна,
Педагог-психолог, С.Есетов атындағы ОЖББ мектебі, Талдықұдық ауылы, Казталов ауданы, БҚО
Мақсаты: жәбірлеу мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және алдын алатын мүмкіндікке әкелетін ата-ананың тәртібінің алгоритмін дайындау.
Кіріспе:
Тренинг өтілу барысындағы ұстанымдар:
— Бірлік және ынтымақтастық;
— Тренингке қатысушылардың белсенділігі;
— Пікірлер нақты, қоғалып отырған мәселеге байланысты болуы керек;
— Топтың жұмыс тәртібін сақтау қажет.
Топқа бөлу:
Қатысушы ата-аналарды «Ана», «Әке», «Бала» туралы әндердің аттары жазылған қағаздарды таңдату арқылы 3 топқа бөліп отырғызу. (Жүргізуші бір әуенді ыңылдап айтып, топтың ортасымен жүреді, қай ата-анада сол әннің аты жазылса, сол ата-ана жүргізушінің соңынан еріп, сол топқа арналған столға барып отырады.)
Шағын дәріс: «Бала өміріндегі жәбірлеудің түрлері»
Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін ажыратады:
1. Физикалық жәбірлеу — ата-ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық әрекет жасау.
2. Психологиялық жәбірлеу — ата-ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің және балаға жылы қарым-қатынастың болмауы, осының нәтижесінде баланың көңіл-күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді, сонымен қатар баланы қорқыту.
3. Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсатысыз немесе, оның жасы келмегендігін, яғни есі кірмегендігін пайдаланып өздерін қанағаттандыру үшін жыныстық қатынасқа салу.
4. Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.
Балаға физикалық жәбірлеу жасалды, егер:
1. Оны азаптаса;
2. Оны ұрып соқса;
3. Оның денсаулығын бұзса;
4. Оның жыныстық тәуелсіздігін бұзса;
5. Оны туыстарынан, ата-анасынан және достарынан айырса;
Балаға психологиялық жәбірлеу жасалды, егер:
1. Намысқа кір келтірсе;
2. Балағаттаса;
3. Баламен байланыс кезінде біртектілікті ұстанбаса;
4. Баланы ұялтса;
5. Баланы ақпаратты басқа ересекке хабарлау үшін қолданса;
6. Оны қорқытса. Қорқыту әрекеттері: көзқарастар, бой, жас, айқай, балаға, оның ата-анасына, достарына, жануарларына және т.б. қатысты үрей көмегімен іске асырылады.
Балаға жыныстық жәбірлеу жасалды, егер оны (оның рұқсатымен немесе рұқсатынсыз) ересек адам қанағаттанну мақсатында жыныстық қатынасқа салса;
Баланы экономикалық жәбірлеу жасалды, егер:
1. Оның негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылмаса;
2. Оның тәртібі ақша көмегімен қадағаланса;
3. Ересектер отбасы ақшасын шашса;
4. Ажырасу кезінде бала экономикалық сауда құралы ретінде қолданылса.
Топтар бойынша жағдаяттарды талдау:
І топқа:
Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты орындаушы, жүзеге асырушы қалыпты ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан жылы сөз естімеді.
Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың осылай болып өскендігін қалайсыз ба?
ІІ топқа:
Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Бала сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп, анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.
— Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?
— Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?
ІІІ топқа:
Жазғы каникул кезінде Айгүл аулады орындық үстінде құрбыларымен әңгімелесіп отырды Ол 11 жаста. Одан ересектеу көрші қыздар темекі тартты. Мұны байқап қалған көршілер ата-анасына Айгүл де темекі тартты деп айтып қойған. Ренжіген Айгүлдің ата-анасы оны жазалау ретінде оны 2 апта телефонды қолдануға, телевизорды көруге рұқсат етпей, көшеге шығармай қойған.
Қызының еркін жүріп тұруын шектеген ата-ананың әрекеті дұрыс па ?
Ата-ана ретінде бұл мәселені қалай шешер едіңіз ?
Барлық топқа:
Математика сабағында есеп шығарудың орнына қызға хат жазып отырған Даниярды байқап қалған мұғалім хатын тартып алып, оны бүкіл оқушыларға оқып береді. Қатты қорланған бала мұғалімге жаман сөз айтып, сыныптан жүгіріп шығып кетеді.
Бұл жағдайда жәбірлеудің қандай түрі байқалады?
Кімдікі дұрыс?
Мәселені сіздер қалай шешер едіңіздер ?
Ата-аналарға жаднама тарату.
«Қарым-қатынас шеңбері» жаттығуы
Барлығы ортаға шақырылады. Әр топ өздері шеңбер құрады. Сыртқы шеңбердегілер Ата-аналар, ал ішкі шеңбердегілер балалар рөлін ойнайды. Ата-аналар естігенді орындайды.
Балаңызды мектепке қалай шығарып саласыз?
Балаңыздың шашын дұрыстаңыз.
Балаңыз аудан орталығына жарысқа кетіп барады, қалай шығарып саласыз ?
Балаңыз алыстан келгенде, сағынышыңызды қалай білдіресіз?
Балалар ауысып тұрады.
(Сосын ата-аналар орын ауыстырады. Сыртқы шеңбердегілер ортаға кіріп бала ролін, ал ішкі шеңбердегілер сыртқа шығып ата-ана рөлін сомдайды )
Балаңызды мақтаңыз.
Балаңызды еркелетіңіз.
Балаңызды құшақтаңыз,
Балаңыздың бетінен сүйіңіз.
Балаңыздың қуанышты хабарын қалай қабылдайсыз?
Балаңызды ұйқыдан қалай оятасыз?
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Несімен?
«Ата-ана күннің сәулесінде» жаттығуы.
Алдын –ала дайындалған плакаттағы КҮН бейнесіне сәулелерін жапсыру ұсынылады. Әр ата-ана өзіне ұсынылған сәулеге күннің жерді жылытқанындай, мен өз баламды немен жылытамын деген сұраққа жауап жазып, күннің сәулесі ретінде плакатқа жапсырады. Мыс: «Мен баламды жақсы мейірімді сөздеріммен оятамын», «Мен мейірімдімін», «Мен баламды күніне 7-8 рет құшақтаймын», т.б.
Рефлексия.
– Олай болса, бүгінгі тренингімізді қорыта келе, тренингтен алған әсеріңізбен бөлісуге шақырамын.
Қорытынды: «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»,-А.С.Макаренконың сөзін естен шығармайық.
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алу