Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 364 қаралым

Бақытты отбасы – сауаттылық белгісі (аудандық семинарда жүргізілген шеберлік сыныбы)

0

Жакешова Айгерім Тұралиевна
№3 Шұбарқұдық орта мектебінің психологы, Шұбарқұдық кенті Темір ауданы Ақтөбе облысы

Сәлемдесу жаттығуы: /музыка/ «Көңілді күн»
Нұсқау: Холерик, Сангвиник, Флегматик, Меланхолик. Мінез-құлық ерекшелігіне қарай амандасу түрлерін көрсету.

«Ай жаңалығы» жаттығуы
Нұсқау: Алдарыңыздағы стикер арқылы кешегі, бүгінгі, келесі айларда болған іс-әрекеттерді сурет арқылы бейнелеп көрсету.

«Мен бейнесі» арт-терапиялық жаттығуы
Керекті құралдар: фольга, А-4 форматтағы қағаз, ермексаз.
Мақсаты: Шығармашылық қиялды дамыту.

«Амандасу» жаттығуы
Мақсаты: Топпен жағымды қарым-қатынас орнату.
Нұсқау: Нұсқау бойынша қатысушыларға есімін айтып, сол есіммен байланыстырып немесе өз ойымен іс-қимылмен көрсету ұсынылады.

«Мен кіммін?» жаттығуы
Мақсаты: Өмірдегі орын алатын статусын анықтау. Өз менін қалыптастыру.
Нұсқау: Нұсқау бойынша мен кіммін деген сұраққа 20 жауап беру ұсынылады. Алғашқы бесеуіне талдау жасау.
Әлеуметтік
Жеке адамдық
Отбасылық
Рухани-тарихи
Осы топтастыруға сәйкес, жауаптарыңызды негізге ала отырып, өздеріңіздің метафоралық бейнелеріңізді ермексазбен ақ параққа түсіріңіз. Жасалған бейнеге сәйкес тақырып қою керек.

Көрме ұйымдастыру.
Жасалған бейнелерден көреме ұйымдастыру. Сол көрмеге қатысушылар өз ойларын кішкене парақшаға жазып қалдыру ұсынылады.
Жұмыс қорытындыланып, әрбір бейненің авторы өз тақырыбына сәйкес біреуін таңдайды.
Кері байланыс.

«Менің қиялымдағы бейне» жаттығуы
Мақсаты: ішкі жан әлемімен сырласу, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Нұсқау: Нұсқау бойынша қатысушылар есімімен, фамилиясында кездесетін әріптерден бұрын айтылмаған ерекше есімді құрастырады. Сол есімнің негізінде кейіпкерді фольгадан құрастырады. Кейіпкердің бейнесін ашатын бір заттарды қосу ұсынылады.
Кейіпкерлермен байланыстырып, тілек тілеу.
(қасиетін, адамдарға беретін жақсылығын)
Кері байланыс:

«Теңгерім шеңбері» бағалау әдісі (авторы: Н.А.Цветкова)
Мақсаты: Отбасылық өмірінің әртүрлі салаларымен қаншалықты қанағаттанатындығын түсінуге көмектесу.
Нұсқау: «Теңгерім шеңберінің» 6 секторы бойынша: Репродуктивті – өмір өндіру (бала туу, ұрпағының жалғасуы); Экономикалық-отбасылық бюджеттің құрылуы; Шаруашылық-тұрмыстық – өз шаруашылығын жүргізу (отбасы мүшелерін тамақпен жылумен қамтамасыз ету ); Тәрбиелік – балалардың тұлғасын қалыптастыру (тілді, салт-дәстүр, еңбек дағдысын қалыптастыру); Қалпына келтіру – денсаулықты, өмірлік тонусын қолдау, отбасының демалыс уақытын ұйымдастыру; Коммуникативті қарым-қатынас – әлеуметтік қоршаған ортамен (достармен, тума-туыспен). Дөңгелектің әрбір бізі – 0-ден 10-ға дейінгі бөлгіш шкаламен есептеледі.

Зерттелушінің аты-жөні: __________________________________
Жасы_________

Экономикалық

                           Репродуктивті                                                                          Шаруашылық-тұрмыстық

Коммуникативтік қарым-қатынас                                                                Қалпына келтіру

Тәрбиелік

Алдарыңызға шеңбер салынған парақша берілген. Сол парақшадағы өз бойларыңыздағы қасиеттеріңіздің қаншалықты құндылықты қызмет атқаратынын көрсетіңіздер.

«Ертегілер елінде» арт-терапиялық жаттығуы.
Нұсқау: Сіздерге белгілі бір ертегі бейне фильм көрсетіледі. Сол фильмді көріп болған соң өздеріңіз естеріңізде қалған жерлерін бейнелеп көрсетіп бересіздер. /бірінші топ мазмұнын айту; екінші топ эмоция арқылы дауыс ырғағын салу; үшінші топ көрініс; төртінші топ талдау/

«Жүрек жылуы» ойыны
Нұсқау: Алдарыңызға түрлі-түсті барқыт қағаз беріледі, соған семинардан алған әсерлеріңізді жасап жапсырасыздар.

Leave A Reply