Баймбетова Мира Қуатжанқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-бала бақшасының педагог-психологы
Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайта отырып, ата-анадан бала тәрбиесіне қатысты мәселелерден пікірлерін сұрау, еркін әңгіме тарату.
Түрі: кездесу сағаты
Жоспары:
І. Сәлемдесу. Топқа бөлу
ІІ. «Бақытты отбасы» туралы зерттеулермен таныстыру
ІІІ. «Бақытты отбасының бәйтерегі»
ІV. Сергіту сәті: «Көңілді күн»
V. Ой жинақтау
VІ. «Аңдар мен жәндіктер»
VІІ. «Жүректен-жүрекке»
Өту барысы:
Сәлеметсіздер ме, қадірлі ата-аналар! Қош келіпсіздер! Бүгін 5-7 сынып ата-аналарымен «Ата-ана бақыты – бала» атты кездесу сағаты өтеді.
Кіріспе: Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі, саналы, мәдениетті, жүрген ортасына сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі, өнеге көрсетуінде» деген екен. Сондықтан жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі. Сондықтан балада ағаш сияқты. Қалай өсірсең солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында дегім келеді.
1. Сәлемдесу рәсімі
Әр елдің өзіндік сәлемдесу рәсімдері болады екен, әуеннің ырғағымен билей жүріп иықтарымен, маңдайларымен, қолдарымен, тізелерімен амандасып шығу.
2. Британ зерттеу орталығының сарапшылары жүргізген зерттеулер үш параметр бойынша «бақытты елді» анықтапты. Қойылған талаптардың біріншісі – тұрғындардың өз өмірлеріне қанағаттануы, екіншісі – өмір сүру ұзақтығы, үшіншісі – экологиялық жағдай.
Таңдауға Европаның 30 елі қатысқан. Нәтижесінде Скандинавия мемлекеттері ешкімге дес бермей, көшбасына шыққан. Атап айтқанда, Исландия 1-ші, Швеция 2-ші, Норвегия 3-ші, Дания 6-шы орыннан көрініпті. Төртінші орынға жайғасқан Швейцарияда Еуропа бойынша ең ұзақ өмір сүретін адамдар тұрады екен. Ондағы халықтың өмір сүру ұзақтығы әйелдерде – 72,5% жас, еркектерде – 61,5% жасты құрайды. Европа бойынша ең төмен өмір сүру ұзақтығы Латвияда 70,7% жас. Ал әлем бойынша бақытты елдер рейтингісінде Тынық мұхитында орналасқан арал мемлекет – «Вануату» деген ел көш бастайды екен. Демек мемлекет «бақытты» болуы үшін оның атышулы алпауыт болуы міндетті емес.
Бақытқа жету, бақытты болу – бар адамның арманы. Патеиалар өздерінің зәулім сарайларында қалай бақытты болуды аңсап бас қатырса, кедейлер лашықтарында отырып, көздеген мұратына жетсем деп күнін күрсінумен өткізген. Әрқайсысы өз бақытын табу жолында мына өмірдің сан қилы соқпақтарынан өтуге бел шеше кірісіп, қаншама тауқымет көрсе де, кідіріссіз алға ұмтылумен болған.
3. «Бақытты отбасының бәйтерегі»
Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып, ағашқа бекітеді.
4. Сергіту сәті: «Көңілді күн»
5. Ой жинақтау
Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I. Бала – білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек?
II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
III. Мұғалім мен ата-ана байланысының тиімділігі бар ма?
6. «Аңдар мен жәндіктер»
Ата-аналарға қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріңе ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыңдар. Әркім оқылған сөйлемдерді тыңдайды, өзінің кім екендігін анықтау.
Қорытынды:
1. Мені жұрт … деп ойлайды.
2. Достар арасында …
3. Сіз жұмыста…
4. Жарыңыздың алдында…
Қорытынды:
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.