Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

5 287 қаралым

Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы

0

Керханабаева Шолпан Сейтжапарқызы,
Педагог-психолог және Өзін-өзі тану пән мұғалімі, №13 Аркадий Гайдар ат. орта мектеп, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы

Мақсаты: Психологиялық деңгейде ұстаздардың ақпараттық технологияны пайдалануы туралы толығырақ мәлімет алу, мотивациялық белсенділігін арттыру.
Жеке бас дамуына көңіл бөлдіру, жаңа білімді қалыптастыру өз міндеті деп санауға жаттығу деңгейінде меңгерту.
Жұмысты жүргізу әдісі: тренинг.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, плакаттар, бояулар, ақ парақтар, әуендері бар диск.
Техникалық құралдар: компьютер.

Жүргізілу барысы:
— Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!
«Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Бұл кездесудің мақсаты- ақпаратты технология және оны пайдалану туралы толығырақ мәлімет алу.

І. «Танысу» жаттығуы.
Мақсаты: топтағы психологиялық ахуалды орнату.
Психолог-жүргізуші: әр қатысушы өзінің есімін айтып, табиғаттың бір құбылысымен салыстырады: «Менің есімім Шолпан, мен көктемгі жылы жаңбырмын».
— Өздеріңізге салыстыру табу қиын болды ма?

ІІ. Ширату- энержайзер.
Нұсқау: қазір сіздер ақ параққа 1,2,3,4,5 деген нумерация қойып шығасыздар. Әр жолға сізге ұнайтын әндердің атын жазып шығыңыздар.
Нәтиже:
1 – бұл сіздің қазіргі өмір жағдайыңыз;
2 – бұл 2 жылдан кейінгі өмір жағдайыңыз болуы мүмкін;
3 – бұл 5 жылдан кейінгі өмірлік деңгейіңіз;
4 – бұл 25 жылдан кейін, не болмаса сәйкес келсе күміс тойларыңыздың қарсаңындағы өмір жағдайыңыз;
5 – бұл 50 жылдағы, алтын той қарсаңындағы өміріңіз.
Әрине бұл қалжың- шыны бар аралас тесті.
Дегенмен, кім өз ойымен бөліскісі келеді? Кімде қандай сәл де болса сәйкестік болды?

ІІІ. «Ой қозғау»
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет». Н. Назарбаев.
Жыл өткен сайын технологиялық деңгейдегі педагогтар саны артып келеді. Ұстаздар педагогикалық мамандыққа қатысты және пән аумағына сай бағдарламаларды тез меңгеріп, интерактивтік құрылғыларды кәсіптік қызметтерінде шеберлікпен қолдануда. Өздеріне электрондық портфолио жасақтап, (электрондық оқулықтар, электрондық сабақтар, интерактивтік тақтамен өткізілетін сабақтар, сыныптан тыс шаралар) ақпараттық технологияларды игеріп, ұтымды, белсенді түрде пайдаланып жүр.
АКТ-ның басты құралы – компьютер, программалық жабдықтармен телекоммуникация құралдары.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі АКТ-ның сапалы және қолжетімді білім беруде маңызы зор екендігін көрсетеді.
Барлық нәрсе мұғалімнен бастау алады! Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде «…мұғалім қандай болса, мектеп де сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен.
Олай болса, егер мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияға бағытталса, ақпаратпен жұмыс технологиясын жетік меңгерсе, онда ақпараттық қоғамда өмір сүріп, оның талабына сай бейімделе алатын келер ұрпақтыңда іргетасы берік қаланады.
а) «Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы.
ә) ХХІ-компьютер техника ғасыры.
б) «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін-білім» М.Әуезов.
в) Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман екенін ұмытпайық.
Топқа бөлу: түрлі-түсті қағаздарды таңдап алыңыздар. Осы стикерлер бойынша үш топқа бөлінеміз.

ІҮ. «Мұғалімнің бейнесі».
І-ші топқа тапсырма: бұдан 10-15 жыл бұрынғы мұғалімнің жұмыс барысын суретке салу.
ІІ-ші топқа тапсырма: қазіргі мұғалімнің іс-әрекеті.
ІІІ-ші топқа тапсырма: болашақтағы мұғалімнің жұмыс барысын бейнелеу. Сондай-ақ, мұғалімнің 4 жақсы қасиетін жазыңыздар. Орталарыңыздан бір ұстаз шығып, жұмыстарыңызды қорғап шықсын.
Рефлексия:
— Иә, жұмыстарыңызды қорытындылай келе, «Ақпараттық сауаттылықтан — ақпараттық мәдениетке»- деген нақыл сөздерді айтып өткім келеді. Өйткені, мұғалім қанша сауатты болса да, ол өз жұмысына шығармашылық пен ізденісті қосу керек!

Ү. Аффирмация.

Мен өз мамандығымды өте ұнатамын. Ақпараттық технологияны жеңіл, оңай қолданудамын. (5 мәрте қайталау).

ҮІ. «Адамдар және жеміс-жидектер» тесті.
— Қазір бір параққа өздеріңізге ұнайтын жеміс-жидектің суретін салыңыздар. (слайдта берілген).
— Бұл жеміс қандай, ішіне жазыңыз? (Піскен бе? Дәмі қандай?)
— Жемістің кімде піспегені бар? Бәрінің жемісі піскен болу керек. Себебі: сіздер осы іспен айналысып жүргендеріңізге бірнеше жылдың жүзі болды.
— Бұл сіздердің жұмыстарыңыздың жемісі.

ҮІІ. Шеринг.
— Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыздар?
— Ұстаз болу қадірлі де, қасиетті мамандық. Біздің шәкірттеріміз тек жетістіктерімен қуантсын! Көңілдеріңіз әрқашанда жайдары болсын!

ҮIII. «Менен сұрақ, сенен жауап» кезеңі.
Үш топқа сұрақтар беріледі. Әр топ осы сұрақтар бойынша ойларын айтады.
1. «Компьютерлік сауатты болу баршаға міндетті ме?» тақырыбында үш топ ойларын ортаға салады.
2. Интернеттен керекті мәліметті қалай іздеуге болады және өзіңізге керекті мәліметтерді аласыз ба?
3. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін компьютердің қандай құрылғыларын білесіздер?

Leave A Reply