Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 250 қаралым

Отбасы – өмір аясы (ата-аналар жиналысы)  

0

Баймбетова Мира Қуатжанқызы

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-бала бақшасының педагог-психологы

Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру.Тренингке қатысушылар арасында жағымды әсер қалыптастыру, жақсы көңіл-күй сыйлау.

Көрнекілігі: сағат, музыка, қалам.

Қатысушылар: 4-сынып ата-аналары.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын. Ата-аналар хормен мына өлең жолдарын әуенге қосып айтайық.

1. Білер қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы

Алдымыздан кездескен,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

2. Комплимент айту

Ата-аналар шеңбер жасап отырады. Бір-бірімізге гүлді беріп, комплимент жақсы сөз айтамыз.

3. Сағат тренингі

Шарты: берілген сағат бейнесінің әр таңбасына қатысушылардың есімін жазып, нұсқауды орындау.

1. Қолыңызды қысыңыз

2. Арқасын қағыңыз

3. Күлімсіреңіз

4. Қол бұлғаңыз

5. Көзіңізді қысыңыз

6. Тізелеріңізді түйістіріңіз

7. Қол ұстасып айналыңыз

8. Беттерінен сүю

9. Массаж жасаңыз

10. Арқаларыңызды үйкеңіз

11. Төс қағыстырыңыз.

12. Бір сөйлеммен тілек айтыңыз

Қорытынды:

Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.

Leave A Reply