Асем Сыдыкова,
Екіаша орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, Екіаша орта мектебі КММ, Сарқан ауданы, Алматы облысы
Алдымызда өмірге іңкәр, білімге құштар, алға қарай талпынысы ерекше жас ұрпақ тәрбиеленуде. Сондықтан да «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы басты мақсат – бала бойына тек білім нәрін сіңіріп қою емес, сонымен қатар қоршаған орта жағдайында баланы дұрыс бейімдеу, оның өзін де, өзгені де сыйлай білуіне жол ашу, әр баланың жеке бас қабілетін айқындау, танымдық-тағылымдық көзқарасының терең қалыптасуына бағдар сілтеу, өз бетінше шешім айту мен әр іске жауапкершілікпен қарай білуге де жол ашылады. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттерімен бірге ақыл-ой қабілеттерін дамыту көзделеді. Тұлға адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі белгілі. Бала тәрбиесі білім арқылы жетіледі. Әр баланың өзіне тән мінез-құлқы, психологиялық ерекшелігі бар. Қазіргі талап шығармашылығы қабілетті тұлға жайлы болса, Ф.И. Достоевский: «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді-өзің тани біл»,- деген еді. Жалпы алғанда «Өзін-өзі тану» пәні жеке тұлғаның жан-жақты дамыған, ешкімге тәуелді емес, өзін-өзі бағалай, жетілдіре алатындай, өз бетінше шешім қабылдап, өмір сүре алатындай бағыт ұстануын қамтамасыз етеді.
Әрбір тұлға өзін-өзі тани отырып жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке түлға болып қалыптасады.