Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

6 101 қаралым

«Жас келсе, іске сәт!» тренингі

0

Өмірбек Айғаным Битұрсынқызы,

Педагог-психолог


Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

1-жаттығу. Таныстыру.

«Мұғалімнің бақыты» деп өз атымен таныстыру

2-жаттығу. Мұғалім мен оқушы арасындағы жағдаяттар

1. Ішке қоңырау соғылды. Сіз сабаққа кіруге кетіп бара жатыр едіңіз. Әріптесіңіз кездесіп, әңгіме айтып тұрып алды. Әңгімесі таусылмады, ал сіздің сабаққа кіруіңіз керек. Сіз оған … орынсыз ренжіп…

2. Әріптесіңіз оқушылардың көзінше қатты сөз айтып, сізді ұялтты. Сіз оған…

3. Сіз сабақ өтіп жатырсыз, сырттан келіп әріптесіңіз сабағыңызды бөліп, бір оқушыны өз шаруасына байланысты сұрады. Сіз оған…

3-жаттығу. Мен қандай мұғаліммін?

Шарты: Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 минут беріледі. Топ қатысушылардың айтылған қасиеттері бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.

4-жаттығу. Тыныштық сәті

5. Психологиялық кеңес

Оқу материалын оқушыға ұтымды қабылдату және есінде сақтау мақсатында көруге арналған ақпаратты тақтаға дұрыс орналастыру қажет. Психологтардың зерттеуі бойынша, тақтаның жоғарғы оң жағына орналасқан ақпарат есте жақсы сақталады. Яғни, мына төмендегідей болады:

28 %                        33 %
16 %                         23 %
•  Ақпарат қабылдаудың екі түрі бар: есту және көру

•  Зерттеулер көрсеткіші бойынша, адам естіген ақпараттың 15 пайызын;

•  Көрген ақпараттың 25 пайызын;

•  Егер ақпарат берудің екі түрі де бір мезгілде қолданылса, онда адам бұл ақпараттың 65 пайызын қабылдайды екен.

Әрбір сабақты күнде бірдей бастасаңыз да, оқушының қызығушылығын сөндіріп аласыз. Сабақ оқушыға қызықты етіп басталса, ол бүкіл сабақ осылай қызықты және пайдалы өтеді деп санайды, бұл мұғалімді оқушы ерекше тұлға, құзырлылығы өте жоғары деп қабылдайды.

Сабақ басында 15-20 минут көлемінде оқушы мұғалімді жақсы тыңдайды, сондықтан сабақ басында мұғалім бар әрекетті жасап, оқушы көңілін өзіне, сабаққа, тақырыпқа аударту керек. Оқушының зейінін ұстайтын «қармақ» керек, ол бүкіл сабақ барысында оқушының қызығушылығын сөндіріп алмауға көмектеседі.

•  Сабақтың аяқталуына да көп көңіл бөлу керек. Сабақты былай аяқтауға болмайды:

•  — әзілмен немесе анекдотпен;

•  — «Мен үлгере алмадым…» немесе «Маған уақыт жетпеді…» деген сөздермен (оқушы мұғалімнің барлығын үлгергеніне сенімді болу керек);

•  — күндегі сабақты бір тәсілмен аяқтауға болмайды;

•  — сабақты көңілсіз аяқтауға болмайды, өйткені мұндай мұғалімді оқушылар не тұлға, не профессионал ретінде сыйламайды.

•  Ой жинақтау. Құрметті ұстаздар!

•  Бүгін біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтадық. Данышпан философ Фалес айтқандай:

•  Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік

•  Бәрінен жүйрік – Ой

•  Бәрінен дана – Уақыт

•  Бәрінен жеңілі – Басқаға ақыл айту

•  Бәрінен қиыны – Өзіңді өзің тану

•  “Бақыт деген не?”деген сауалдың “Бақыт деген таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу”. Расында да, сүйікті жұмысымызға, қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соң жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққаныңыз, көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме?

•  Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін!

Leave A Reply