Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

7 980 қаралым

Педагог-тәрбиешілер арасында жағымды көңіл-күй, тәрбиеленушілер арасында берік қарым-қатынас орнату тренингі

0

Курманалиева Назгуль Мухтаровна,

Педагог-психолог,  Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы


Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, тәрбиеленуші жасөспірімдермен жылы және берік қарым-қатынас орнату.

«Қарлы түйнек» жаттығуы

Мақсаты: топтың қатысушылары бір-бірінің есімдерін естерінде сақтауы тиіс және топтағы қолайсыздық сезімді сейілту.

Жетекші қатысушыларға сағат тілінің қозғалысы бойынша есімдерін атауды және өзінің жақсы бір қасиетін атауды ұсынады. Бірінші қатысушы өз есімімен өз жақсы қасиеттін айтады, келесі қатысушы бірінші қатысушының айтқанын сосын өзініңкін айтады, жаттығу аяғына дейін осылайынан жалғасады.

«Үрленген қуыршақ» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылардың қысылу сезімін жеңу, бұлшықетті босаңсытуға жаттығу

Нұсқау: Қазір сіздер үрмелі қуыршаққа айналасыздар, ал қазір сіздерден ауа шығарылған. Бастарыңызды еңкейтіп, қолдарыңызды төмен түсіріңіздер, бүкіл денелеріңізді босаңсытыңыздар. Мен қазір үрлейіш құралдың қызметін атқарамын және «пш, пш, пш» деген дыбыс шығара отырып, доңғалақты желге толтырып жатқан адамның жұмысын еске түсіріп, қимылдарын жасаймын. Ал сол кезде сіздер жіберген ауамен толығасыңдар, денелеріңді тұзете бастайсыздар, қолдарыңызды жоғары көтеріп бұлшық еттеріңізге қысым түсіре бастайсыздар.

Барлығы тұрып, бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң, жүргізуші: мен қазір тығынды аламын, барлық қуыршақтар шардан жел шыққандағы дыбысқа ұқсас дыбыс шығарады да орындықтарына отырады, денелерін босаңсытады.

Психолог: Біздің орталықтың жұмысы, тыныс-тіршілігі, негізгі мақсаты бала тәрбиесі болғандықтан, бала тәрбиесіне деген өмірлік тәжірибелерімізбен алмасайық. Әр педагог өз тәжірибелеріндегі бала тәрбиесі жайында бір-бір ауыз ой айтады.

Миға шабуыл: «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы

1. Егер баланы үнемі сынап отырса….

2. Егер балаға үнемі күлсе…

3. Егер баланы үнемі мақтап отырса…

4. Егер бала төзімділікте өссе…

5. Егер бала адалдықта өссе…

6. Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе…

7. Егер бала кекшілдікте өссе…

8. Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе…

«Эмоцияны тап» жаттығуы

Топтан бір адам сыртқа шығып қорапшада жазылған эмоцияны мимика және пантомимика арқылы топ мүшелеріне жасыру

Талқылау, эмоцияның қай түрін жасырғанда қиындық тудырды

«Сілкін!» сергіту ойыны

Үсті су болған иттің сілкінгенін көрген боларсыздар?! Әр қайсысыңыз арақашықты сақтап, алақан, шынтақ, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыздар. Басыңызды да. Иттің үстінен су шашырап ұшқандай, сіздердің де жағымсыз эмоцияларыңыз сезім, ой барлық жағымсыз нәрселеріңіз ұшып кететінін елестетіңіздер.

«Негативті ойды позитивті ойға айналдыру» жаттығуы

Негативті

Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің!

Неге сен басқа балалардай емессің?

Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір!

Тағы осылай істейтін болсаң менен таяқ жейсің!

Позитивті

Сенің қолыңнан әлі көп нәрсе келеді, мен саған сенемін!

Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді!

Үстіңді ретке келтір, шашыңды тарап, киіміңді ауыстыр!

Мен саған қиыншылықты жеңуге көмек тесемін, екінші мұндай жағымсыз қылық жаса ма т.б.

«Ата-ана және бала» тесті

Тәрбиешілерге кеңес:

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

2. Балалардың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс-әрекетпен айналысып жатса.

3. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсетіңіз.

4. Балаларыңыздың кемістіктерін бетіне баспаңыздар.

5. Күнде әр балаңызбен азғана уақыт болсада жеке сөйлесуге уақыт табыңыз

6. Отбасылық немесе топтық мәселелерді шешетін кезде, балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.

7. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.

8. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

9. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.

10. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

11. Балаңыздың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.

12. Үлкендер балаға қалай қарасы, балада өзіне солай қарайды.

13. Жалпы өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

«Шегенің ізі» аңыз-әңгімесі

Мінезі нашар бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толыжәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын  тақтайға бір-бір шегеден қағап отыр» деп табыстапты.

Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып тастапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынмен әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке-жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір-бір шегеден суырып отыр»,- дейді.

Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың,- депті, алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жағымсыз-жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір-бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,- деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.

Осы бір оқиғадан өздеріңізге қажет жерін аласыздар деген ойдамын!

Сабақтың рефлексиясы

Бүгінгі тренингтен не алдым?

Маған ұнағаны…

Маған ұнамағаны… Менің естігім, білгім, жасағым келгені.

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойымен қол алысу»

Leave A Reply