Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 692 қаралым

Дарындылар келешек кепілі

0

Малдыбаев Бахытжан Аргынбаевич,
«Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі, «Балалар шығармашылық орталығы» КМҚК, Шу қаласы, Жамбыл облысы


Қазақстан Республикасының «Білім беру заңында», Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Елбасымыздың халыққа жолдауларында осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту кең ауқымда ойлайтын тұлғаның рухани және салауатты өмір салтын қалыптастыру,тұлғаның дарындылық қасиетін даму үшін жағдай жасау, интеллектісін дамыту міндеттері көзделген.

«Болашақ» бағдарламасы дарынды балаларға жоғарғы сапалы білім беру арқылы мемлекет келешегінің кемел болуын көздейді. Қай заманда болмасын дарынды балалар ұлт келешегін жасауда үлкен рөл атқарған. Сондықтан оларға жағдай жасау мемлекет міндеті болуы қажет. Білім беру жүйесінің ең өзекті мәселелерінің бірі – дарынды баламен жұмыс. Қосымша білім беру саласының негізі осындай мақсатпен құрылған. Жалпы орта білім беретін мектептерде дарынды баламен жұмыс төменгі деңгейде. Қосымша білім беретін мекемелермен байланысы әлсіз, оны байланыстыратын міндеттілік жоқ. Баланың үйірме сабақтарына келу, келмеуі өз құзіретінде. Ол еш жерде міндеттелмеген. Дарынды оқушыны анықтауда қателесуге болмайды. Дарындылық туа бітетін қасиет, біреуде әлсіз, біреуде күшті. Әлсізін дамыту, күштісін дұрыс жолға салу мұғалімнің қолында. Дарынды баламен жұмыс істеу аса қиындық туғызбайды, ол алғыр, ойлау қабылеті жоғары, сезімтал, қуатты. Егер материалдық-техникалық базасы жақсы болса, мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасаса, өз деңгейінде біраз нәрсеге қол жеткізер еді.

Мектепте дарынды балаларға ерекше жағдай жасалып, ұлттық тәрбиені санасына сіңіре отырып, тиянақты, саналы, білім беруді дұрыс жолға қойылса. Жоғарғы білім беру мекемелерінде дарындыларына ерекше көңіл бөліп, мамандығы бойынша ғылыми көз қарасы қалыптасқан, ұлттық рухы жоғары ғалым тұлға қалыптасары сөзсіз еді.

Мемлекет дарындыларға жағдай жасаса, дамыған, өркениетті елдер қатарында болар едік. Елбасының «Болашақ бағдарламасын» жасауы кемеңгерлігі деп білемін. Бағдарлама дарындылар негізіне құрылған. Менің айтпақ пікірім, ойым ең алғаш технология пәні бойынша басталған. 2003 жылдары кәсіптік мектептер жабылып қалған кез. 5-7 сыныптар арасында үйірмеге тарту арқылы қызығушылықтарын дамыту. 8-9 сыныптарда үйірмедегі оқушыларды мамандық таңдауға тәрбиелеу, 10-11 сыныптарда кәсіптік білім беруді қалыптастыру. Мектеп бітірген түлектеге мамандық сертификатын тапсыру болған.Осы идеяны жүзеге асыру мақсатында үйірме жұмыстарының бағдарламасы, авторлық «Ағаш ұстасы», «Жихазшы» кәсіптік білім беру бағдарламасы жасалған болатын. Мектепте материалдық-техникалық базасын қалай құру керектігі ойластырылып, қанша қаражат кететіндігі есептелген еді. Бұл ой іске аспай қалды. Менің ойымды құптаған мектеп директоры өмірден озды. Білім жүйесінде өзгерістер болды.

Қазір қосымша білім беретін мекемесінде жұмыс жасағандықтан, енді бейнелеу өнері бойынша, осы ойды жетілдіру мақсатында « ұсталық шеберхана» технологиясын қосымша білім беру жүйесіне кеңінен пайдалануды қолға алу керек деп ойлаймын. «Ұсталық шеберхана» деп ұстахана технологиясы жайлы айтып отырмын. Бұрын ұстаның шеберлігін көрген әке баласын шеберге сеніп тапсырған. Бала дарынды болса, ұста одан шебер шәкірт дайындап шығарған. Ол үшін ұстаханада жағдай жасалып, қажетті құрал- жабдықтармен қамтылған. Кабинет суретші шеберханасы сияқты жабдықталса, құрал-сайман қолжетімді,материял жеткілікті болса, мұғалім шығармашылықпен шұғылданар еді. Біздің салада мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеп, ата-ана сеніміне кіру міндетті. Сонда ғана ата-ана баласын ұстазға сеніп тапсыра алады және үлкен үміт күтеді.

Шеберханада материалдық-техникалық база жасалмаса, көп оқушының құрал-сайманды, материалды сатып алуға шамасы келмейді, оның үстіне оқушылар арасында өтетін байқау да ақылы, 1500 басталып 15000 аралығында. Бұл жүйе бизнеске айналған. Байқау балаға шабыт береді. Ол дарынды баласы бар, тұрмысы төмен ата-аналар үшін қиын, дарынды баланың дамуын тежеп, бала шет қалады. Дарынды балалар келешектің кепілі, болашақтың кемелдігінің тұтқасы. Өзін-өзі таныған, алдына мақсат қойған дарынды бала аз. Кейбір ата-ана баланың пікірімен санаспайды, келешегін өз ой-пікірімен байланыстырғысы келеді. Ата-ана арасында дарындылық жайлы білім бере отырып, жүйелі ой қалыптастыру керек. Бірақ дарындылық ұғымына теориялық жағынан талдау жасалған әдебиеттер қазақ тілінде өте аз. Әр мұғалімде сауатты талдау жасалған параметрлері болса, ата-анада мұндай түсінбеушілік болмас еді.

Тиімді білім беру жүйесін төменнен жоғары қарай қалыптастыру керек, оны жасаушы – мұғалім. Оған жас ұрпаққа сапалы білім бере отырып дамыта оқыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, тұлға қалыптастыру міндеті жүктелген. Бұл мақсатқа жетудегі төте жолдарының бірі ұлттық педагогикамыздың негізі «ұстаханалық технология»деп ойлаймын, бұл сара жол. Ол үшін мұғалім шығармашылық тұрғыдан ойлау қажет, егер білім беру жүйесі тиімді жолмен құрылмаса нәтиже бермейді. Бұл 12 жылдық білім беру идеясын жүзеге асырудың бір тармағы және қарапайым жолы, қол жетімді. Менің пікірім бойынша оны 6(алты) шартқа бөліп қарау керек. Бұл инновациялық көзқарас бейнелеу өнері мен технология пәндері аясында болмақ, себебі менің мамандығым осы сала бойынша.
І шарты: Сапалы білім, білікті дағдыларымен ұлттық тәрбиемен сусындаған жоғарғы білімді ұстаздар дайындау;
ІІ шарты: Материалдық техникалық база құру;
ІІІ шарты: Тиімді стандартқа сай оқу бағдарламасын жасау;
ІV шарты: Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, шығармашылық жұмыстары;
V шарты: Оқушы шығармашылығы, кәсіптік бағдар беру;
VI шарты: Кәсіби білім беру.
Бірінші шарты бойынша, дайындалған ұстаздар екі мамандықты игерген кәсіби маман болса, мысалы, инженер-механик мұғалім, биолог-агроном мұғалім, географ-экономист мұғалім, т.б. сол сияқты әдістемелік шеберлігі жоғары кәсіби дайындығы жақсы білімді, білікті маман болуы керек.
Екінші шарты бойынша әр мамандық бойынша материалдық-техникалық база құру, шеберхана, зертханалар, кабинеттер жаңа техникалармен жабдықталған жұмыс орнын талапқа сай орналастыру, мұғалім маманға жағдай жасау, бірнеше жылға шартқа отыруы.
Үшінші шарт бойынша тиімді стандартқа сай оқу бағдарламасын мұғалім шығармашылық түрде өзі жасау керек. Мұғалім бағдарламаны өзінің мүмкіндігіне, қабілетіне қарай балалардың жас ерекшеліктеріне сай әкімшілікпен ақылдаса отырып жасауы тиіс.
Төртінші шарты бойынша мұғалім кәсіби шеберлігін үнемі дамыта отырып, шығармашылық жұмыста болуы керек. Ол жасаған өнер туындысы оқушыны елең еткізіп тамсандырып, таңқалдырса, оқушы ұстазын пір тұтып оған еліктеумен болар еді. Шәкірттің қиялын, жігерін көңіліне шабыт беріп, талабын тартбақтайтын осы шығармашылық жұмыс.
Бесінші шарты. Оқушыны шығармашылыққа тарта отырып келешекте мамандық таңдауда бағыт, кәсіби бағдар беруші болуы тиіс.
Алтыншы шарты. Оқушының шығармашылық жұмысты, кәсіпті таңдауда басты рөл атқара отырып кәсіби білімді алу қажет.
«Менің ұстазым»- деп бас иген шәкіртті көру ұстаз үшін бақыт. «Шебер», «ұстаз», «шеберхана» сөздерінің аясында ұлттық педагогикамызға тән «ұсталық шеберхана» технологиясы алдымызға қойған мақсатқа жетудің тиімді жолы. Шеберхана балаға тек пәндік білімді беріп қана қоймай, білікті дағдылардын, машықтарын қалыптастырады. Бұл технология бойынша мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы ғана емес өз шығармашылығы мен бала шығармашылығын қатар алып жүреді. Шәкіртті шеберханада шыңдау ұлттық педагогиканың негізі. Шығармашылық қабілет әр баланың бойында бар қасиет. Оның пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа тарту мұғалімнің шеберлігі. Егер баланың бойында талант, дарындылық болса, оны еліктіру қиын емес. Мұғалім өз жұмысын өнер туындысына айналдырған болса, баланың қиялына ұшқын тастағаны. Ұстаз шығармашылық жұмысын көрсетіп, оның қалай жасалғандығын, тарихи картина болса, оның оқиғасын айтсаңыз дарынды баланың көзінен ұшқын көресіз. Картинаны көрген, әңгімесін естіген бала, өз ойын, пікірін, суретке қызығушылығын ішіне бүгіп қала алмайды. Орнында қозғалақтап, ішінде бір сезім мазалайды. Мұғалім мен дарынды баланың арасында бір сыйластық сезім қалыптасады. Осындай әдіспен дарынды баланы анықтап шығармашылыққа тартып жұмысты жандандыруға болады. Дарынды баламен жұмыс істеу аса қиындық туғызбайды ол алғыр, зейінді қуаты мол. Егер шеберхана жақсы жабдықталған болса, көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Қосымша білім беру жүйесінде бұл технология шебер оқушының өзіндік әрекетіне көмекші, жетекші, оқушының іс-әрекетіне, еркін шығармашылық ойдың тууына, талғамына белсенділікті қалыптастырады.
«Баланы жастан» деген ұлттық тәрбие аясында төменгі сыныптан бастап маман мұғалім сабақ беріп, тұлғаның дұрыс қалыптасуына жағдай жасай отырып, білім-білік дағдыларды қалыптастыра отырып, ұлттық тәрбиені бойына сіңіру. 5-9 сынып аралығында шығармашылыққа тарту, қосымша білім беру мекемесінде тәрбиелеу, шығармашылығын шыңдау, әдіс-тәсіл, тәжірибе жинақтау. 10-11 сыныпта кәсіптік білім беруді қалыптастыру.
Ақпараттық технологияның мектепке енуі, алға қойған мақсатты жеделдетеді. Ақпараттық технология, электрондық оқулықтарды қолдану білім сапасын арттыра түседі. Сапалы дидактикалық әдіс-тәсілдерге көшу тез қол жетімді жүйе.
Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы болып табылады. Қазіргі кезде мектепте, сабақ барысында интерактивті құралдарды кеңінен пайдалануда. Соның көмегімен мұғалім мен оқушының жұмыс істеуіне жол ашылды. Қазір мұғалімнің сабақта танымдылығы жоғары қызықты,жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндігі мол.Ол үшін мұғалімнің компьютерлік оқыту технологиясын жедел түрде меңгеруі тиіс. Қосымша білім беру жүйесін жетілдіре отырып, компьютер интерактивті құралдармен қамтамасыз етуді қолға алу қажет.
Бейнелеу өнерінде этюдке шығу, табиғат аясында сурет салу, оқушының танымдық қасиетін дамытудың тиімді жолы болғанымен, бұл процесс көп уақытты талап етеді. Инновациялық технологияларды енгізе отырып, сандық теледидарды, сандық фотоаппараттарды қолдану арқылы бұл процесті жылдамдатуға мүмкіндік бар. Қосымша білім беру жүйесінде инновациялық технологияны енгізу, мұғалімнің шығармашылығын талап етеді. Мұғалім өз пәнін терең меңгерген шебер маман ғана емес, тарихи танымы жоғары, педагогикалық- психологиялық сауатты, сезімтал, шығармашыл, инновациялық технологияны меңгерген білімі жоғары жетекші тұлға болуы тиіс.
Дарындылық қоғамның дамуында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің жоғарғы сатысы. Дарындылардың келешегі кемел болса, болшағымыз баянды болар еді. Дарындылық ұғымымен шығармашылық, таланттылық, данышпандық, қатар жүретін ұғымдар. Осы қасиеттер бар тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің бірнеше жылғы еңбегінің жемісі.
Қоғамда мұғалімнің алатын орны жоғары, соған лайық болуы әр ұстаздың міндеті. Ұстаздық өнер- тағлымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек.

Leave A Reply