Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 627 қаралым

«Өз баламызды түсінуді үйренейік» тренингі

0

Аязбаева Тұрсын Жаркетқызы,

Психолог, «№ 1 мектеп-гимназиясы» КММ, Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы

Танысу жаттығуы.

Мақсаты: Бала мен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату.

Барысы: жүргізуші өзін таныстырады. Ата-ана мен балаларды таныстыру . Балалар мен ата-аналар екіге бөлінеді. Осы уақытта балалар дөңгелене отырып, тренер допты балаларға беріп, әр оқушы өз атын атап допты әрі қарай береді. Әр оқушы 2-ші рет аттарын атап немесе қасындағы көршісінің атын атап айтады. Егерде балалар бір-бірінің атын ойында дұрыс сақтамаса, әрі қарай мынадай сұрақтар қоюға болады. «Сенің атың қалай аталады?» допты ұстаған бала өзінің атын атап, атын ұмытып қалған балаға береді.

«Мен кіммін?» ойыны

Бір бала тұрып көзін жұмады да, үшке дейін санайды. Бұл кезде басқа балалар орындарын ауыстырып отырады. Бала тұрып әрқайсысының атын атайды. Балалар бір-бірінің аттарын жақсы білгеннен кейін, ата-аналарды шақырып, барлығы үлкен шеңбер болып тұрады. Үлкендер өз аттарын атап танысып, балалармен бірге ойынды қайталап, «Сенің атың кім?». «Мен кіммін?»- дейді.

«Мақтаншақтар» ойыны

Барлығы дөңгелене тұрады. Жүргізуші ортасына тұрып «Мен жақсы істей аламын…» бала өзінің жақсы істей алатын жұмыстарын айтады. Егерде дөңгелекте тұрған қатысушылардың бірі де істей алатын болса, менде жақсы істей аламын деп бір қадам алдыға аттап тұрады. Жүргізушінің қасына ешкім жетпесе, онда барлығы шапалақтап «мұның барлығы өте тамаша» дейді. Жүргізушіден кейін әркім өз қалауымен ортаға шығып өзінің жақсы жақтарын айтып, өз-өздерін мақтайды.

«Капитан» сергіту жаттығуы

Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру, жағымды жағдай туғызу.

Көңіл-күйлеріңіз қалай. Ендеше осы көңіл-күйлеріңізді оданда жоғарылату мақсатында сіздермен ойын-жаттығу жүргізбекшімін. Сіздер өз мамандарыңыздың майталманысыздар. Белгілі бір ұжымның, отбасының капитанысыз. Сондықтан сіздермен «Капитанның оқиғасы» ойынын жүргіземін. Ойынды ойнамас бұрын шартымен танысып алайық.

1. Капитан деп белгі берілген кезде бөлмеде емін-еркін капитан болып жүресіз. (барлығы)

2. Теңізші деген кезде екі адамнан жұптасып, еден жуушының бейнесін көрсетесіз. (2 адам)

3. Қайық деген кезде екі адам қайық, бір адам ескек есуші болады. (3 адам)

4. Түскі ас деген кезде төрт адамнан жұптасып, бір дастарханның үстінде түстеніп отырған отбасы мүшелерін көрсету. (4 адам)

5. Кеме деген кезде төрт адам кеме, бір адам капитан болады. (5 адам)

Ойын аяғында алып кеменің капитаны болдыңыздар. Сіздер әрқашанда беделді, сыйлы болыңыздар. Сонымен қатар бұл ойын адамның шапшаңдығын, белсенділігін, қарым-қатынасын байқатады. Сіздер ұстаған кемелеріңіз айлы толқын теңіз үстінде өз бағыттарын мәңгі түзу тапсын. Яғни бұл сіздердің ұзақ сапар шеккен бақыттарыңыз.

«Біз бақытты отбасымыз» арт-терапиялық жаттығуы

Мақсаты: ата-ана мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынастарын жетілдіру.

Ата-аналарды үш топқа бөліп, әр топқа плакат беріледі. Әр топ ата-аналары «Біз бақытты отбасымыз» тақырыбына жоба жасайды. Әр топтың балалары жобаны қорғайды.

Үй жұмысыңды ойлас.

Ойласу әр кезде екі рет болады. Бірі барлық ойыншылармен, екіншісі тек қана үлкендермен. Ойыншылар дөңгелене тұрады. Тренер ортасында тұрып «Бұл жаттығуларда не ұнады, енді келесі сабағымызда не істегенді қалайсыздар»- дейді. Әр отбасынан бір адам шығып, өз ойларын айтады. Барлығы сөйлеп болғаннан кейін қорытындылап, «Бүгін жақсы ойын мен жаттығу…, мына ойын ұнамды…, келесі сабағымызда мынаны қалар едік…» деген қорытынды сөзбен аяқталады.

Leave A Reply