Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

12 861 қаралым

Күйзелістің алдын-алу тренингі

0

Сарбасова Г.Сарбасова Гүлзипа Сабырқызы,
Психолог, «Жаңақорған аудандық ауруханасы», Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы

Құрметті редакция!
Мен «Қызықты психология» журналына 2015 жылдан бері үзбей жазылып келемін. Бергеннен – берері көп басылымға, білгеннен- білері көп оқырман атынан алғысым шексіз.
Журналдан көп мағлұмат алып, тәжірибемде пайдаланып келемін.
Сіздерден сұрарым, менің аздап мақала жазатыным бар еді. Мақалаларым аудандық, облыстық газеттерде жарияланып келеді.
Енді сол өмірден алынған мақалаларымды, өзіміздің «төл баспамыз»- «Қызықты психология» журналына жолдасам бола ма?- деген өтініш.
Бүгін – «Өмір- неткен қымбат ең?»- тақырыбындағы мақаламды жіберіп отырмын.
Әлі де : «Жарық өмірді бағалай білейік!», «Көңілдегі кірбің», «Өмірді сүю- болашаққа нық қадам!», «Отбасылық қарым-қатынас жайлы бір үзік сыр», «Балаға айтқан әрбір сөзге- абай болайық!», т.б. тақырыптарындағы мақалаларым – «Қызықты психология» журналы оқырмандарын қызықтыра түсе ме деген ойым бар.

Сіздерге деген игі құрметпен,
Сарбасова Гүлзипа Сабырқызы

«Күйзеліске – жол жоқ!»

Мақсаты: күйзеліске теориялық тұрғыдан хабар беріп, оны бейтараптандыру мен шешу жолын көрсету, меңгерту.
Сәлемдесу, таныстыру.

Негізгі бөлім:
1. Күйзеліс туралы әңгіме-сұхбат жүргізу.

Ол төмендегі сұрақ арқылы жүзеге асырылады. (5-7 мин)
1. Күйзеліс дегеніміз не?
2. Ол неден пайда болады?
3. Оның белгілері қандай?
4. Оның адам өміріне немесе денсаулығына зияны немесе пайдасы бар ма?
5. Бар болса қандай?
6. Күйзелісті болдырмау жолын білесіздер ме?
7. Өз тәжірибесімен бөлісу?
8. Күйзеліске ұшыраған кезде, онымен күресу әдісі бар ма?
9. Қандай әдіс қолданасыз?
Күйзеліс- бұл нақты жағдайда басқаруға келмейтін қиын эмоциалық- физикалық қысым. Ғылыми тілде жеткізетін болсақ, ағзаның болған жағдайға физикалық, психикалық, эмоциялық және химиялық әсері.
Күйзеліс: 3 деңгейде көрінеді: ақыл, ой, көңіл-күй.
Ең алдымен, ақпаратты ой елегінен (саналы, санасыз), сосын эмоциялық сезіну (әлсіз және күшті), кейіннен барып бұл үрдіс физикалық деңгейде бекиді. Ең алғашқы бұлшықеттегі қысымды шешуді, алғашқы сыныптан -ақ білеміз.(саусақты ашамыз, жұмамыз). Күйзеліс кезінде қандай да бір бұлшықеттің қысымда тұрғанын сезінесіз. Ол жақсүйектің, іштің, арқаның бұлшықетіндегі қысым болуы мүмкін.

2. Күйзелістің денсаулыққа зияны.
Күйзеліс күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бәріміз де білеміз. Болмашы нәрсеге күйгелектену- жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді.
Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гармондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшықеттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап- шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшықеттерінің босаңсып, бастың ауыруы, жыныстық дәрменсіздік пен тері ауруының мазалауы да сары уайымнан арыла алмаудан болады.
Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумен жедел жойылады,кейін орнын толтыру қиынға соғады.
Осы қысымнан арылу үшін бұлшық етке дұрыс жаттығу жасай білу қажет.

3. Бойдағы күйзелістен арылуға арналған жаттығу кешені. (10 мин)
Мойын- Арқаны тік ұстап, төбеден ілгекпен тартып жатқандай мойынды барынша созу. Енді ілгектен төмен түсіріп жібергендей, бірден босаңсыту.
Арқа- Екі жауырынның арасын жақындатып, өзіңізді киім ілгіште ілініп тұрғандай сезіну. Екі жауырынның арасын барынша жақындату. Бірден босаңсу.
Іш- Мұрынмен өкпені ауаға толтыру, іштің көлемінің үлкеюіне жол бермей тартып ұстау. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығару кезінде ішті де босаңсыту.
Қол- Алақанның қырымен қатты затты ұрғылау. Каратэ шеберлері осы әдісті жиі пайдаланады.
Саусақ- Екі қолымызды алдыға созып, алақанымыздағы лимонды сығып, шырынын шығару керек деп елестету. Алақанды қысуды барынша күшейтіп, бірден тез босаңсыту керек.
Аяқ- Отырған қалыпта аяқтың ұшын барынша алдыға созу. Барынша қатты созу. Бірден төмен босаңсыту.
Ескерту: Әр жаттығуды 3 реттен жасау керек.

Күйзелістен арылу!- жаттығу (15 мин).
Мақсаты: Жағымсызды жағымдыға айналдыру дағдысын игерту.
Миға шабуыл.
Қажетті құрал: ақ қағаз бен қаламсап.
Нұсқау: Күйзеліс сөзін тігінен жазып, әр әрпіне сәйкес, жағымды сөздерден (кез келген тілде) тұратын сөз жұмбақ құрау. Жанындағы адаммен алмасып, шешу.
Мысалы: К- күлкі
Ү- үміт
пл Й- из (Өтінемін)
СеЗ- ім
Liv Е- (өмір)
Л- юбовь (махаббат)
І- нжу
С- ұлулық
Талдау:
Білім алушыңмен кері байланыс орнату. Тапсырманы орындау кезінде туындаған қиындықты талқылау. Ой қорыту.
Кері байланыс: Кездесу несімен есте қалмақ?

Пайдаланылған әдебиеттер
«Жалпы медициналық терапия»
Ф.Бизақова – Психологиялық түзету- дамыту жұмысы.

Суретте: Г.Сарбасова

Leave A Reply