Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

2 491 қаралым

Барлық әлем мен үшін (ата-аналар жиналысының үлгісі)

0

Cмайлова Ажар Атамұратқызы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, №250 мектеп-лицейі жанынан ашылған «Балапан» шағын орталығының психологы

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: 6 орамал, ата-ана махаббаты жайлы жазылған плакаттар, өлеңдер мен цитаттар жазылған естелік парақтар, Ю.Б.Гиппенрейтердің «Общаться с ребенком. Как?» кітабы.

1.  Өз балаңды жақсы көру деген нені білдіреді?

Жұмыс «Сіздің түсінігіңізде, өз балаңды жақсы көру деген нені білдіреді?» деген нені білдіреді? деген сұрақтан басталады. Ата-аналардың кейбір жауаптарын оқытқаннан кейін, оларға шағын қойылым көрсетуді ұсынуға болады.

Әкесі, науқастанып, ауруханада жатыр. Қызы әкесінің халін білуге алыстан келіп тұр.

— Ләззат келіпті ғой, қызым менің! Қане, саған жақсылап қарап алайыншы! Қасыма отыршы.

— Қалайсың, папа? Халің қалай?– деп сұрады Ләззат.

— Нашар, қызым, нашар. Аз ғана өмірім қалды-ау деймін…

— Папа қойшы, олай демеші!

— Тоқтай тұр, Ләззат, менің саған айтарым бар. Мен осында жатып көп ойландым. Сен туралы, анаң туралы, өмір жайлы … Сонда түсінгенім: сен мен үшін өте қымбатсың, сен – менің қуанышымсың, қанымсың. Бірақ мен өмірімде  саған ең басты маңызды сөздерді, сені қалай жақсы көретінімді айтпаппын. Мен сені әрқашан жақсы көрдім, Ләззат, бірақ соны  саған ешқашан айтпадым. Жақсы көретінімді неге әрдайым айта бермедім деп өкініп жатырмын…

Біздің балаларымыз әрқашан бізден осы сөздерді күтеді. Ендеше, балаларымызға жақсы, жылы сөздерді жиірек айтайық.

2.  Неліктен кейбір ата-аналар өз балаларын жақсы көрмейді?

Себебі бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, бала өмірге «жоспарланбай» келді. Ата-аналар оны күткен жоқ, алдымен өздері үшін өмір сүргісі келді және т.б.

«Бала мүсіні» көрінісі

Жүргізуші баланың рөліне ата-аналардың бірін шақырады. Ол өз кезегінде қатысушылардың арасынан өзін қолдай алады деген кез-келген біреуді таңдауы қажет. Ол «баланың» арт жағынан тұрып, қолдарымен оның арқасынан ұстап, көрініс бойына жібермей тұрады. Сонан соң қатысушылар 6 топқа бөлінеді де, жүргізуші әр топтан көрініс кезінде айтатын сөздерін есте сақтауды сұрайды.

Жан-жағыңа қарама! (1-топ) ?

Тез құлағыңды жап! (2-топ)

Тез аузыңды жап! (3-топ)

Тарт қолыңды! (4-топ)

Түзу тұр! (5-топ)

Жылама! (6-топ)

Сен – менің кішкентай қызымсың, бірінші сынып оқушысысың. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз, автобусқа үлгіруіміз керек. Сен өте қозғалғыш, бәрін білгің келетін, тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақ қоятын баласың. Мен қызымды қолынан алдым да, біз жүгіре жөнелдік.

— Мама, анау не, қарашы!- дедің сен.

— Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. Жан-жағыңа қарама! (1-топ) – деп жауап бердім мен саған. Сол сәтте, бала ол сөздерді тура мағынасында түсініп, анасы бұйырғандай көзін жұмады (Орамалмен қызымның көзін байлаймын) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестіремін. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастаймыз. Қызым мұқият тыңдап, сонан соң былай дейді:

— Мама, мама, құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?

— Сен неге үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсың ғой, біреулердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? Тез құлағыңды жап! (2-топ) (Орамалмен қызымның құлағын байлаймын) Біз автобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз ба деп  қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

— Бүгін қандай күн, тамаша болады! Мама, мені Мәлике күтіп отырған шығар, мен оған фантик әкелемін дегенмін, анау ше…

— Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсыз да кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре аласың ба? Тез аузыңды жап! (3-топ) (Тағы бір орамалмен аузын байлаймын) Баламды қолынан ұстап аламын да, әрі қарай жылжыдық. Қызым үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып, қолынан салып жібердім.

—  Осы сенің қолдарыңа бір тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. Тарт қолыңды! (4-топ) (Орамалмен қолдарын байлаймын) Осы кезде қызым секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Мен төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым:

—  Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы? Секеңдегеніңді қой! Түзу тұр! (5-топ) (Аяқтарын байлаймын) Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастаймын:

—  Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба? Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сияқты, я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой, керең неме!

(Осы кезде барлық топтардың өз фразаларын дауыстап айтуын сұраймын) Қызым жыламсырай бастайды. Мен одан сайын дауысымды көтеріп айқайлаймын:

— Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой! Мен кімге айтып тұрмын. Жылама! (6-топ) (Осы сөздерден кейін оның ішін қатты байлаймын) Сөйтіп, әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастырамын.

Мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істерінің бәріне көңілім толмайды. Мектепке жеткен соң ата-ана мұғалімге ұрысып береді менің балама қандай тәрбие бергендерің?

Мектеп  психологының кеңесі

Құшаққа алу

Егер сіз балаңызды осындай жағдайда көрсеңіз, ең алдымен сіз оны құшағыңызға алып, балаға қанша керек болса, сонша ұстауыңыз керек. (Мен баланың рөлін ойнаған ата-ананы құшақтаймын) Жеткілікті болған кезде, бала өзі кетеді. Сіз оны тек қана құшағыңызға алыңыз. Ал егер ол жасөспірім болып және өзін құшақтатпайтын болса, жанында қолынан ұстап отыруға болады.

Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир баланы күніне бірнеше рет құшақтауды ұсынады. Ол әркімге тек өмір сүру үшін ғана 4 рет құшақтау өте қажет, ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде күніне 8 рет құшақтау керек деп есептейді. Ал бала интеллектуалдық жағынан дамуы үшін – күніне 12 рет! Бұл тек бала үшін ғана емес, ересектер үшін де солай.

Баланың қолын ол өзі тартып алғанша ұстап тұру керек дейді. Ата-анасының қандай жағдай болса да оны әрқашан түсінетінін және қабылдайтынын  бала білу керек.

Балаға осындай риясыз қабылдау белгілері өсіп келе жатқан ағзаға қорек сияқты өте қажет. Олар баланың психологиялық дамуына көмектесе отырып, эмоционалдық жағынан қоректендіреді. Егер бала осындай белгілерді алмаса, онда эмоционалдық проблемалар, мінез-құлқында ауытқушылықтар пайда болып, тіпті психикалық-жүйке ауруларына да ұшырауы мүмкін.

Тренинг соңында барлық қатысушыларға алғыс айту.

Жүктеп алу

Leave A Reply