Ермекқалиева Жанар Ғабдықайырқызы
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының жоғары санатты психологы
Мақсаты: балаларға өз-өздерін тануға, сезімі мен қабілетін түсінуге көмек-тесу. Психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, оқушылар арасында үрей, қорқыныш деңгейлерін анықтап психологиялық дайындық орнату.
Сабақтың түрі: коррекциялық сабақ.
Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, маркер, суреттер, жұмсақ ойыншық қонжық, магнитофон, есте сақтауды дамытуға арналған сөздер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
II. 5-сынып дегеніміз не? Психологтың кіріспе сөзі.
III. Мини шығарма: «Менің бастауыш кластағы ең қызықты кезім».
Музыкалық үзіліс бойынша оқушылардың ойларын жинақтап қорытындылау. Оқушылардың ойларын тыңдау сәті.
IV. Психологтың тапсырмасы:
Тапсырма: №1
1. 5-сыныпқа барғанда қандай қажетті заттар керек? Қандай болу керекпіз?
2. Ал 4-сыныпта қандай болғанбыз? (Оқушылардың пікірі бойынша)
Тапсырма: №2. Біздің ұстазымыздың аты-жөндері кім?
Пән аттары Мұғалімнің аты-жөні
Қазақ тілі
Математика
Қаз.тарихы
Дене шынықтыру
Тапсырма: №3. Ой толғаныс (Есте сақтауды дамытатын жаттығулар)
1. Есту арқылы есте сақтау. Жапырақ, дәптер, күз, торғай, есек, қаз, кесе, алма, моншақ, ауа-райы.
2. Көріп қабылдау арқылы есте сақтау
3. Аралас қабылдау арқылы есте сақтау.
Машина, қалам, теледидар, орман, жаңбыр, көйлек, гүл, үйрек, орындық, жаз.
Тапсырма: №4. Сұрақтар:
1. Сынып жетекшіңнің толық аты-жөні?
2. Жасы нешеде?
3. Мұғалімге тілек. (Оқушыларға тілек жаздыру)
Тапсырма: №5. «Қонжықтың тапсырмасы».
— Оқушылар бүгін бізге қонаққа кішкентай қонжығымыз келген. Қонжықтың тапсырмасы мынадай: әрбір оқушы өзінің қасындағы көршісіне сол қонжықты сыйлап отырып, бүгін сіз қандай жетістерге жеттіңіз және бүгін сіздің көңіл-күйіңіз қандай? Бүгін сіз не алдыңыз деген сұрақпен жалғастырады? Сөз тіркесін жалғастыру. «Бүгін мен…»
Қорытынды.