Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

3 248 қаралым

Өзіңді жақсы көре біл!

0

Мусаева Элмира Алмасхановна,
Педагог-психолог, «№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы ЖОМ» КММ


Педагогтарға арналған тренинг

Мақсаты: Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, тапсырмаларды сыни тұрғыдан талдауға бейімдеу, өзін-өзі тануын, өзіндік бағалауын арттыру, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Күтілетін нәтиже:
1. Мұғалімдер арасында қарым-қатынас құруда ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
2. Өзіндік бағалауы мен сенімділігі артады.
3. Әр қандай мәселеге сыни тұрғыдан қарауға үйренеді.
4. Өзгелерді тыңдау, сыйлау мәдениеті қалыптасады

1. Тақырыбы: «Өзін-өзі таныстыру»
Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.
Барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып өзінің атын айтады да, атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады.

2. «Мінезіңіз қандай?»
Таңдаңыз:
Сәбіз, жұмыртқа, кофе, ағаш.
Сәбіз- сырты қатты болғанымен, қайнаса жұмсақ болып езіліп кетеді.
Жұмыртқа- ашуланшақ, проблема жағдайында қайнаса қатаяды.
Кофе- шығармашылық адамдар, қайнатқан сайын, қоюлана түседі.
Ағаш- ең күшті, тамыры мықты адамдар.

3. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
Не себепті айырмашылықтар болады?
Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

«Айна» жаттығуы.
Әр жұп бір-біріңізге 1 минут қарап отырыңыздар
Көршіңіздің бойынан қандай жақсы қасиет тұрғанын айтасыз. Әр сөйлемді «мен көріп тұрмын»деп бастау керек.
«Менің ойымша сіз …», осы сөйлемді аяқтау керек.
Сұрақ: Сіз туралы айтқанда оның ойы шын келді ме?
Жұптар орнымен ауысады.
Рефлексия: Сіздер туралы айтқанда, қандай сезімде болдыңыздар?
Ал, біреу туралы айтқанда қандай сезімде болдыңыздар?

5. Бейнебаян: «Шегенің ізі»

6. “Сиқырлы дүкен” жаттығуы
Сіз үшін қажетті, осы өмірде бағалайтын 5 нәрсені жазасыздар. Енді мен сіздерге “Сиқырлы дүкеннен ”барып дүкеншіден, яғни менен не қажет болса барлығын: денсаулық, бақыт, махаббат, табыс, мансап, бірақ ақысына сіздердің жаңағы жазған сіздер қатты бағалайтын 5 нәрсенің немесе 5 қасиеттің біреуін талап етемін. Өздеріңізде ерекше бағалайтын нелер қалды немесе қандай қасиеттер қалды. Және осы бағалайтын 4 нәрсе немесе қасиет сіздерді өмір бойы жетістікке жеткізіп қолдап жүреді.

7.“Біздің өмірімізден”,”Мен кіммін?!”жаттығулары
Параққа “Мен кіммін?” деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.
Қорытынды:
Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.
10 және одан жоғары болса,жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.
20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.

8.“ Сен білесің бе?” жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық: Сіздің алдыңыздағы сандықта билеттер бар. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Осы сандықтан бір билет алып, жануармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануардағы бар қасиеттерді анықтайсыз.

9. Рефлексия
Рыленковтың әдісі бойынша.
Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар.
Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл-күйлеріңізді анықтайды.
Бас бармақ- мен үшін маңызды және қызықты.
Балаң үйрек- мен нақты өзіме ұсыныс алдым.
Ортан терек- маған қиын болда, ұнаған жоқ.
Шылдыр шүмек- менің бағам психологиялық жағдайға берілген баға.
Кішкене бөбек- мен үшін жеткіліксіз болды.
Бүгінгі тренингке келген ұстаздардың барлығына алғысым шексіз.
Ұлағатты, ұстамды,
Сабырлы да салмақты,
Тапқыр да талантты,
Адал да ақылшы,
Зерек те зейінді бола беріңіздер!

Leave A Reply