Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 795 қаралым

Жас мамандардың кәсіби жануының алдын алуға арналған жаттығулар

0

Оразбаева Гульназым Арыстановна, 

ЖББ Х.Халиуллин атындағы орта мектеп психологы, БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы

Мақсаты: Жас мамандардың эмоциялық және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Қатысушылар: жас мамандар

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: арнайы слайд, баяу орындалатын әуен

Жоспары:

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз шығармашылық табыстарға жетіп, биіктерден көрінгіміз келеді. бүгінгі сабағымызда мен сіздері демалдырып, бір сәт өзіміздің жан дүниелерімізге үңіліп, «ғажайып» сөзін педагогикалық тұрғыда талдап көрсек деген оймен жинап отырмын.

Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар.

Шеңберіміз – көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Шаңырақ құру

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық

Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар – бұл» барлық жақсы қасиеттерді қамтылған, ең жоғарғы қасиет». Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік, ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық қасиет бар болуы мүмкін. Сабағымызды бастамас бұрын, танысып алайық. Әр қатысушы өз атына өзінің жақсы мінезін айта кетсін.

Мұғалімдер өз атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу – Айсұлумын, мінезім – ашық, ақжарқынмын.

І. Сәлемдесу

Амандасу ретінде «Бумба-Юмба» тайпасы жаттығуы

Жүру барысы: Біз сіздермен барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қолымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңызда отырған адаммен бір-біріңізді мұрындарыңмен үйкелесесіңдер. Белгі беріп, алақандарыңды екі рет соққанда бір-біріне арқаларыңды түйістіріп үйкелесу керек.

Рефлексия:

— Сіздер қандай сезімдесіңдер?

— Қандай әсер алдыңыздар?

Келесі жаттығуымыз: «Үй, адам, адамдар» деп аталады.

Мұғалімдердің көңілін көтеру (слайд тамашалау)

ІV. Сіз мейірімді адамсыз ба?

(психологиялық тест)

Әркім-ақ өзін кеңпейілді, мейірімді адаммын деп есептейді немесе сондай жандардың қатарында болғысы келеді. Кімнің болсын өзі туралы жақсы ойлауға қақысы бар емес пе? Бірақ шын өмірде қандайсыз, міне мәселе осында. Қазір сіздің қаншалықты мейірімді екеніңізді байқап көрелік. Мына сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз:

1. Сіз әжептәуір ақша таптыңыз. Осы ақшаға түгел дос-жаран мен жақын-туысқа сыйлықтар алып беруіңіз мүмкін бе?

2. Бір дос-жаран адам келіп Сізге мұңын шақты. Оның қайғысы жаныңызға батқан жоқ, осыны сіз ымдап байқатар ма едіңіз?

3. Сіз картаны немесе биллиардты керемет ойнайсыз. Ал танысыңыз нашар ойнайды. Ол қуанып қалсын деп Сіз анда-санда ұтыласыз ба?

4. Адамдар қуанып қалсын деп, оларға үнемі әзіл-қалжың, жақсы сөз айтып отырасыз ба?

5. Мысқылдап, кекеткенді жақсы көресіз бе?

6. Сіз кекшілсіз бе?

7. Өзіңіз ұнатпайтыни нәрсені асқан сабырмен тыңдап тұра аласыз ба?

8. Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені ешкімге жалынбай істеп кете бересіз бе?

9. Жеңіліп бара жатқыныңызды сезсеңіз қандай да бір сылтаумен ойынды тоқтатасыз ба?

10. Егер өзіңіздің ісіңіздің ақ екеніне сенсеңіз, оппонентіңіздің сөзін тыңдаудан бас тартасыз ба?

11. Біреулердің өтініштерін бұлжытпай орындайсыз ба?

12. Жиналғандарды көңілдендіру үшін бір адамды құрбандыққа шалып келемеждейсіз бе?

Қорытынды: 1,3,4,7,11 – сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, ал 2,5,6,8,9,10, 12- сұрақтарға «жоқ» деп жауап берсеңіз, әр жауапқа 1 ұпайдан жазыңыз.

8-ден жоғары ұпай жинасаңыз, онда сіз мейірімді жансыз, маңайыңызға ұнайсыз, адамдармен тіл табысып, сөйлесіп кету сізге оңай. Біздің ойымызша, сіздің досыңыз көп. Бір нәрседен ғана сақтаңыз: ешқашанжұрттың бәріне ұнаймын деп жалбақтай бермеңіз. Адамның бәріне жағу мүмкін емес.

4-8 арасында болсаңыз, онда сіздің көңіліңіз істің сәтіне, жағдайдың ретіне қарай кеңейіп, тарылып отырады. Сізді елдің бәріне бірдей жайылып жастық, көсіліп көрпе болады деу қиын. Кейбір жанмен арқа-жарқа араласа кетесіз. Кейбіреумен 2 минут сөйлесудің өзі мұң болады. «Бірде көл, бірде шөл» деген осы. Бірақ бұл сонша қайғыратын іс емес. Тек, адамдарды алаламау үшін бәріне бірдей қарауға тырысыңыз.

Сіз 4 ұпайдан төмен жинасаңыз, кешірерсіз, сізбен араласу ең жақын туыстардың өзіне де қиын соғады. Мейірімді болыңыз. «Кең болсаң, кем болмайсың» дейді. Дос сонда ғана көбейеді. Өйткені достыққа ең қажетті дүние — мейірім.

Жаттығу «Өзіңді білгің келсе…»

Психологиялық тест. Қандай ағашты таңдайсыз? (Сіз қандай екенсіз?)

Мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның нөмеріне қараңыз.

(Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз.)

1.  Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңіз табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2.  Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды.Сізге үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.

3.  Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз.Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4.  Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да жоқ. Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5.  Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6.  Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7.  Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өсмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8.  Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жайын анықтағанша байыз тапппайсыз.

9.  Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

10.    «Оркестр» жаттығуы

Рахмет, ұстаздар! Енді бәріміз қарама-қарсы тұрып екіге бөлініп бір-бірімізге қарап тұрайық. Екі бағананың ортасынан қазір әрқайсымыз шығып жүре отырып, өздерінді қошемет сөзбен айтып шығасыздар: Мысалы: «Мен бақыттымын!», «Мен әдемімін!» «Мен керемет ұстазбын!», «Мен асыл жармын!» деген сияқты. Соңына келгенде «Мен ғажайыппын!» сөзімен аяқтауларыңыз керек. Ал, сіздер әріптестеріміздің әрбір мақтау сөзіне қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетіңіздер!

Leave A Reply