Республикалық ғылыми-практикалық психологиялық журналының ресми сайты

1 536 қаралым

Бір күндік белсенділік (флеш-моб)

0

Қарабалина Дина Махметқызы
«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының психологы Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы
Құрметті ата-аналар! Бүгін жаңа технологиялық әдістің бір түрі «бір күндік белсенділікке (флеш-моб)» қош келдіңіздер! Күнделікті өмірде барлығымызда көңілді көңіл-күйде жүреміз, сондықтан бүгінгі күнімізді сіздер мен біздер арқылы «бір күндік көңіл-күйге» арнап отырмын. Қазір сіздер түрлі-түсті смайлдың суреттерін өз топтарыңыздың түстеріне қарай алып, үстелге отырасыздар. Әрбір топтағы бір суретте сыйлық бар, сол сыйлық кімге бұйырса сол сыйлыққа ие болады. Қазір барлығыңызды дөңгеленіп тұрып, тренингке қатысуларыңызды сұраймын.

Тақырыбы: «Пойыз» жаттығуы
Мақсаты: Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру, шапшаңдыққа, жаттығуды бірдей жасауға дағдыландыру
Жаттығудың жүрісі: Топпен шеңбер бойына тұрып,қатар бойынша әр адам бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы сандар бойынша өз реттік қатарын білуі керек. Біріншілер – екі қолмен кезекпен кезек қол шатыр жасау, екіншілер – стақан жасау-алақанды жайып, жұдырықты түю, үшіншілер – қолды сыртылдату, төртінші – алақанмен шапалақтау, бесінші-саусақты кезекпен бір-біріне тигізу, алтыншы – бір қолды жұмып –бір қолды ашу, енді жаттығуды болғасын барлығымыз шеңбер бойынша поезд болып жүріп, пойыз доңғалақтарының шуылын саламыз. Ата-аналар! Жаттығуды бірінші барлығымыз бірдей жасап көрелік, содан кейін әрбір реттік сан бойынша жаттығуды саусақтарымызбен жасауымыз керек. Кәне, 1 саны – қол шатыр жасаймыз, 2 саны – стақан жасаймыз, 3 саны – қолды сыртылдату, 4 саны – алақанмен қол шапалақтау, 5 саны –саусақты саусаққа тигізіп 5-ке дейін санау, 6 саны – бір қолдың алақанын ашу, біреуімен жұдырық түйеміз. Көп-көп рақмет, енді барлығымыз бір-бірімізден ұстап пойыз болып жүреміз, мен паровоз боламын, ал сіздер вагонсыздар. Барлығымыз пойыздың жүріп келе жатқан доңғалақтарының дыбысын саламыз. Тренингке ұйымшылдықпен қатынасқандарыңызға көп-көп рақмет айтып, бүгінгі «бір күндік белсенділікке» қатынасқандарыңызға өз ризашылығымды білдіремін.

Karabalina D2.

Karabalina D3.

Фото: Қарабалина Д.

Leave A Reply